Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №85


Мектеп: Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

Пән: Математика

Пән мұғалімі: Темірғали Зарина Ержанқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.3A Мәтінді есептер

Күні: 15.01.2020 жыл

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа)

Сабақтың мақсаты

Мәтін есептің математикалық моделін құрап және бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері

  • мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);

  • сұраққа байланысты қажетті белгілеулерді қолдана алады;

  • есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрай алады;

  • жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады;

  • дұрыс жауабын бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;

  • мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;

  • практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатыспау себебін анықтау.

ІІІ. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Өтілген материалды қайталау және жүйелеу

Мұғалім оқушыларға «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбы бойынша үлестірмелі парақтар таратып, өтілген материалмен көпір тапсырмалар береді:

  1. ;

  2. ;

  3. ;

  4. ; т.с.с

Сабаққа кіріспе

Оқушыларға «В стране невыученных уроков» мульттоптамасынан үзінді көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға бағыттаушы сұрақтар «Не білуіміз керек?» , «Неге үйренуіміз керек?» беру арқылы тақырыптың мақсатын ашуға көмектеседі.

https://www.youtube.com/watch?v=5lwLeRDcpno

Сабақтың ортасы

Негізгі кезең

Мұғалім оқушыларға мәтін есептер шығарылу алгоритмдерімен таныстырып, түсініктемелер береді:

«Мәтінді есеп деп сөздерден құралған есептерді айтамыз. Мәтінді есептерді шешу үшін алдымен шартын түсініп оқып алу керек. Мәтінді есептерге теңдеу құру үшін есептегі белгісіз шамаларды анықтап алу қажет. Есептегі белгісіз шамаларды латын әріптерімен белгілейміз. Құрылған теңдеуді шешу үшін есептегі амалдарды тізбектей орындау қажет».

Түсіндірме-иллюстрациялық әдіс

Жұмысты бір бүтін деп есептейміз:





Бірлесіп жұмыс жасау мәтін есептеріне мысалдар қарастырып жалпы сыныппен талқылайды, оқушылар алдына мәселе қояды:

  1. Айдана шоколадты 3 минутта, ал Дамир 6 минутта жейді. Олар осы шоколадты бірге неше минутта жеп бітіреді?

  2. Хауыздағы су бір құбырдан 7 сағатта толады, ал екінші құбырдан хауыз 8 сағатта босайды. Екі құбыр ашық болса, бассейін неше сағатта толады?

Оқушыларға есептің шешуінің әртүрлі нұсқаларын көрсетеді. Мұғалім бағыттаушы сұрақтар арқылы осы есепті шешу үшін уақыт, жұмыс, еңбек өнімділігі, яғни минутына қандай бөлікті жейді ұғымдарын жете түсіндіреді.


Бекіту кезеңі

(Жұппен жұмыс/ Work in pairs)

Есеп №1. Ертедегі есеп. Бір қойды арыстан 2 күн, қасқыр 3 күн, ал ит 6 күн жейді. Егер бір қойды арыстан, қасқыр және ит бірлесіп жесе, неше күн жейді?

Жауабы: 1сағат

Есеп №2. Хауыз бірінші және екінші құбырдан аққан сумен 6 сағатта толады. Хауызға су бірінші құбырдан ғана ақса, хауыз 10 сағатта толады. Хауызға су екінші құбырдан ғана ақса, хауыз неше сағатта толады?

Жауабы: 15сағат

Есеп №3. Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса 24 минутта,егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды? 

Жауабы: 1сағат


Сабақтың соңы

Қорытынды кезең

Оқушыларға ағылшын тілінде есеп беріледі:

Jonn and his brother took water with them on a hike. Jonn takes 3 hours to drink 1 pint of water and his brother takes 4 hours to drink 1 pint of water. How many hours will it take for the combined am out drink to be 1 pint?

Кері байланыс


Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді.

Үй жұмысы

Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді?

Жауабы: 6 күн


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Сабақ кезеңінің кез келген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыстар орындалады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Кабинеттің жабдықталуына назар аудару. Топпен немесе жұптық жұмыс орындау барысында топпен жұмыс орындау ережесін пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
2072
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12