Материалдар / Бір тал кессең, он тал ек
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бір тал кессең, он тал ек

Материал туралы қысқаша түсінік
табиғат сәні- ағаш екенін ұрпаққа жеткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
774
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бір тал кессең, он тал ек.

Тәрбие сағатының мақсаты: Айналадағы бізді қоршаған табиғатты сүйіп, аялап, адамдардың тіршілігі, өмірі табиғатпен тікелей байланысты екенін жас ұрпаққа түсіндіру.

Тәрбие сағатының міндеті:

1. Оқушыларды табиғатты қорғай білуге үйрету.

2. Оқушылардың  бойына мейірімділік пен жанашырлықты қалыптастыру.

3. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.

Тәрбие сағатының құрал-жабдықтары: Көрнекілік құралдар, суреттер, слайд, сыныптағы оқушыларға арналған тапсырмалар, сөзжұмбақ, бейнеролик.

Тәрбие сағатының түрі: дәстүрлі емес

Тәрбие сағатының әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой-қозғау, өз бетінше жұмыс, әңгімелеу,  баяндау, жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Тәрбие сағатының технология: Дамыта оқыту технологиясының  элементтерін пайдалану.

Тәрбие сағатының пәнаралық  байланыс: Қазақ тілі, экология, дүниетану, география.

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Негізгі кезең.

ІІІ.Қорытынды.

  І . Ұйымдастыру кезеңі. Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп аталады. Тәрбие сағатын өткізу барысында оқушылар табиғатты қорғап, аялап ұстауға үйренеді.

ІІ. Негізгі кезең. 1. «Мен» атты тренинг өткізіледі.

- Көзімізді жұмамыз, демімізді ішке тартып терең тыныс аламыз. (баяу музыка ойналады). Мына сөздерді менен кейін қайталандар.

- Мен бақыттымын

- Менің қолымнан бәрі келеді

- Мен ақылдымын

- Мен өзіме сенімдімін

- Мен шыдамдымын

- Мен мейірімдімін

- Менің қолымнан бәрі келеді

- Мен бақыттымын

- Жақсы ал енді, демімізді ішке тартып қайта терең тыныс аламыз, көзімізді ашамыз.

Қайран далам. Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Алаңсыз ата – бабам сайраңдаған,
Көсіліп жатырсын –ау, қайран далам.
Толассыз қапылыстың, жарылыстың
Уытын өн бойына жайған далам.
Аң – құсың безіп кетті пана таппай,
Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Жазылмайтын мәңгіге жарақаттай,
Армансыз ата – бабам сайраңдаған,
Қоңырсып жатырсын – ау, қайран далам.
Өрт шалып өзегіңді тұрған кезде,
Тыныштық бола қойсын, қайдан маған?

2. Міне балалар, қорытындылай келе табиғатқа жақсы ниеттеріңді көрсеткен сайын ол көркейе түсетінін көрдіңдер!Енді балалар, назарларыңызды келесі бейнероликке аударыңыздар.  «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» атты бейнеролик көрсетіледі, содан кейін төмендегі сұрақтар қойылады.

- Қазақстанда қандай таулар бар?

- Қандай көлдер мен теңіздер бар?

- Ақмола облысында қанша өзен бар?

- Қандай қорықтар бар?

- Қорық не үшін керек?

 Оқушылармен «Мен табиғат қорғаны» сергіту сәті өткізіледі. Әр оқушыға түрлі түсті жапырақшалар таратылады. Сол жапырақтарға табиғатты қорғау жайлы өз тілектерін жазып,  тақтада ілінген  ағаштың көркеюіне, жапырақ жаюына үлестерін қосады.

3.  «Табиғатты аялайық!»деген тақырапта сурет салынады. Әр оқушы өз ойын суретке түсіреді.

4. Енді «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» дегендей тақтада көрсетілген мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

 - Балалар мақал-мәтелдер сайысынан жүйрік екендеріңді дәлелдедіңдер, енді жұмбақтан сынап көрейік!

Құрғак жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың.
/тұз/

Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
/күн/
Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
/глобус/

Айт” десе,  жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес.
/шөп/

Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң – жаның рахат табады .
/ағаш/

Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
/карта/

Үлкен – улкен түйені
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
/тау/

Әдемі түнде мен жүрсем жүреді бірге.
/ай/.

5. «Түймедақ» ойынын ойнап көрейік. Ол үшін мына түрлі түсті қағаздардан «Түймедақ» гүлін құраймыз, бірақ құрау барысында табиғат туралы  өлең жолдарын немесе мақал-мәтелдер айтамыз.

1- оқушы:

Қасиетті сөз береді “Кие” деген,
Киеліге жоламас күйе деген
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген
Көкті жұлса, болады обал деген,
Ата – анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып басына, “Жоғал” деген.

2 – оқушы:

Ұя бұзба! Балапанға тиме” деп,
Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек
“Жас шыбықты сындырма” деп ұрсатын,
Шыққанымда “тұлпарымды” сүйрелеп,
“Ұя бұзба! Бұзба” деймін балама
Өсиетің қандай ғажап, жан ана!

3- оқушы:

Жаның сая табатын
Орман болған бұл - ағаш,
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл – ағаш,
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл – ағаш,
Қасиетті көп елге
Қуат болған бұл – ағаш.

4-оқушы:

Киінген келіншектей оқалы орман
Секілді жанға сая, малға қорған
Бабамыз бауырында малын бағып
Үй салып, құрық алып, уық жонған.
Осында табиғаттың бар ақылы
Көркейген келбетінен дала сыны.
Ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,
Секілді көзіміздің қарашығы.

 

7. «Бір тал кессең, он тал ек» тренингі өткізіледі. Құстардың әні ойнатылады. Балалар гүл отырғызады.

 

ІІІ. Қорытынды.–Балалар сендер неге Төле бидің «Қарлығаш әулие» атанғанын білесіндер ме? Төле би туралы аңыз айтылады.

Жалбарынар жайым жоқ жан алдында.
Балапандар бар қанша қарауымда.
Сол жетімдер ұшуға жарағанша,
Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда.
“Қарлығаш би” атандым сол ұшін де,
Осылармен бір менің өресім де,
Батыр болсаң, жайратып жүре бер, сен,
Жалғыз шалды кездескен жол үстінде.

- Жарайсыңдар балалар, гүл отырғызу арқылы табиғатты аялап, қорғайтындарыңды дәлелдедіңдер! Белсене қатысып отырған оқушыларға жеміс-жидектерден ұсынылады



Назигул Ескендирова ШҚО Семей қаласы «№49 ЖОББМ»КММ қазақ тілі пәні мұғалімі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!