400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біржан сал

Материал туралы қысқаша түсінік
1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Сынып:

14,12,2017ж

Сабақ тақырыбы:

М.Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» романынан үзінді)

Жалпы мақсат:

Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Мұхтар Әуезовтің

өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. Сонымен қатар

А.Құнанбаев пен Біржан салдың да өмірінен қысқаша мәлімет беру.

«Біржан сал Абай ауылында» әңгімесін оқыта отырып, түсіндіру, талдау жасату

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 6-сыныпқа арналған оқулығы

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға

жетелеу. Белсенді жұмыс істеуге машықтандыру. Оқушылардың

ұшқыр қиялын туғыза отырып, өз ойын дәлелді, нақты жеткізе

білуге, оны қорғай білуге жетелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев, Біржан салдың портреттері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, қосымша материалдар, ақын өмірінен хабарлама, жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет оқулығы

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Біржан сал» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайдыОртаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1) Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығыбойынша сұрау

2) «Домбыра-қазақтың ұлттық аспабы» атты эссені жинапалу

3) Өлеңдерінің мазмұнын сұрау

Талдау,жинақтау,қорыту.


ІІІ. Жаңа тақырып

Мұхтар Әуезов

( 1897 – 1961 )

1897ж 28 қыркүйекте Семей облысы Абай ауданында туған

Әкесі Омархан, атасы Әуез

1Picture 31 1 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады.

1919 ж Семейдің мұғалімдер семинариясын бітірген соң, Семей облысында қоғамдық қызметке араласады.

1923 ж Ленинград Мемлекеттік университетінің филология бөліміне оқуға түседі.

Әңгімелері:

«Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек», «Үш күн», «Білекке -білек» т.б.

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау.Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Мұхтар Әуезовтің әдебиеттегі орны туралы мынадай цитат сөздерді слайд түрінде көрсету. ( Оқыту,не түсінгендерін сұрау)

«Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді».

( Н.Погодин)

«М.Әуезовтің құдіретті талантынан туған тамаша шығармалар даланың ақ арай таңындай жайнап, қазақ халқымен қатар, көршілес халықтарды да шүлен шұғыласына бөледі»

(Шыңғыс Айтматов)

«Мұхтар Әуезов – кейіпкердің характер мен портретін жасауға шебер жазушы»

(Айқын Нұрқатов)

Абай Құнанбаевтың өмірі бойынша сұрақтар қою

  • Абайдың шын аты кім?

  • Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  • Әкесі, шешесі, әжесі кім?

  • Абайды кім тәрбиелеген?

  • Абай қандай оқу орындарынан білім алған?

  • Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

  • Абайдың шәкірт інісі кім?

V.Қорытындылау

Picture 34

Қожағұлұлы Біржан 1834 ж. СҚО Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында туған

белгілі әнші, композитор, халық ақыны

домбырада шебер ойнаған

бізге 60-қа жуық әндері жеткен. Оның ішінде: «Біржан - сал», «Алтын балдақ», «Ақтентек», «Жаймашуақ», «Бурылтай» т.б.

айтыскер ақын. Оның дәлелі Сара Тастанбекқызымен айтысы

қазақ даласының болыстары Жанбота мен Азнабайды әшкерелеп, халықтың сөзін сөйлеп әнге қосады. («Жанбота», «Адасқақ»)

- Балалар, сендер «өнер» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Сергіту сәті

«Сиқырлы сандықша» ойыны

Ойынның шарты:

Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен әңгіме бойынша құрылған өз сұрақтарын салады. Сұрақтар араластырылады.

Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап оқып неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

«Қос жазба күнделік» әдісі

Қатты әсер еткен үзінді

Бұл жайлы менің пікірім

Сұрақ





VI. Үйге тапсырмасын беру

Әңгімеден Абай мен Біржан салдың портретін тауып, жазып келу

Әңгімені бөлімдерге бөліп ат қою

Әңгіменің композициялық құрылысын жасап келу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
701
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі