Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біріккен сөздердің жазылу емлесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі: 4-сынып

Сабақтың тақырыбы.: Біріккен сөздердің жазылу емлесі.

Білімділік: Біріккен сөздердің жазылу емлесін меңгерту,түрлерін таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту,ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөздік қорын молайту,ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа,сауаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Түрі: Аралас сабақ

әдісі: Түсіндіру,көрнекілік,сұрақ-жауап,топтастыру.

пәнаралық байланыс:дүниетану,ана тілі,математика.

Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

-Көңіл күйлерің қалай?

-Керемет! (қолдарын көтереді)

- Сабаққа дайындықтарың қалай?

- Тамаша (алақандарын соғады)

- Ынталарың ше?

- Ғажап! (қолдарын көтереді)

- Ендеше бастайық!

О-о-о- ( Бас бармақтарын көрсетеді)

Бүгінгі күн бізге.

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын.

II.«Миға шабуыл» стратегиясы.

Shape1

Күрделі сөз


Shape5 Shape2 Shape3 Shape4




Біріккен сөздер Қос сөздер Қысқарған сөздер Сөз тіркестері

1.тасбақа. 1. Әке-шеше 1.медколледж 1.Асық-жілік, көк ала.



Ережелерді қайталау: /Біріккен сөздердің жасалу жолдары/

  • Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп аталады.

  • Екі түбірден құралғанымен,бір ғана мағынаны білдіреді.

  • Бір ғана сұраққа жауап береді.

  • Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады:


ІII.Қызығушылықты ояту.

Ертегі «Айна мен Гүл»

Мұғалім: Ертеде Айна өмір сүріпті.Бірақ оның өмірі көңілсіз,әрі жалғызсырап жүріпті.Өмірден қатты түңіліп келе жатса,оның алдынан жайқалған әдемі гүл шығады. -Айна,айна,сен неге сонша көңілсізсің?-деді гүл.

Сонда айна:Жалғыздықтан жалықтым,өзіме лайық дос іздеп келемін-деді.

-Мені елдің бәрі көркем,әдемі дейді.Бірақ өзімнің әдемілігімді ешқашан көрген емеспін,көргім келеді,менімен дос болшы!-деді гүл.

-Алақай,алақай,мен өзіме лайық дос таптым-деді айна қуанып. Содан бері Айна мен Гүл дос болыпты.Қазақта Айнагүл есімді қыз баланың атын қоя бастапты.

Мысалы

IV.«Сыңарын тап» ойын.

Айнагүл, егеуқұйрық, Алмагүл, Айгүл, Нұргүл, Ботагөз, Ақмарал, Алакөл, Сасықгүл, тасбақа, Сарыарқа,аққу,балмұздақ,Көкшетау, .Досжан,

(Сендерге таныс емес сөз кездесті ме?)

Бота+гөз, Аман+гелді, Ай+ғыз, Ырыс+келді Қазан+ғап, Әбіл+қайыр, Нұр+ғиса,

Ереже: Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы дауысты,ұяң,үнді дыбыстардың біріне бітіп,кейінгі түбірдің басындағы қ,к дыбыстары ұяң болып айтылса,олардың орнына ғ,г әріптері жазылады,ал қатаң болып айтылса,қ,к әріптері жазылады: (ережені тақтаға ілу)

V.Суретпен жұмыс.

Бұл сөздердің біріккен сөз екенін кестені пайдаланып дәлелде.

1.Бірінші түбір сөз

Түс.

Екінші түбір сөз

Құс.

Екеуін қосып оқысаң,

Ол да құс. (Қара+торғай)

2.Бірінші түбір сөз

Үй жануары деп біл,мұны.

Екінші түбір сөз

Сезім мүшесінің бірі.

Екеуінқосып оқысаң

Пайдалы өсімдік түрі. (ит+мұрын)

VI. Өзіндік жұмыс: /дәптермен жұмыс:/ 22-жаттығу.

Есенгелді, Нұрғиса, Досжан, Жанпейіс. Жұмәділ, Әбдахмет.

VI. Кітаппен жұмыс: 23-жаттығу. /өтірік өлеңді жатқа жазу/

Сужыланға емделген

Тасбақаны қарсы алдым.

Сексеуілмен жемделген

Таскенеге ер салдым.


VIII. « Өз орныңды тап» ойын


Оң + дария

Қызыл + ғұрт

Түлкі + тау

Сыр + түстік

Қара + бас

Қазы + құм


Қорытынды: «Біріккен сөздер қандай атауларда кездеседі екен?»

Shape6

Біріккен сөздер





  1. Адам аттары: Ботагөз, Ырыскелді, Досжан,

  2. Жер су аттары : Сарыарқа, Сарыағаш, Жезқазған,Алакөл.

  3. Аң ,құс аттары: аққу,қосаяқ,тасбақа,жолбарыс,көкқұтан,

  4. Өсімдік аттары: бәйшешек, бәйтерек.

  5. Ойын аттары. Алтыбақан,ақсүйек,доптаяқ, орынсатпақ.

  6. Дене мүшелері: асқазан, ұлтабар,сегізкөз,тоқішек,мойыномыртқа,


Үйге: 26-жаттығу.

Бағалау:





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
781
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12