жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біржан мен Сара айтысы
Күні: Пәні: әдебиет Сыныбы: 9 Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақтың
тақырыбы: "Біржан мен Сара
айтысы"
Сабақтың
мақсаты: білімдік - айтыс туралы ойларын
тереңдету, "Біржан мен Сара" айтысын сын тұрғысынан бағалай білуге
үйрету, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру,
айтыстағы бейнелі сөздерге көңілдерін аудару, білімдерін
кеңейту;
дамытушылық - оқушылардың "Біржан
мен Сара" айтысы туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке
ұштастыру, жинақтау, асыл сөз айшықтары арқылы ойлау қабілетін, тіл
байлығын молайту;
тәрбиелік - сөз өнерінің биік шыңы
айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, өнер алды қызыл тіліміз
арқылы шешендікке, ізеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: білімді жинақтау,
қорытындылау.
Сабақтың
әдісі: оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ой
шақыру.
1. Айтыстың қандай түрлері бар?
2. Ақындар айтысының өзіне тән ерекшеліктері.
3. Айтыстың адам тәрбиелеудегі рөлі.
4. Біржан мен Сара туралы не білесіңдер?
5. Біржан мен Сара айтысының негізгі өзегі.
6. Айтыстағы Біржан мен Сара сипаттары.
7. Айтыстың көркемдік ерекшелігі.
Топтастыру.
әнші
сал
сазгер
ақын Біржан
замана
бұлбұл
үздік айтыскер
талант иесі
ақын
ақын
шешен
айтыскер ақын
әнші
Сара сұлу
үздік
замана
талант
иесі
бұлбұлы
феодалдық
заман құрбаны
қыз бен жігіт ақындар
салт айтыс
бәдік
АЙТЫС
жұмбақ
айтыс
жар-жар
өлі мен
тірінің
жануарлар
мен адамның айтысы
|
|
Қырандай аспандағы желді күнгі |
қырандай |
сөзге шешен, тапқырлығы, өнері биік екендігі |
|
Сара өзі |
Болғанда аузым сағат, ернім қақпақ |
аузым сағат- |
Сұлу келбеті, |
|
Сара Біржан |
Ежелден сен белгілі желді көрік |
желді көрік |
өнері мен сымбаты |
|
Біржан Сара туралы |
Тас түлек тұрымтайдай екі көзің |
тұрымтайдай |
шешендігі, |
Түсініктеме
күнделігі.
"Біржан мен Сара" айтысы бойынша сөздік
жұмысы.
1. Көрік - зат есім. Екі жағы қатарланып көлбей созылған, көмірді
жандыру үшін жел үрлеп тұратын аспап. Көрік - сөздің екінші
мағынасы бет-әлпетінің ажары, жүздің нұры, зат
есім.
2. Жамбы - зат есім. Әр түрлі формада жасалатын күміс.
3. Тұл - жетім жесір, бақытсыз, жалғыз
қалу.
4. Делбе - арбаға жегілген малды бұрып жүргізіп
отыратын
қайыстан, жіппен істелген бау, бас
жіп.
5. Дүлдүл. 1. Ерекше жүйрік жылқы, айтулы тұлпар
ат.
2. Ділмар, шешен, үздік.
6. Зауал. 1.
Түс кезі, түс мезгілі
2. Күн батар кез, кешкілік,
ымырт,іңір.
3. Зауал шақ - егде тартқан, қартайған кез.
7. Кісәпір.
1. Қалтаға түсетін ұры.
2. Арам ниетті қу, сұм, залым.
8. Аузын айға білеу. 1.
Қаһар, айбат, батыл қайрат көрсету.
2. Тісін қайрау,
кектену.
9. Асылдың сынығы,
Шұғаның қиығы.
Жақсы адамның ұрпағы.
10. Делбесі қозды - арқасы қозды, желікті,
шабыттанды.
11. Тақиясына тар келмеу - менсінбеу, азырқанып отырған, менсінбей
отырған адамға айтылады.
12. Іші ит жыртқандай - іші удай ашу, әлем-жәлем болу, күйініш,
өкініш аралас сезім.
13. Ел аузындағы адам- мақтаулы, жұрт қалаған кісі, атақ-даңқы
жұртқа тараған кісі.
14. Мәшһүр - атақты, белгілі, әйгілі.
Ой толғаныс.
1. Венн
диаграммасы.
2. Біржан мен Сара айтысы және осы күнгі
айтыстар.
|
Біржан мен Сара айтысы 1.
Әйел бостандығы, феодалдық салтқа қарсы шықты. |
Ұқсас 1.
Көркемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері. |
Осы күнгі айтыстар |
Сэнкуэй. Бес жолдан тұратын
қорытынды.
1. Зат есім. айтыс.
2. Сын есім. Зат есім. Киелі өнер.
3. Етістік. Толғанады, тебіренеді,
айтысады.
4. Сезіну. Айтыс - ұлттық киелі өнер.
5. Синоним. Ақындар айтысы - ұлттық өнер
падишасы.
1. Зат есім. Біржан.
2. Сын есім. Асқақ, үздік,
талантты.
3. Етістік. Айтысады, қанаттанады, жеңеді.
4. Сезіну. Біржан - жүрегімен тебіренген айтыс ақыны.
5. Синоним. Бұлбұл, жезтаңдай ақын, сал-сері, күміс
көмей.
ІУ. Сабақты
қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма. "Айтыс - киелі өнер" тақырыбына
шығарма.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген