Материалдар / Біржан мен Сара айтысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біржан мен Сара айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біржан мен Сара айтысы сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
452
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Біржан мен Сара айтысы

Сабақтың мақсаты: Айтыс туралы түсініктерін молайта түсу

Біржан мен Сара өмірінен, айтыс тарихынан мәлімет беру. Көркемдік ерекшелігін ашу. Адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бейне суреттер “Біржан сал” кинофильмнен үзінді. Венн диаграммасы.

Әдебиет теориясы: Метафора, ирония, сарказм.

Сабақ барысы

I ұйымдастыру кезеңі

II үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ кою арқылы.

  1. Айтыс дегеніміз не?

  2. Айтыстың қандай түрлері бар?

  3. Ақындар айтысының ерекшелігі неде?



Жаңа сабақ

Біржан мен Сара айтысы. Бейнефильм “Біржан сал” үзіндісін көру

Міне, өздерін көргендей еліне сыйлы, қадірлі Біржанды қашан да елі күтіп, қонақ ете білген. Ол жастайынан алмас қылыштай жарқылдап өсті. Біржанның бір бойында әншілік, айтыскерлік, ақындық өнері мен сал-серілік қасиеті оның атақ-данқын шығарды. Сал Біржан, әнші Біржанды көруге асық болған халқы “Біржан көрші ауылға келіпті” дегенді естігенде – ақ тайлы-тұяғы қалмай сол ауылға барып, Біржан әнін өзінің аузынан естуге құмартқан. Жетісу өңірінде Сара атты әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын ақын Біржан естиді. Сара Тастанбекқызы Әкесі ерте қайтыс болып, жастайынан жоқшылықтың тауқыметін тартады. Сауықшыл, домбырашы, күйші, әнші, ақындар қауымы ортасында өседі. Атақты Мөлкебай қобызшы, Түбек ақындар сол өңірден шыққан. 13 жасынан домбыра алып, әнші қыз шаршы топқа түседі. Сара жайында естіген Біржан қасына бір топ жолдастарын ертіп, Сараның еліне келеді. Бұлар бірін-бірі көрмесе де, сырттай танысып, көрісуді арман етіп журеді. Сараның қажы аулына кеткендігін естіп, оны іздеп шығады. Біржан келіп: “Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері” деп хабар салады, жұрт жиналып қалады. Осылайша екі ақынның айтысы басталып кетеді. Біржан мен Сара айтысынан үзінді тындаймыз. Біржан – Мейрамбек (оқушы) Сара – Жанерке ( оқушы) Айтысты тыңдап болғаннан кейін, сұрақ қою арқылы талдаймыз.

  1. Біржан мен Сара айтсында қандай әлеуметтік мәселе көтеріліп отыр?

  2. Айтыста екі ақынның адамгершілік сипаттары қалай көрінеді?

  3. Біржан өзін қалай сипаттап тұр?

  4. Сараның өз бейнесін сипаттаған ақындық шеберлігі?

  5. Жиенқұл айтыста қалай бейнеленген?

  6. Біржанның мақсаты Сараны кемсіту ме еді?

  7. Заманның қандай шындығы көрініп тұр?

Көркемдік ерекшелігін ашу

Бұл айтыстын сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, қазақ поэзиясының төрінен орын алады.

Дәптермен жұмыс

Эпитеттік метафора

Ақиық, мұзбалықпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес,-

Ирония, сарказмды табу

Сөйлемнің сыртқы құрылысы көркем, асыра мақтау, ал іші Жиенқұлдың шын суреті Сарказм – ашық суреттеу

Мысалы: Қонжиып мінер Құла жорға барса Келе алмасол шірігің қорғаласа

Бейне суреттер тамашалау

М. Томбаевтың “Біржан - Сара” операсынан Біржан рөлінде – С. Қожамқұлов Сара рөлінде – К. Байсейтова Сабақты қорыту































Венн диаграмма

Біржан Сара

Shape1



Біржан - Сара” айтысының негізгі түйіндісі – әйелдің бас бостандығы.

Көркемділігі жағынан айтыс үлгілерінің ішіндегі ең таңдаулысы.

Бағалау

Келесі тақырыпты айтып өту

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!