бірлестік папкасы хаттамалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

бірлестік папкасы хаттамалар

Материал туралы қысқаша түсінік
бірлестік отырысының хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

1 ХАТТАМАСЫ

30.08.2024 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-шараларға талдау, қорытындылау

  2. Жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысу, талдау

  3. Баяндама: «Мектепте оқытуда ЖИ-нің тиімділігі»

  4. Тақырыптық-күнтізбелік жоспарларды талдау, тексеру, бекітуге ұсыну.

Өзіндік білім көтеру жұмыстарын тексеру, бекітуге ұсыну.


ТЫҢДАЛДЫ:

Жиналыстың бірінші мәселесі бойынша бірлестік жетекшісі Ж.Балтабаева сөз алды.

Өткен оқу жылындағы бірлестікте атқарылған біршама жұмыстарға тоқталып, жұмыс мазмұнының қаншалықты маңыздылығын талқылап, жинақталған құжаттарға қорытынды жасап өтті. Бірлестік мүшелеріне өз атынан алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ұйымшылдықпен жүйелі жұмыстар атқаруға шақырды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2024-2025 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат нұсқау хатпен таныстырды.

Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.

Нұсқау хаттағы маңызды деген тұстарын түртіп алып, оқу мен тәрбие беру жұмыстарында іске асыруды ұсынды.

Құрметті әріптестер ұсынылып отырған Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылында Сіздердің сенімді де ең қажетті көмекші құралдарыңыз болады деп сенемін.

Бірлестік жетекшісі ретінде арнайы дайындап келген «Мектепте оқытуда ЖИ-нің тиімділігі» атты баяндамасын ортаға салып, оқып таныстырды. Баяндама барысында бірлестік жетекші жас ұрпаққа білім беру жолында жасанды интелектінің маңыздылығын атап айтты. Политехникалық пәндерді оқытуда озық технологиялар оқушыларға білім беру процесінде нағыз көмекші құрал екендігін, технологияларды тиімді, ұтымды пайдалану қажеттігіне тоқталып өтті. Педагогикалық ізденіс қай кезде де іске асуы қажет. Шебер мұғалім – білімді ұрпақты тәрбиелуші тұлға. Сондықтан жас ұрпаққа білім беру жолында жан-жақты ізденген педагог болуға әріптестерін ұйымшылдыққа шақырды.

Бірлестік мүшелері баяндаманы мұқият тыңдап, өз ойларын ортаға салып, жаңа технологияларды мүмкіндігінше көптеп пайдалана отырып сабақ жүргізетіндіктерін бірауыздан айтып кетті.

Жиналыстың соңында бірлестік мүшелерінің 2024-2025 оқу жылына арналып жасалған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау жұмыстарын қарап шығып, оқу ісінің меңгерушісінің келісімімен мектеп директорына бекітуге ұсынды.


ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын.

  2. Жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып жаңа оқу жылында сапалы жұмыстар атқарылсын.

  3. Бірлестікке енетін әр пән мұғалімінің тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары мектеп директорына бекіттіруге жіберілсін.



Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: С.Серқұлова



ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

2 ХАТТАМАСЫ

Қандөз ауылы 05.09.2024 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Оқу үрдісінде сапалы білім беруге бағытталған жаңа білім беру технологияларын пайдалану жолдары

  2. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою жолдарын іздестіру және осы орайдағы шараларды іске асыру

  3. Өз пәндерінен үлгермеуші оқушылары бар пән мұғалімдерінің жұмыстарын жүйелеу

ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша бірлестік жетекшісі Ж.Балтабаевасөз алды.

Екі жылдан бері елдегі болып жатқан пандемиялық жағдайдың әсерінен оқушыларға онлайн білім беруге тура келді. Биылғы жаңа оқу жылының ерекшелігі оқу қашықтықтан емес дәстүрлі жүйеде өткелі отыр.

Қашықтан оқу кезіндегі білім алушылардың білімінде жіберілген олқылықтарды жою мақсатында әрбір пән мұғалімі аянбай еңбек етуі қажет.

Олқылықтарды жою үшін арнайы жұмыс жоспарлары жасалынып, сол бойынша сапалы жұмыстар атқаруға тиіспіз.

Политехникалық пәндер бірлестігіндегі математика, физика, информатика секілді пәндерінің педагогтері білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтап, жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеп, жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеулеріңіз қажет.

