жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бірлесіп орындалатын жұмыстар
-
Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп орындалатын
жұмыстарға қатысты есептер
Мектеп: №5 орта мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Шошақ Айнагүл
Сынып: 5 « ______»
Қатысқан оқушы саны:
Қатыспаған оқушы саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа);
Сабақтың мақсаты
-
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептердің шығару тәсілін түсінеді;
-
Мәтін есептердің шығару тәілдері талдай отырып сандық өрнек құра алады;
-
Мәтін есептерді шығаруда құрылған сандық өрнектердің мәнін таба алады.
Жетістік критерийлері
-
Мәтін есептер мазмұнын түсінеді
-
Есеп шарты бойынша өрнек құрай алады ;
-
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады;
-
Дұрыс жауабын бере алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар
-
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептердің шығарылуын түсіндіреді;
-
Мәтінді есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;
-
Мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;
-
Практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.
Лексика және терминология:
-
Бөлік
-
Шама
-
Уақыт, өнімділік, жұмыс
-
Баға, саны, құны
Диологқа/жазылымға қажетті тіркестер
Санның бөлшекпен берілген бөлігін табу үшін....керек;
Бөлшекпен берілген бөлігі бойынша санды табу үшін... керек;
Орындалған жұмысты табу үшін...керек;
Жұмыс өнімділігін табу үшін....керек.
Құндылықтарды дамыту
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарын дамыту үшін топтық жұмыста – өзара сыйластық, бірін – бірі құрметтеуге, адамгершілікке, бағалауда – шыншылдыққа, жарқындылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Тапсырмалар барысында физикалық шамалар мен өлшемдер қолданылған.
АКТ қолдану дағдылары
Қолданбалы прогр: Рower Point. Акт-ны қолдану, әртүрлі қолданбалы программалармен және оқу программаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Бастапқы білім
Мәтін есептер , теңдеулер, өрнек құру
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Оқыту ресурстары
Басы
5 минут
Ұйымдастыру сәті
Үй жұмысын тексеру:
Математикалық логикалық есептер беру арқылы «Миға шабуыл»
Торда үш қоян бар еді. Үш бала бір қояннан
алып кеткенде торда әлі бір қоян қалды. Бұл қалай?Сабақтың ортасы
10 минут
Мұғалім белсенді оқытудың «Көрсету және модельдеу» әдісін қолдану арқылы оқушыларға мәтін есептер шығарылу алгоритмдерін видео көрініспен таныстырып, түсініктемелер береді.

Бағалау: Стоп кадр
Bilimland.kz
Слайд
Топпен жұмыс
15 минут
Белсенді оқыту: «Зерделеу және зерттеу»

Бағалау: Бұрыштар тәсілі
Слайд, кесте
Жеке жұмыс
10 минут
Белсенді оқыту: Деңгейлік тапсырма
Саралау «Қарқын» тәсілін қолдану арқылы тапсырмалар беру
1-тапсырма
Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса, 24 минутта, егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды?
Дескриптор: Білім алушы
- есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады;
- жұмыс өнімділігін анықтайды;
- арифметикалық амалдар қолданады;
- жауабын жазады.
2-тапсырма
Екі ауылдан бір-біріне қарама қарсы екі жаяу жүргінші шықты. Бірінші жаяу жүргінші барлық жолды 3 сағ , ал екіншісі 412 сағ жүріп өте алады. Қанша уақыттан кейін олар кездеседі?
Дескриптор: Білім алушы
- жылдамдықтарды анықтау үшін өрнек құрастырады;
- бөлшектерге амалдар қолданады;
- есептің шешімін табады.
үлестірмелер
Сабақтың соңы
5 минут
Сабақты бекіту
Рефлексия: «Бес саусақ»
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады.
Үйге тапсырма: (1. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. 4-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2015)№ , №
-
-
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ барысында тапсырмаларды орындату кезінде оқушылардың білім деңгейлері ескеріліп, кейбір оқушыларға қолдау көрсетіліп,ынталандыру жүзеге асырылады. Оқушылардың қабілеттерін дамыту үшін жеке сараланған тапсырмалар беріледі.
Бағдаршам, бұрыштар тәсілі, дескриптор арқылы бағалауды ұйымдастырамын.
Нұсқаулықпен жүргізіледі.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген