Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №86


Мектеп: Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

Пән: Математика

Пән мұғалімі: Темірғали Зарина Ержанқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.3A Мәтінді есептер

Күні: 16.01.2020 жыл

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа)

Сабақтың мақсаты

Мәтін есептің математикалық моделін құрап және бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері

  • «осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;

  • есепті шығару жоспарын құрастырады;

  • мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;

  • жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;

  • мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;

  • практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, экономика

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатыспау себебін анықтау.

ІІІ. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Өтілген материалды қайталау және жүйелеу

True or False” («Дұрыс немесе Бұрыс»)

Оқушылар ұсынылған тұжырымдар бойынша «Т» немесе «F» карточкаларын қолданып қорытынды жасайды.

a) Тіктөртбұрыштың b ені осы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 2 есе артық болса, онда b=2∙a.

True

b) Егер жеңіл көліктің V1жылдамдығы жүк көліктің жылдамдығынан 30 км/сағ-қа артық болса, онда V1+30= V2.

False

c) Егер 2 кг алма a тг болса, онда 3 кг алма 3a тг тұрады.

False

d) Егер тіктөртбұрыштың ауданы шаршының ауданынан 2 есе кем болса, онда тіктөртбұрыштың ауданы S:2 ге тең.

True

e) Егер қазір Сауле Олядан 1 жасқа үлкен болса, онда а жылдан кейін ол одан (1+а) жасқа үлкен болады.

False

f) Айдана шоколадты 3 минутта, ал Дамир 6 минутта жейді. Олар осы шоколадты бірге жесе 4 минутта жейді.

False

g) Хауыздағы су бір құбырдан 7 сағатта толады, ал екінші

құбырдан хауыз 8 сағатта босайды. Екі құбыр ашық болса,

бассейін 56 сағатта толады.

True

Презентация,

карточкалар «Т» немесе «F» (немесе түсіне қарай)

Сабақтың ортасы

Негізгі кезең

Бекіту тапсырмалары (топпен жұмыс)

  1. 24 т суды бірінші насос 6 сағатта, ал екінші насос 3 сағатта ағызады. Екі насос бірлесіп жұмыс жасаса, 24 т суды қанша уақытта ағызады?

  2. 36 бөлшекті бірінші жұмысшы 3 сағатта, ал екіншісі 6 сағатта дайындайды. Егер екеуі бірлесіп жұмыс жасаса, 36 бөлшекті қанша уақытта жасап бітіреді?

  3. Қыштан зат істеуші 3 сағатта 12 құмыра істей алады, ал оның шәкірті – 6 сағатта істейді. Егер шебер мен шәкірті 2 сағат бірлесіп жұмыс жасаса, қанша құмыра жасап бітіреді?

  4. Мектеп кабинетін жөндеуді екі бригада жасады. Бірінші бригада кабинетті 15 күнде бітіреді, егер екінші бригадамен бірлессе 12 күнде бітіреді. Ал екінші бригада бұл істі неше күнде бітірер еді?

Жұппен жұмыс

1. XVII ғасырдағы математика жазбаларынан ескі есеп.

«Екі ұста ауланы дұрыстамақ болады. Біріншісі былай дейді:

- Егер мен жалғыз істесем, жұмысқа 3 жыл уақыт кетер еді.

Екіншісі:

- Ал мен бұл жұмысқа 6 жыл уақыт жұмсар едім.

Екі ұста жұмысты бірлесіп істейтін болып келіседі. Олар ауланы қанша уақытта дұрыстап бітіреді?»

Жауабы: 2 жыл.

2.Жылқы бір арба шөпті бір ай жейді, ешкі – екі ай, қой – үш ай жейді. Жылқы, ешкі, қой барлығы бірлесіп бір арба шөпті қанша уақытта бітіреді?

Жауабы: 6/11 (ай).


Сабақтың соңы

Қорытынды кезең

Шығармашылық жұмыс. Берілген теңдеуге есеп шартын құрастырыңыз:

.

Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім?, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Сабақ кезеңінің кез келген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыстар орындалады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Кабинеттің жабдықталуына назар аудару. Топпен немесе жұптық жұмыс орындау барысында топпен жұмыс орындау ережесін пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12