Материалдар / «Бірлігі жарасқан Қазақстан!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бірлігі жарасқан Қазақстан!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бірлігі жарасқан Қазақстан!»
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Бірлігі жарасқан Қазақстан!»

Тәуелсіздік күнін атап өтуге арналған іс-шараның әзірлемесі

Кіріспе бөлім:

(Сахнаға немересі мен әжесі шығады).

Бала:

-Әже, бүгін мектепте мұғалім бізге жақында Тәуелсіздік күні мерекесін тойламыз, сондықтан Тәуелсіздік күні туралы өлең жаттап келіңдер деді. Тәуелсіздік күні деген қандай мейрам?

Апа:

-Құлыным менің, Тәуелсіздік күнінің тарихы тереңде жатыр. Тәуелсіздік күні қарапайым күн емес, бұл Ұлы күн, ботам! Себебі бұл күнге жету оңай болған жоқ. Бұл күнге жету үшін қаншама жас, қаншама қан төгілді. Тыңда, балам...

(Фильм Фильм соңы Астана қаласының қазіргі келбеті мен Президент ақ ордасы және онда тігулі тұрған желбіреген тудың көрінісімен аяқталуы керек. Ән «Көк тудың желбірегені» https://youtu.be/mn4JJP7pZbU 5 минут )


1-ЖҮРГІЗУШІ:

Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба елім!

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Сіздерді найзаның ұшы, білектің күші және ақыл мен даналықтың нәтижесінде қол жеткізген тарихтағы атаулы күн– Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер!


2-ЖҮРГІЗУШІ:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген,-

Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы ұлан-ғайыр! Осынау байтақ өлкені ғасырлар бойы сақтап қалу үшін ата-бабаларымыз мың өліп, мың тірілгеніне тарих куә, аспандағы күн куә! Тәуелсіздік туы Қазақ көгінде әрқашан халқына жігер беріп желбіреп тұруы көк бөрі Күлтегін, Ұлы даланың данасы Асан қайғы аталарымыздың Мәңгілік ел болсақ деген асыл арманынан бастау алған. Мәңгілік ел болу - Қазақстан халқының ортақ мүддесі. Қазақстан халқының басты байлығы-Ел тәуелсіздігі!


Бастауыш сынып оқушылары «Тәуелсіздік» 5 оқушы (5 минут)


Ән. «Отан-Ана» (3 минут)



2-жүргізуші:

Тәуелсіздік біздің елімізбен егіз ұғым. Тәуелсіздік ұғымы біздің дәуірімізге дейінгі Орхон-Енисей жазбаларынан бастау алады. «Мәңгілік ел» идеясы бүгін ұлттық ұранымызға айналды. Қазақ елінің тәуелсіздігін ел бастаған көсемдер мен батырларымыз, билер мен ақындарымыз ұрпақтан ұрпаққа аманат етті. Бұл көш қазақ хандығын құруға қатысқан Асан қайғыдан басталады.

Сахналық көрініс. «Ұлы Даланың Даналары» (Музыка. Қобыздың сарыны. Экранда Асан қайғының желмаямен Жерұйық іздеген сәтінен көрінісі)

https://youtu.be/e3iJy69ttCM

Асан қайғы:

  • Құйрығы жоқ, жалы жоқ-
    Құлан қайтіп күн көрер?!
    Аяғы жоқ, қолы жоқ-
    Жылан қайтіп күн көрер!?

  • Ес білгелі жұртыма жайлы жер іздедім. Желмаяма мініп халқыма Жерұйық іздедім. Қазақтың дархан даласын түгел кездім. Қасиетті жеріміздің суы бал, ауасы шипа, топырағы киелі! Ұлы Даланың ұрпағы да дана! Уа, менің келешек ұрпағым, осы Жерұйық өздеріңе аманат! Осынау Жерұйығымызда ұрпағымыз мәңгі жасасын! Әумин!

