400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біржан сал Қожағұлұлы - әлеуметтік өмір жыршысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе Біржан сал туралы кеңінен жазылған. Өнер сүйер жастарға көптеп септігін тигізеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарағанды облысы Теміртау қаласы №2 ЖББОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі: Мухамедияр Айым

Біржан сал Қожағұлұлы – әлеуметтік өмір жыршысы

Біржан сал қазақтың маңдайына біткен, Сарыарқаның төсін әнге бөлеген, жезтаңдай әнші. Ол 1834 жылы Ақмола облысы, Біржан сал ауылында, шаруа отбасында дүниеге келген. Оның әндері тек қазақ халқының мұң – мұқтажын жырлап, әділетсіз байлармен, шонжарларға қарсы тұрып, өткір тілімен, өзекті ойын өлең сөздерімен жеткізе білген.

Жастайынан әнші – ақындардың қасына еріп жүріп, қазақтың халық музыкасын, дәстүрлі әншілік өнерін, шоқтығы биік сыршыл жырларымен биік белстерге көтере білді. Жастық жалынды кездерінде салдық, серілік құрып, Үш жүзді аралап, сайран салып, халықты әнімен сусындатып, өз өнерін қалың жұртшылыққа паш етті. Ұлы ғұлама Абай атамызбен кездесуі Біржанның әншілік, ақындық, композиторлық өнерінің дамуына ерекше пайдасын тигізді. Біржанмен кездесіп, оның әндерін өз құлағымен тыңдаған хакім Абай атамыз:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең - менше сүй» - деп бекер айтпаса керек. Біржанның әншілік өнеріне тәнті болған Абай атамызда өзіндік бағасын берген.

«Әлеуметтік өмір жыршысы» - деп айтпасқа болмас. Өзі өмір кешкен заманында кездескен болыстардың әділетсіздігімен бай, шонжарлардың зорлық – зомбылығына, қазақ халқының тұрмыс – тіршілігіне, әлеуметтік жағдайына, көз алдында болып жатқан әлеуметтік әділетсіздікке, зорлықшыл істеріне, қилы оқиғаларға іштегі ашу – ызасын, жүрегінен шыққан шығармаларын, қару ретінде қолданып, түйдек өлең жолдарымен, кесек сөздерімен өрнектей білді. Қазақ халқының жоқтығын жоқтап, қуанышы мен қайғысын бірге бөлісіп, жұртпен бірге жылап, күйінген, қуанып, шаттана білген. Біржан салдың әрбір шығармаларының астарында халықтың мұңы мен зары бар. Халықпен бірге мұңдасып, қуанышты да бірге бөліскен. Қарапайым қара халыққа көрсеткен бай, болыс, шонжарлардың әділетсіздік, зорлықшыл істерін беттеріне басып, айтып отырған. Сонымен қатар адамгершілік, мейірімділік, ізгілік қасиеттерін жоғары бағалап, адам жанының нәзік сезімдерін, ерекше толқыныстарын, көркем сөздермен, әсем сазды үндерге бөлеп, әсерлі жеткізе білген. Оның әсем сазды үнмен астасқан композиторлық, әншілік орындаушылық шеберлігі жоғарғы дәрежеде болды. Серілігін, әншілік орындаушылық шеберлігін пір тұтқан қазақтың басқа да ақын, композитор, әншілері Біржан салды өздеріне ұстаз тұтты. Оның шығармаларын, әндерін өздерінің шығармалары арқылы дамытып, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Әншінің орындаушылық шеберлігін, суырып салма ақындығын, бояуын жоғалтпай бүгінгі ұрпаққа насихаттады. Біржан салдың суырып салма ақындығының басты дәлелінің бірі – Сарамен айтысы. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісудың бұлбұлы атанған Сарамен айтысы қазақ елінің өнердегі өшпес қазынасы деуге болады. Осы айтыстан кейін Мұқан Төлебаев «Біржан мен Сара» операсын жазды. 1982 жылы Республика жұртшылығы халық композиторының 150 жасқа толуын салтанатты түрде атап өтті. Басқа да әншілер Біржанның әндерін орындап, ел арасына кеңінен таратып, халықтың сүйіп тыңдайтын әндеріне айналдырды. Біржан сал Қожағұлұлы қазақ халқының дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгісі ретінде негізін қалап, қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Қазақ халқының – әлеуметтік өмір жыршысы атанды.



Авторы: Мухамедияр Айым



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі