Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір орында және қозғалыста допты беру, алып жүру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға баскетбол ойынының ережелерімен таныстыру. Баскетбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру. Ойын баланың шапшаңдығын көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Туралиева


Сабақтың тақырыбы: Бір орында және қозғалыста допты беру, алып жүру.

Мектеп: «Құрық орта мектеп – гимназиясы» КММ


Күні: 08.11.2018


Мұғалімнің аты-жөні: Берікбаева. Ә

Сыныбы:5

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:


Допты беру және қабылдап алуды үйрету

-допты алып жүруді жетілдіру;

-шапшаңдық пен жылдамдықты дамыту.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Допты алып жүгіре алады. Бір орында және қозғалыста допты беру, алып жүрудің әдіс-тәсілдерін үйренеді.

Оқушылар көпшілігі орындай алады: Бір орында және қозғалыста допты беру, алып жүрудің тәсілдерін ережелеріне сай орындай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Допты алып жүгіру тәсілдерін түсінеді.

Тілдік мақсат:

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Түсіндірілім

Оқушылар орындай алады: Бір орында және қозғалыста допты алып жүгіре алады және допты беру және қабылдау ережелерін бір-біріне түсіндіре алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Баскетбол добының көлемі қандай?

2. Баскетбол ойынын ойнау кезінде қандай ережелерді ескеру керек?

3. Баскетбол ойынында командада қанша ойыншы болу керек?

Не себепті деп ойлайсыз?

Бекітілген ережелермен үйрету.

Ишара: Ысқырғышты көрсету, ысқырғышпен ысқырғанда – ойынды баста деген белгі беріледі.

Алдыңғы оқу:

Жалпы дамыту жаттығуларына арналған сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сапқа тұрғызу. Қатар түзету. Кезекшінің баяндамасы, журнал бойынша түгелдеу. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Психологиялық қатынас, оқушылар арасында жағымды ахуал орнату. Техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Саптық жаттығу: Түзел, тік тұр, оңға, солға, кері бұрылу. Оңға бұрылып саптық лекпен жүру. Қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру. Қол белде, өкшемен жүру. Қол белде, табанның ішкі, сыртқы қырымен жүру. Қолды алға созып, жартылай отырып жүру. Жүгіру кезіндегі ережелерін ескерту. Спорттық жүріс, біртіндей баяу жүгіруге өту. Белгі ишара бойынша 20-25 метрге екпіндей жүгіру. 10-15 метрге дейін аяқты артқа серпе жүгіру. 10-15 метрге дейін тізені жоғары төмен көтеріп аяқ ұшында жүгіру, 2-3 реттен қайталау. Аяқты артқа лақтыру.Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру. Оң жағы мен жүгіру. Сол жағы мен жүгіру. Сол, оң, аяқпен биікке секіріп алға қозғалу. Теріс қарап жүгіру. Жылдам жүгіру. Тыныс алу жаттығулары. Шаттық шеңберін құру:

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

-бас пен мойынға арналған жаттығулар

-қол мен иыққа арналған жаттығулар

-бел мен бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

-аяққа арналған жаттығулар

-секіруге арналған жаттығулар.

Тамыр созу жаттығуларын орындау.



Ысқырық





Ортасы

Сыныпты зал шетіне ара қашықытығын ашып орналастыру;

-Белгіленген жерге дейін жүгіріп барып еденге қол тигізіп кері жүгіріп келу;

Shape1





-Shape2 қойылған кедергілер арасымен жүгіріп өтіп,белгі-лен ген жерге дейін барып,қайтарда да сол жолмен дәл солай кедергілер арасымен өтіп келесі оқушыға қол беру;

Shape3





-дәл осы жаттығу,тек артқа қарап жүгіру арқылы орындау;

Shape4





-қойылған кедергілер арасымен допты жерге бір қолмен ұрып отырып,белгі лен ген жерге дейін барып,қайтарда да сол жолмен дәл солай кедергілер арасымен өтіп келесі оқушыға допты кеуде тұсынан беру;

Shape5





-Shape6 қойылған кедергілер арасымен допты жерге ұрып екі қолға ауыстырып алып жүру арқылы белгі ленген жерге дейін барып,қайтарда да сол жолмен дәл солай кедергілер арасымен өтіп келесі оқушыға допты кеуде тұсынан беру;












-жұптасып,қапталмен жүгіріп отырып кеуде тұсынан допты беру және қабылдау;(жаттығу зал шетіне дейін орындалып,қайтарда допты қолына ұстап жүгіріп келу)

Shape7





-дәл осы жаттығу допты жерге ұрып беру және қабылдау;

Shape8






-допты кеуде тұсынан беру және қабылдау жаттығуын үш оқушы болып орындау(жаттығу залдың белгіленген жерінен дейін орындалады);

Shape10







-Shape11 допты кеуде тұсынан жерге ұрып беру және қабыл-дап алу жаттығуын үш оқушы болып орындау (жаттығу залдың белгіленген жерінен дейін орында-лады);








-екі топ бір-бірінің артына ара қашықтықты сақтай тұрып ,бірінші тұрған оқушы допты жоғары ұстап тұрып белгі берілген уақытта,допты артқа қарай беріп,соңғы оқушы екі аяғының астымен алдыңғы оқушыға беріп,жаттығу сол жақ қапталмен артқа беру арқылы жалғасып, оң жақ қапталмен арттан алға беріп,доп жаттығуды бастаған оқушының қолына тигенде аяқтау.

Shape12





























Ысқырық








































Соңы

«Кім шапшаң?». Екі команда да шеңбер болып тұрады. Белгі берісімен түгел топ «молдас» құрып отырулары керек. Соңына қалып қойған ойыншылар «айып» ретінде екбетімен жатып,шынтағын бүгіп-жазады. (10рет) Қай топтан «айыпкерлер» саны көп болса, сол команданың ұтылғаны.

Қорытынды бөлім


Сапқа тұрғызу.

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.


Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


Талантты дарынды оқушыларға қосымша тапсырмалар беру. Уақытпен жүгіру т.с.с.

Смайликтер, стикерлер, бас бармақ арқылы бағалау себебі топтық эстафеталық жарыста біреуі өте жақсы дәрежеде жүгірсе екіншісі жылдамдығы төмендеу дәрежеде т.с.с.

П.А.Б. Биология, Геометрия, Физика. Жауапкершілікке, төзімділікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске астыма? (Тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Өз сабағымда мақсатыма жеттім. Бүгінгі сабақта оқушылар эстафеталық жүгіру тәсілін үйренді. Топтық жарыс деңгейінде болғандықтан оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ өз деңгейінде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты, оқушыларға эстафетаға жүгіру ережесін түсіндіріп және көрсетіп бердім. Әр жаттығуды бірінші бір орында баяу жүрісте және баяу жүгірісте жаттықтырып алғаным тиімді болды. Тапсырмалар сәйкес болды. Уақытты өз деңгейінде пайдаландым.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. Оқытуда мен тек бағыттаушы болдым.

2. Оқушылар өздерінің деңгейлік дәрежесін біле тұра, іс-әрекеттерін өзінше асыруға ұмтылуға тырысты.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. Алдын ала тақырып бойынша әлеуметтік желідегі мәліметтермен танысуды ұсыну.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
964
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12