(«Көшпенділер» фильмінен үзінді. Абылай ханның сахнадағы бейнесі)

Абылайдың сөзі:

Ұлан-ғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы – ҚАЗАҚтың алтын бесік - АТА ЖҰРТЫ! Үш жүздің басы қосылып, дарқан даланы бейбіт жайлаған халқымыздың бағы мәңгі болғай! Қазақ елі - ежелден ел іргесін құрған, хандық құрған тарихы тереңде жатқан халық! Әгәр яки кім де кім осы қасиетті жерімізге көз алартып, шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін тұншықтырарымызды біліп қойғаны абзал! Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде малымыз қосылған қай көршімізге де айтарымыз осы. Дос болғанға құшақ ашық туыспыз! Қас қылғанға, қиып түсер қылышпыз!



(Экранда «Абай» фильмінен көрініс)












Абай Құнанбаев:

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат  пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.

Ия, елімнің көзі ашық, көкірегі ояу болсын деп өмірімді білім мен халқыма қызмет етуге арнадым. Халқымыздың салты мен дәстүрінде, сөзі мен тілінде жатқан даналықты, халқымызбен бірге келе жатқан адамгершілік пен құндылықтарымызды сақтап қалу-сендерге де Аманат! Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп!

(Экранда Лондон қаласының көрінісі, У.Черчилль мен бірнеше үкімет басшылары сөйлеп тұрған бейнебаян)

Қаныш Сәтбаев: - Қымбатты мырзалар мен ханымдар, мен Қазақстан халқының атынан келдім. Сіздерге елімнің ашық көңілін, жомарт жүрегін, асыл қасиеттерін алып келдім. Қазақстан жерінің асты да, үсті де қазбаға бай. Жерімізде Менделлев кестесіндегі 105 элементтің 70-інің қоры бар. Бұл - Қазақстанның болашақ ұрпағының бақыты мен байлығы.

У. Черчилль : -Қаныш мырза, барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?

Қаныш Сәтбаев: Жоқ,Уинстон мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік.

У. Черчилль: -Қаныш мырза, олай болса, мына бокалды сізді дүниеге әкелген биік те батыр Қазақ халқы үшін көтерейік!

(Барлық кейіпкерлер бірге тұрады): Тарихты өзгерту-Ұлылардың ғана қолынан келетін әрекет. Қазақ халқының Ұлы даналары өз қолымен жасаған құндылықтары бүгінде қазақ көгіндегі Тәуелсіздік туымен өлшенеді. Тәуелсіздігімізді мәңгіге сақтап қалу – Ұлы Дала ұрпақтары мәңгі жасасын! (бәрі бірге)

(5 минут)

Тефкин Т. 6 «Б» ( 2 минут)

Тәуелсіздік 

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

ТӘУЕЛСІЗДІК 

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.

..............................................................................................................................................

1-ЖҮРГІЗУШІ:

Қазақ жері-достықтың гүлстаны,

Дарқан өлкем – мерейлі ырыс – бағы.

Күрестерде, еңбекте, мерекеде,

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Қазақстан - бүгінде ұлттар достығының символына айналған мемлекет. Оның дәлелі Қазақстан халқы ассамблеясы. Ассамблеяның негізгі мақсаты- көп ұлтты мемлекетіміздің іргесінің берік, ынтымағының бекем болуын сақтау.


2-ЖҮРГІЗУШІ:

Ия, Қазақстанды өз Отаны санайтын неміс, орыс, кәріс, татар, өзбек т.б ұлт өкілдері осы бейбіт елде бір шаңырақ астында қол ұстасып өмір сүріп келеді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлемге танылған ел. Қазақстан – бейбіт, тату, бірлігі жарасқан ұлы ел.



Би «Қамажай» (3минут)

(Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы, қонақжайлығы жайлы көрініс)

(Экранда пойыздың (гудок) дауысы. Пойыз тоқтаған кезде, адамдарды түсіріп кетеді. Бір топ адам: қарт кісілер, әжелер, аталар, жас балалар, жаңа туған нәресте (15 шақты үлкендер мен 5-6 жас балалар). Бірін-бірі жетектеп, жетелеп, жылаған адамдар. Олар ортаға келіп отырады, бір-біріне сүйеніп, балалардың жылаған дауысы. Осы кезде қазақтар екі жақтан шығып, ортада отырған адамдарға келіп, олармен сөйлеседі. Үстіне киім, басына орамал жауып жылытып, нан мен құрт беріп, сүт пен айран беріп, аш балаларды тамақтандырады. Сол кезде қарт кәріс қазақтың алдына келіп, тізерлеп рахмет айтып жатқанда, ақсақал қазақ қолтығынан көтеріп тұрғызып, құшақтап, арқасынан қағады. Екіуінің диалогы)

Қазақ: - Біз қазақпыз, сіздер кімсіздер?

Кәріс: -Біз кәріс халқымыз. Бұл жерге бізді өлімге әкелген еді. Біз осы жерде өлеміз деп ойлап едік. Сіздер мейірімді, жомарт халық екенсіздер. Мұндай қамқорлықты еш жерден көрген жоқпыз.

Қазақ: -Қазақ халқы үйге келген әр адамға дастархан жайып, алдына ас қояды. Қазақта «Қырықтың бірі қыдыр», «Құдай жіберген қонақ» деген терең түсінік бар. Келген адамды бос жібермейді. Ол біздің салтымызға қайшы. Сіздермен сумызды да, нанымыз да бөліп ішеміз.

Кәріс:- Бұл жердің топырағы киелі екен, бұл - Жерұйық! Менің бала-шағам, туған- туысым сіздердің, қазақтың даналығының арқасында тірі қалды. Сіздерге өмір бойы қарызбыз.

Қазақ: - Қазақ халқының данасы Абай атамыз «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп! - насихат қалдырған. Біз барлық адамды өз бауырымыздай сыйлап, құрметтейміз. Осы қасиетіміздің арқасында Қазақстанда жүздеген ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында өсіп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Бәрі бірге: -Қазақстан, жасай берсін! (5 минут)



Ән «Жаса, Қазақстан!» (3минут)

1-Жүргізуші:

Тәуелсіздік — соғып тұрған жүрегім,
Сен бар жерде азаттық бар білемін.
Сүрінсем мен абайсызда жығылып,
Тәуелсіздік — қуат берер тірегім.

Тәуелсіздік деген жеріміздің, еліміздің ғана емес, ойымыздың еркіндігі! Ел тәуелсіз болу үшін ең алдымен ой тәуелсіздігі керек.



2-ЖҮРГІЗУШІ:

Қазақстан – туған Отан алтын бақ,

Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан,

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік! Қазақстан білім, ғылым, өнер, спорт, экономикасы жағынан әлемде алпауыт мемлекеттермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті мемлекет.Оның дәлелі болған Сарыарқаның төрінен орын алған Астанамыз, «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі, Дүниежүзілік қысқы Универсияда, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезді. Сонымен бірге еліміз ұлтаралық келісім мен елдің ынтымақ, бірлігі бойынша әлем елдеріне үлгі болып отырған беделі биік мемлекет. Еліміздегі тыныштық пен бейбіт өмір, сәбилердің тәтті тыныш ұйқысы мен әр шаңырақтағы бақыт - мемлекетіміздің басты байлығы. Тәуелсіздігіміз мықты, іргеміз берік болсын!

(Экранда тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қолы жеткен жетістіктері туралы бейнебаян өтіп жатады. Қазақстанның мақтанышы болған ұл-қыздарының жеңістері, Отан қорғаушылардың маршы, Қазақстан ұлттық әскері, Тәуелсіздік рәміздері, Президенттің ант беріп, туды сүйіп тұрған сәтімен аяқталады)

Хор «Атамекен» 6-сынып оқушылары (қолдарына Қазақстан туын (кішкентай) ұстап тұрады) ( 3 минут)






1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсізгі мәңгі болсын!

2-жүргіуші: Елімізде бейбітшілік пен бірлік арта берсін. Осымен Тәуелсіздік күніне арналған «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты салтанатты кешіміз аяқталды.

1-2-Жүргізуші: Қош сау болыңыздар!











.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!