Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №87


Мектеп: Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

Пән: Математика

Пән мұғалімі: Темірғали Зарина Ержанқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.3A Мәтінді есептер

Күні: 17.01.2020 жыл

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа)

Сабақтың мақсаты

Мәтін есептің математикалық моделін құрап және бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері

  • «осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;

  • есепті шығару жоспарын құрастырады;

  • мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;

  • жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;

  • мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;

  • практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Физика.

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатыспау себебін анықтау.

ІІІ. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Өтілген материалды қайталау және жүйелеу

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға қол көтеріп ауызша жауап береді:

1.Бүтіннің бөлігі бөлшекпен берілсе, бұл бөлікті қалай табамыз?

Жауабы: Бүтінді бөлшектің бөліміне бөліп нәтижені оның алымына көбейту керек.
2. Егер ізделінді бүтіннің бөлігі бөлшекпен өрнектелген болса, бұл бүтінді қалай табамыз?

Жауабы: Берілген бөлікті  бөлшектің алыма бөліп және нәтижені оның бөліміне көбейтеміз.
3. Бірлесіп жұмыс істеу есептерінде қандай өлшемдер қолданылады?

Жауабы: Жұмыс, өнімділік, уақыт.
4. Жұмыстың өнімділігі дегеніміз не?

Жауабы : Өнімділік бұл уақыттың бірлік өлшемінде орындалған жұмыстың бөлігі.
5. Өнімділікті салыстыруға бола ма? Бұл салыстыру нені көрсетеді?

Жауабы: Өнімділік неғұрлым көп болса, соғұрлым жұмыс көп жасалынады.

6. Қайықтың меншікті жылдамдығы дегеніміз не?

Жауабы: Қайықтың тынық судағы (көл) жылдамдығы.
7. Ағыс жылдамдығы дегеніміз не?

Жауабы: уақыттың бірлік өлшемінде затты қанша арақашықтыққа апаратынын көрсетеді.

8. Өзен ағысымен жүзген қайықтың меншікті жылдамдығын қалай табамыз?

Жауабы: меншікті және ағыс жылдамдығын қосамыз
9. Өзен ағысына қарсы жүзген қайықтың жылдамдығын қалай табамыз ?

Жауабы: меншікті және ағыс жылдамдығын айырмасын табамыз

10. Салдың өзен бойындағы жылдамдығын қалай табамыз? 

Жауабы: өзен ағысына тең.

http://www.matematikus.info/arifmetika/zadachi_na_drobi.php

Сабақтың ортасы

Негізгі кезең

Бекіту тапсырмалары

Walk around activity

Тапсырмалар сыныптың қабырғаларына, тақтаға ілінеді. Оқушылар кез-келген бір есептен бастап шығарып бастапқы шығарылған есебіне қайтып келеді. Мұғалім есептің жауабын сандық тізбек арқылы тексере алады.

  1. Екі жұмысшы кейбір жұмысты бірігіп 6 сағатта орындайды. Олардың бір өз бетімен сол жұмысты 15 сағатта жасайды. Екінші жұмысшының жұмыс өнімділігін табыңыздар. Жауабы: 10

  2. Айдар және Қанат қысқа ағаш дайындап қоюға келісті. Егер Айдар ағашты өзі жалғыс шабатын болса оған 11 күн, ал Қанатқа бұл жұмысқа 9 күн керек болады. Жалпы жұмыс өнімділігін табыңыз. Жауабы: 20/99

  3. Хауыз бір құбыр арқылы 7 сағат , ал екіншісі арқылы 8 сағатта толады. Екі құбырды да ашып қойса хауыз неше сағатта толады? Жауабы: 56

  4. Компьютер ойынын аяқтау үшін Серік жалпы 42 сағат жұмсады. Егер ол әр күн сайын ойынның -ін ойнайтын болса Серік күніне неше сағат ойнаған? Жауабы: 3

  5. Ақерке үйден мектепке дейінгі жолға 18 минут уақыт жұмсайды. Жолдың бөлігін жүруге неше минут кетеді? Жауабы: 12

  6. Ағаш өңдеуші 48 тақтай жасауы керек. Егер 1 күн ішінде ол жұмыстың -ін орындайтын болса барлық жұмысқа неше күн кетеді? Жауабы: 6


Сабақтың соңы

Қорытынды кезең

Үй жұмысы

Мәтін есептер шығару” тақырыбына есептер құрастыру және келесі есептерді шешу.

  1. Вини Пух 2 бәнкі балды 2 сағатта жейді, ал оның досы Пятачок 3 сағатта жейді. Осындай жұмыс өнімділігімен бірігіп сондай балды неше сағатта жейді?

  2. Қайық 6 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзен ағысымен жүзеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Қайық 3 сағатта қанша қашықтық жүзіп өтеді?

Кері байланыс

Сабақта үйренген 3 нәрсе ...

Сабақта орындаған 2 тапсырма

Жауабын білгім келетін 1 сұрақ…?


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Сабақ кезеңінің кез келген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыстар орындалады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Кабинеттің жабдықталуына назар аудару. Топпен немесе жұптық жұмыс орындау барысында топпен жұмыс орындау ережесін пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12