Пән мұғалімдері оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму жолын ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейсіздер.

Білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтарын толықтыру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалдарын мұқият таңдау қажет.

Үшінші мәселе бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысы айтылды. Бірлестік жетекшісі әркім өз пәндерінен үлгермеуші оқушыларды зерттеп, олармен жеке жұмыстар жасау қажеттігін айтып өтті.

Бірлестік мүшесі, математика пәнінің мұғалімі Садикова.К сөз алды. Ол өз сөзінде:

Үлгерімі төмен білім алушыларға ерекше назар аудару керек. Қажет болған жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке консультациялар жүргізу қажет.

Бірнеше жылдық тәжірибемде білім алуға ерекше қажеттілігі бар, үлгерімі төмен білім алушыларға қажет болған жағдайда жеке кеңес беруден шаршаған емеспін. Ондай назардағы оқушылармен үнемі жұмысымды жандандырып отырамын. Түрлі іс-шараларға тартып, біліміндегі олқылықтарды шамалы болса да жойып, жаңа білім алуына жағдай жасап отырамын. Басқа әріптестеріме де үлгерімі төмен балаларды назщардан тыс қалдырмай жекелеп жұмыс жасап отыруға кеңес беремін.


ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Оқу үрдісінде сапалы білім беруге бағытталған жаңа білім беру технологияларын әркім өз сабақтарында үздіксіз пайдаланып отырсын.

  2. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою жолдарын іздестіріп, қажетті шараларды іске асырып отыру әр пән мұғалімінің жеке жұмысы болып танылсын.

  3. Өз пәндерінен үлгермеуші оқушылары бар пән мұғалімдерінің жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін.



Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: С.Серқұлова





ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

3 ХАТТАМАСЫ

Қандөз ауылы 07.10.2024 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Баяндама: «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»

Математика пәнінің мұғалімі: Ж.Қанаева

  1. Әріптестер арасындағы ынтымақтастық жұмыстарын жандандыру

  2. Физика пәні бойынша үлгерімі төмен оқушылардың оқу деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізу

ТЫҢДАЛДЫ:

Кезекті бірлестік жиналысын бірлестік жетекшісі Ж.Балтабаева бірлестік мүшелерімен сәлемдесіп күн тәртібіндегі мәселелер ретімен таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша физика пәнінің мұғалімі Ж.Қанаева арнайы дайындап келген баяндамасын оқып берді.

Баяндама барысы:

Қазақстан білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптары мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім деңгейіне жеткізуге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады.

Математикалық сауаттылық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальды талап ретінде қарау қажет. Баяндама тыңдалып болған соң бірлестік мүшелері баяндамашыға алғысын айтып, күн тәртібіндегі келесі мәселелерді талқылау басталды.

Бірлестік жетекшісі сөз алып, бірлестік мүшелері ынтымақтаса отырып жұмыс жасауға шақырды. Өзара ынтымақтаса отырып жұмыс жасай білсеңіздер білім беру кезіндегі олқылықтар болмас еді. Бір-бірлеріңізбен тәжірибе алмасуда, жәрдем беруде еш қиналмай, қолдау көрсете біліңіздер. Әсіресе жас мамандарға ақылшы ұстаздар көп кеңестер беріп отырсаңыздар.

Үшінші мәселе бойынша физика пәнінің мұғалімі К.Садикова сөз алып, физика пәні бойынша үлгерімі төмен оқушылардың оқу деңгейін көтеру үшін көп жұмыстар қажет.

Өз пәнімне үлгерімі төмен оқушыларды анықтап, олармен жеке жұмыстар жасауда ерінбей еңбектеніп келемін. Қазіргі балалар жаңа технологияларға қатты қызығады. Заман талабы сондай. Сабақта АКТ-ні пайдалана отырып білім беру біз сияқты үлкен ұстаздарға қиындық туғызып жатады. Көбіне бейнежазбалық сабақтарда баланың қызығушылығын арттыратын түрлі материалдар қоры мол. Сондай жағдайда жас мамандар бізге көптеп көмек беріп отырсаңыздар.

ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ұстаздың білімі біліктілігінде екендігі үнемі назарда ұсталсын.

  2. Әріптестер арасындағы ынтымақтаса жұмыс жасау үрдісі жандандырылсын.

  3. Физика пәні бойынша үлгерімі төмен оқушылардың үлгерім деңгейін көтеру үшін АКТ көптеп қолданылсын.


Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: С.Серқұлова



ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

4 ХАТТАМАСЫ

Қандөз ауылы 11.11.2024 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. ҰБТ, ОЖСБ шараларына дайындық жұмыстарының жүргізілуі.

  2. Баяндама: «Физика пәнінде АКТ-ны пайдалана отырып оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту»

Физика пәнінің мұғалімі: Шереханов.Н

  1. Арнайы ұйымдастырылатын білім жетілдіру курстарына бірлестіктегі пән мұғалімдерін жіберу, басшылыққа ұсыну

ТЫҢДАЛДЫ:

Қараша айына жоспарланған бірлестік жиналысында маңызды мәселелер сөз болды. Бірлестік жетекшісі Ж.Балтабаева мектептегі ҰБТ, ОЖСБ шараларына дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келетінін айтты. Алайда политехникалық пәндер бірлестігіндегі жұмыстардың барысы жүйелі жүргізіліп жатыр ма? Бірлестік жетекшісінің ортаға қойған сұрағына жауап беру үшін бірлестіктегі ұлағатты ұстаз Ж.Қанаева сөз алып, өз ойын ашық білдірді.

Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ десек,  Президент жыл сайын  Қазақстан халқына жолдаған  Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп,  «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атап көрсетеді.

Сапа – оқушының тынымсыз еңбегінің,  ал оқытушының  шығармашылығымен  ізденісі, жүйелі жұмысының  нәтижесі екені сөзсіз. Осы сапа көрсеткіші  ҰБТ, ОЖСБ  қорытындыларымен бағаланып жатады. Жыл сайын мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. ҰБТ - мектептің, мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың оқу кезеңінде атқарған күллі қызметіне баға беретін өзіндік бір ерекше шара болып табылады. Бұл баға мектеп үшін де, ата-ана үшін де, оқушылар үшін де оңды болуы үшін белгілі бір дәрежеде күш-қуат жұмсау қажет болады.

Қандай да бір жұмыстың нәтижелі болуы – ең алдымен дұрыс жоспарлаудан басталатыны белгілі.  Сондықтан ҰБТ-ге, ОЖСБ-ға  сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін, оқу завучінің арнайы пән мұғалімдерімен ақылдаса келе жасаған дайындық кестесі бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында бітіруші 11-сынып оқушыларының ата-аналары да өз үлестерін қосып келе жатыр. Арнайы дайындық курстарына жіберіліп, оқушылар жан-жақты дайындық барысында.

Кезекте математика пәнінің мұғалімі А.Шегенов өз баяндамасын оқып шықты. Жаңа технологияның әдістері сабақты нәтижелі өту барысында тиімді. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауына, жан-жақты ізденуіне орасан зор көмегі бар. Мұғалім шеберлігіне байланысты әртүрлі технологияларды пайдалана алады. Баланың дамуына үлесін тигізу үшін кез-келген ұстаз ерінбей еңбек етуі тиіс деген тұжырым жасады баяндамашы.

Күн тәртібінің кезекті мәселесі бірлестік мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын түрлендіруге байланысты қозғалды. Әртүрлі сайттардан келіп жатқан ақылы байқаулар мен жарыстарға қатысу әркімнің өз еркінде. Алайда міндетті байқауларға қатысуға талаптана білуіміз қажет. Мұғалімнің іс-тәжірибесіне маңызды рөл атқаратын шығармашылық байқаулардан жүлделі орын алып жатсақ нұр үстіне нұр әріптестер. Сонымен қатар газет-журналдарға мақала жариялау жұмыстары да өз деңгейінде атқарылып отыруы тиіс.


ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. ҰБТ-ге, ОЖСБ-ға дайындық барысында 9-11 сынып оқушыларынан үздіксіз бақылау жұмыстары алынып, сапалы талдау жүргізіліп отырсын.

  2. Жаңа технологияларды әр мұғалім өз сабағына тиімді пайдалана білсін.

  3. Тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесін таратуға жіберілсін.



Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: С.Ж.Серқұлова



ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

5 ХАТТАМАСЫ

Қандөз ауылы 09.12.2024 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Мектепішілік пәндік олимпиадасының жүйелі өтуін ұйымдастыру.

  2. Мұғалімдердің ғылыми жұмыстармен айналысуына жағдай жасау, көмек беру.

