400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бірлескен төрттіктің" тағылымды іс-шарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бірлескен төрттік» жоспарына сәйкес пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылдың 05 сәуірінде Түркістан қаласы «Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БІРЛЕСКЕН ТӨРТТІКТІҢ» ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРАСЫ


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Білім беруді дамыту орталығы», «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы «Бірлескен төрттік» жоспарын құрған. Аталмыш жоспарды құрудағы мақсат төмендегідей:

- Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

-Білім беру саласындағы білім сапасын бақылау және қамтамасыз ету;

- Шығармашыл педагогтердің іс-тәжірибелерін тарату;

- Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету;

-Педагог қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу;

-Біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді қорытынды мониторингілеу және талдау;

-Оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу.

Осы «Бірлескен төрттік» жоспарына сәйкес пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылдың 05 сәуірінде Түркістан қаласы «Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы»  тақырыбында облыстық семинар өткізілді.


Күтілетін нәтиже:

- Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер алған білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын практикада табысты қолданады;

- Біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтер өз кәсіби қызметіндегі өзгерістерге рефлексия жасайды;

Оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлайды.


Іс-шараға Түркістан облысының аудандық/қалалық білім беру ұйымдарының 120 педагогтері (пән бірлестік жетекшілері мен әдіскерлері және шығармашыл педагогтер) қатысты.

Семинар барысында педагогтер «Lesson study» - мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» тақырыбында бастауыш сыныптарға арналған, гуманитарлық, жаратылыстану бағыттары бойынша коучингтер және Түркістан олысының Келес, Отырар, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласының шығармашыл педагогтері ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, алдыңғы жылдары «Үздік педагог» атанған мұғалімдермен сұқбат жүргізілді.

Семинардың соңында ұйымдастырушылар мен өз тәжірибесімен бөліскен педагогтерге марапаттар табысталды, сондай-ақ қатысушылар тарапынан алдағы уақытта да осындай тағылымы мол іс-шаралар көбірек өткізілсе деген ұсыныстар көптеп түсті.

Аталмыш іс-шара туралы Өрлеу инстаграмм, фейсбук парақшалары мен Turkistan TV арнасында жарияланды, сонымен қатар Ustaz tilegi сайты мен «Болашақ» республикалық газетінде мақала ретінде жарық көрді.


С.Жолшыбекова, И.Абдирахманова

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалы Түркістан облысы өкілдігінің аға оқытушылары


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.04.2023
173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі