Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір қыз тәрбиелегенің – тұтас бір ұлтты тәрбиелегенің

Материал туралы қысқаша түсінік
Күні кеше Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасы көрініс тапқан «Ұлттық құндылыққа бағдар: «тәрбие үдерісіндегі инновация, ұлттық қолөнер – тәрбие негізі» тақырыбында Білім инновация лицейінде өткен жақын шет елдердің өкілдері де қатысқан республикалық ауқымды семинардың басты мақсаты халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, жаңғырту, өскелең ұрпақты ұлттық педагогика негізінде ұлттық қолөнерге, ою ойып, құрақ құрауға, еңбекке, шыдамды, ұстамды, жауапты болуға, ұлттық мұра – ел қазынасын қастерлей білуге арналған іс-шараның бір бөлігі «Асыл әжелер» клуб жұмысымен танысуға арналды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бір қыз тәрбиелегенің – тұтас бір ұлтты тәрбиелегенің


Күні кеше Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасы көрініс тапқан «Ұлттық құндылыққа бағдар: «тәрбие үдерісіндегі инновация, ұлттық қолөнер – тәрбие негізі» тақырыбында Білім инновация лицейінде өткен жақын шет елдердің өкілдері де қатысқан республикалық ауқымды семинардың басты мақсаты халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, жаңғырту, өскелең ұрпақты ұлттық педагогика негізінде ұлттық қолөнерге, ою ойып, құрақ құрауға, еңбекке, шыдамды, ұстамды, жауапты болуға, ұлттық мұра – ел қазынасын қастерлей білуге арналған іс-шараның бір бөлігі «Асыл әжелер» клуб жұмысымен танысуға арналды. Клуб мүшелері, ардагер ұстаздар, сондай-ақ лицейдегі көптеген сайыстардың жүлдегер әжелері – Қазыбекова Тазагүл, Шахаризада, мен, Насибекова Гулсара және №227 Т.Рысқұлов атындағы мектептің көрнекі еңбек пәні оқытушысы Жүндібаева Шара. Біз 10 – сынып қыздарымен түрлі оюлар қырқып, шаблондар құрастырып, олармен мата қиындыларынан құрақтар қиып, құрап, сыру жұмыс тәжірибемізді ортаға салдық. Сабақты жүргізген Шара қонақтарға да тапсырмалар беріп, ою ойғызды, бұрышына тілек қолтаңбаларын қалдыруды өтінді және сынық мүйіз, қошқар мүйіз, сегіз жапырақ, т.т.с. ұлттық оюлардың мазмұнынан тың мол мағлұматтар берді. Сабақ соңында қыздар мен әжелер құраған құрақтарды қонақтарға сыйға тарту етіп, Шараның таңдай қақтырар «қалдықсыз жұмыс» көрмесімен танысып, суретке түсіріп, бастарын шайқады, сабақтан алған эмоцияларын ашық айтты, солтүстіктен келгендер келінді тек Қызылордандан алатындарын да жасырмады.

Қыз бала тәрбиесі қашанда жауапты да күрделі, әрі күрмеуі көп мәселе. Соңғы уақытта европаға еліктеу етек алып, санамызға сызат түсіріп жүргені белгілі шындық. Осындай бейуақта өткен семинар аз да болса жастардың санасына сілку, ой түсірері анық қой. Халқымыздың бір қыз тәрбиелегенін тұтас бір ұлтты тәрбиелегенің деген қағидасына берік осы оқу орнының педагогикалық ұжымына, Райхан апайға айтар алғысымыз шексіз.






Жалпы білім беретін кешкі мектептің

химия пәні мұғалімі

Сакиева Р.А.

«Ұлағат» колледжінің оқытушысы

Оспанова Р.М.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12