ТЫҢДАЛДЫ:

«Ғылым бәсекесінің алғашқы әрі маңызды басқышы – пән олимпиадасы» - деп сөз бастаған бірлестік жетекшісі мектепішілік пән олимпиадасының жүйелі түрде өтуіне бірлестік мүшелерінің атсалысуын сұрады.

Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке.

Пән олимпиадасына дайындық, адамның мидың ең жоғары қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайтын тамаша ғылыми ізденіс.

Бастысы, жүйелі дайындық және тынымсыз еңбек — пәндік олимпиаданың шыңын бағындыруға қажетті ең негізгі критерий. Осы критерийге сүйене отырып жұмыс жасасақ алынбайтын қамал болмасы анық деп сөзін қорытындылады.

Математика пәнінің мұғалімі Шереханов.Н сөз алып, өзінің пәндік олимпиадаға оқушыны қалай дайындайтындығын ортаға салды.

Олимпиадаға дайындық барысында «мен бәрін шеше аламын, мен үздік оқушымын» деген сана еңбектенуге тосқауыл болып, ал, олимпиада барысында төмен көрсеткіш берсе, мүлдем оқу белсенділігі төмендеуі мүмкін немесе «мен барлық сабақты беске оқуым керек» деп жүріп, олимпиададан толық нәтиже шығара алмауы мүмкін.

Себебі, пән олимпиадасына бағытталған оқушы негізгі бағытында табанды болып, кейбір қосымша жақтардан, кейін үлгеріп алатын дүниелерден бас тартуы керек. Сол үшін, оқушы таңдауда оқушының пәндік олимпиадаға бейімін бақылап, сабақ үлгерімінде сол пәндік олимпиада бағытындағы нәижесіне ғана мән берген дұрыс.

Олимпиадалық дайындық барысында өте маңызды түйіндерге көңіл бөлу керек.  Біріншіден, оқушы мен оқушы, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Әр оқушының жеке қабілеті, ерекшелігін ескере отырып, ұстаз мейілінше талапшыл, мейірбан болған жөн. Себебі, талаптың босаңсуы дайындық сапасын нашарлатады. Сондықтан мен әр оқушыға тиісті талап қоя отырып, оқушының тілін табуға тырысамын. Жұмысымның нәтижесі де жоқ емес.

Екінші мәселе бойынша мұғалімдердің ғылыми жұмыстармен айналысуы сөз болды.

Осы мәселе бойынша информатика пәнінің мұғалімі Г.Нұрқұл сөз сөйледі. Ол өз сөзінде соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Осыны еске ала отырып бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысқан дұрыс екендігін айтып өтті.

Ғылыми жұмыстармен, жобалармен айналысатын бала - ол дарынды бала.  Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. 

Дарынды балаларды ғылыми ізденіске дайындауда ұстаздың еңбегі орасан зор. Ғылыми жұмыстармен айнасылуды мақсат еткен ұстаз өз мақсатына жету жолында аянбай еңбек етсе, жұмысы нәтижелі болмақ. Әріптестеріме ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу барысында әріптестік көмек беруден аянбаймын деп сөзін аяқтады.


ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мектепішілік пәндік олимпиадасының жүйелі өтуіне бірлестік мүшелері ұйымдасқан түрде жұмыстар атқаруы тиіс.

  2. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен әр пән мұғалімі айналысқаны жөн. Оқушыларды ғылыми жобалар байқауына қатыстыру әр мұғалімнің міндеті болып табылсын.



Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: С.Ж.Серқұлова





ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

6 ХАТТАМАСЫ

Қандөз ауылы 06.01.2025 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Бірлестік мүшелерінің ІІ жартыжылдыққа арналған күнтізбелік тақырыптық жоспарларын жоспарлау, бекіту

  2. 9-сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындығын жоспарлау, қосымша сабақтарға кесте жасау

  3. Баяндама: «Оқушы қабілетін ашу арқылы кәсіптік бағдар беру»

Технология пәнінің мұғалімі: Ж.Сарсенгазиев



ТЫҢДАЛДЫ:

Жаңа 2025 жылмен әріптестерді құттықтап өткен бірлестік жетекшісі жиналыстағы қаралатын мәслелерге көшті.

Бірінші мәселе бойынша ІІ жартыжылдыққа арнап жасаған бірлестік мүшелерінің бағдарламаға сай тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын, вариативтік, факультативтік сабақтардың да дұрыс жоспарлануын қарап шығып, мектеп басшылығына бекітуге ұсынды.

Екінші мәселе бойынша 9-сыныпқа сабақ беретін бірлестік мүшелеріне ОЖСБ-ға дайындық барысын күшейту керектігі айтылды.

Қосымша сабақтарды жиілетіп, балаларды жан-жақты дайындау жұмыстарын жандандыру қажет. Негізгі орта буынды бітіруші түлектердің білімдерін қорытындылау сынамасы өз дәрежесінде өткізілсе, мектептің көрсеткіші жоғары деңгейде болса мұғалімнің еңбегінің бағаланғаны. Сондықтан оқушылардың бос уақыт тиімді пайдалануына көмек беріп, түрлі ізденіс жолдарына мән берген дұрыс деп ойлаймын.

Кезекті өзіне алған Технология пәнінің мұғалімі Ж.Сарсенгазиев баяндамасын оқып шықты.

Баяндамашы орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір - бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.

Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі сәнді қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады.

ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024-2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығындағы пән бірлестігінің жасалынған күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды оқу ісі меңгерушісіне және мектеп директорына бекіттіру пән мұғалімдерінен талап етілсін.

  2. ОЖСБ-ға дайындық барысы күшейтіліп, пән мұғалімдері аянбай жұмыстар жасасын.



Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: С.Ж.Серқұлова



ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

7 ХАТТАМАСЫ

Қандөз ауылы 10.02.2025 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Оқу тәрбие үдерісінің тиімділігі мен сапасы жайлы ұсыныстар

  2. Баяндама: «Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу»

Технология пәнінің мұғалімі: Г.Қаңлыбаева



ТЫҢДАЛДЫ:

Бірлестіктің кезекті отырысын сәлемдесумен бастаған бірлестік жетекшісі оқу-тәрбие жұмыстарын сөз етті.

Бірлестік отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелеріне қойған бұл жағдай білім беру саласында маңызды рөл атқарушы процесс екендігін атап айтты.

Оқу мен тәрбие қай кезде де бірге жүретіні барлығымызға белгілі. Оқушыларды тек қана сынып жетекші тәрбиелеу керек, тәрбиелік қасиеттерді солар ғана меңгерту керек деген теріс түсініктерден аулақ болғамызы абзал. Әр пән мұғалімі алдындағы оқушыларды өз туған баласынан кем көрмеуі керек. Балаға білім мен қоса тиісті тәрбиені бере отырып оқытқан ұстаз ұлағатты.

Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім тәрбиеші де болуы тиіс.

Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.

Бірлестік жетекшісі күн тәртібіндегі мәселенің мәнін ашуға барынша тырысып, бірлестік мүшелерін өз сабақтарында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді әрбір ұстаз мақсат еткені жөн екендігін нақты айтып, келесі кезекті баяндамашыға берді.

Технология пәнінің мұғалімі Г.Қаңлыбаева ортаға шығып баяндамасын таныстырды.

Бірлестік жетекшіміз айтқандай балалар мектептен тек қана білім ғана емес сонымен қатар тәрбиені де жан-жақты алулары үшін ұстаздар белсене жұмыстар атқаруға тиіспіз.

Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік  мазмұнын  анықтай  отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастырып сабақтарымды ұйымдастырамын.

Қазіргі  кезде  мектепте  оқушыларды  еңбекке  баулу  технология  пәні бойынша жүзеге асатаныны баршаңызға белгілі.

Көрем еңбек сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән.

Көркем еңбек пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - оқушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады.

Көркем еңбек пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.


ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін бірлестік мүшелері қызмет жасасын.

  2. Өз пәнін меңгертіп қана қоймай, сапалы да, саналы ұрпақ жетілдіру әр ұстаздың міндеті болып табылсын.


Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: Н.О. Шереханов



ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

8 ХАТТАМАСЫ

Қандөз ауылы 03.03.2025 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Математика пәнінен дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу нәтижелері.

  2. Баяндама: «Электронды оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі»

Информатика пән.мұғалімі: Н.Нурекеева

  1. Өзара сабаққа енудегі әріптеске ұсыныс білдіру ережесін жүйелеу

ТЫҢДАЛДЫ:

Бірлестіктің кезекті отырысын сәлемдесумен бастаған бірлестік жетекшісі оқу-тәрбие жұмыстарын сөз етті.

Бірлестік отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелеріне қойған бұл жағдай білім беру саласында маңызды рөл атқарушы процесс екендігін атап айтты.

Оқу мен тәрбие қай кезде де бірге жүретіні барлығымызға белгілі. Оқушыларды тек қана сынып жетекші тәрбиелеу керек, тәрбиелік қасиеттерді солар ғана меңгерту керек деген теріс түсініктерден аулақ болғамызы абзал. Әр пән мұғалімі алдындағы оқушыларды өз туған баласынан кем көрмеуі керек. Балаға білім мен қоса тиісті тәрбиені бере отырып оқытқан ұстаз ұлағатты.

Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім тәрбиеші де болуы тиіс.

Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.

Бірлестік жетекшісі күн тәртібіндегі мәселенің мәнін ашуға барынша тырысып, бірлестік мүшелерін өз сабақтарында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді әрбір ұстаз мақсат еткені жөн екендігін нақты айтып, келесі кезекті баяндамашыға берді.

Информатика пән.мұғалімі Н.Нурекеева «Электронды оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі» атты баяндама оқыды.

Бірлестік жетекшіміз айтқандай балалар мектептен тек қана білім ғана емес сонымен қатар тәрбиені де жан-жақты алулары үшін ұстаздар белсене жұмыстар атқаруға тиіспіз.

Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік  мазмұнын  анықтай  отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастырып сабақтарымды ұйымдастырамын.

Қазіргі  кезде  мектепте  оқушыларды  еңбекке  баулу  технология  пәні бойынша жүзеге асатаныны баршаңызға белгілі.

Көрем еңбек сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән.

Көркем еңбек пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - оқушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады.

Көркем еңбек пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.


ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін бірлестік мүшелері қызмет жасасын.

  2. Өз пәнін меңгертіп қана қоймай, сапалы да, саналы ұрпақ жетілдіру әр ұстаздың міндеті болып табылсын.


Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: Н.О. Шереханов



ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

9 ХАТТАМАСЫ

Қандөз ауылы 07.03.2022 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Математика пәнінен дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу нәтижелері.

  2. Баяндама: «Сабақ үрдісінде кері байланысты жүзеге асыру»

Математика пәнінің мұғалімі: Ж.Қанаева

  1. Оқушылардың бақылау жұмыстарын сауатты жазудағы дағдысы

ТЫҢДАЛДЫ:

Бірлестіктің кезекті отырысын сәлемдесумен бастаған бірлестік жетекшісі оқу-тәрбие жұмыстарын сөз етті.

Бірлестік отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелеріне қойған бұл жағдай білім беру саласында маңызды рөл атқарушы процесс екендігін атап айтты.

Оқу мен тәрбие қай кезде де бірге жүретіні барлығымызға белгілі. Оқушыларды тек қана сынып жетекші тәрбиелеу керек, тәрбиелік қасиеттерді солар ғана меңгерту керек деген теріс түсініктерден аулақ болғамызы абзал. Әр пән мұғалімі алдындағы оқушыларды өз туған баласынан кем көрмеуі керек. Балаға білім мен қоса тиісті тәрбиені бере отырып оқытқан ұстаз ұлағатты.

Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім тәрбиеші де болуы тиіс.

Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.

Бірлестік жетекшісі күн тәртібіндегі мәселенің мәнін ашуға барынша тырысып, бірлестік мүшелерін өз сабақтарында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді әрбір ұстаз мақсат еткені жөн екендігін нақты айтып, келесі кезекті баяндамашыға берді.

Технология пәнінің мұғалімі Г.Қаңлыбаева ортаға шығып баяндамасын таныстырды.

Бірлестік жетекшіміз айтқандай балалар мектептен тек қана білім ғана емес сонымен қатар тәрбиені де жан-жақты алулары үшін ұстаздар белсене жұмыстар атқаруға тиіспіз.

Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік  мазмұнын  анықтай  отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастырып сабақтарымды ұйымдастырамын.

Қазіргі  кезде  мектепте  оқушыларды  еңбекке  баулу  технология  пәні бойынша жүзеге асатаныны баршаңызға белгілі.

Көрем еңбек сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән.

Көркем еңбек пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - оқушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады.

Көркем еңбек пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.


ЖИНАЛЫС ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін бірлестік мүшелері қызмет жасасын.

  2. Өз пәнін меңгертіп қана қоймай, сапалы да, саналы ұрпақ жетілдіру әр ұстаздың міндеті болып табылсын.


Бірлестік жетекшісі: Ж.С.Балтабаева

Хатшы: С.Ж.Серқұлова





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2025
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі