"Бірлігі жоқ, ел тозады"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бірлігі жоқ, ел тозады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы «Бірлігі жоқ, ел тозады» Мақсаты: - Оқушыларды бірлік, ынтымақ, татулық құндылықтарымен таныстыру; - Топтық жұмыс арқылы оқушылардың қарым-қатынастық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту; - Қоғамдағы бірліктің маңыздылығын түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын талқылау. Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, , нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер. Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі - Сәлемдесу. - Психологиялық дайындық: «Барлығымыз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін жылы сөздермен жеткізейік». Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне жылы лебіздер айтады. 2. Кіріспе Мұғалім сөзі: - Қазақта “Бірлігі жоқ, ел тозады, бірлігі күшті ел озады” деген мақал бар. Бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер? - Ел бірлігі үшін маңызды қадамдарды атаңыз - Бірліксіз елдің қандай қауіптері бар ? мысалдар келтіріңіз. 3. Негізгі бөлім 1. ХV- ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы «Бірлігі жоқ, ел тозады»

Мақсаты:

- Оқушыларды бірлік, ынтымақ, татулық құндылықтарымен таныстыру;

- Топтық жұмыс арқылы оқушылардың қарым-қатынастық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту;

- Қоғамдағы бірліктің маңыздылығын түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын талқылау.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, , нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу.

- Психологиялық дайындық: «Барлығымыз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін жылы сөздермен жеткізейік». Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне жылы лебіздер айтады.

2. Кіріспе

Мұғалім сөзі:

- Қазақта “Бірлігі жоқ, ел тозады, бірлігі күшті ел озады” деген мақал бар. Бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

- Ел бірлігі үшін маңызды қадамдарды атаңыз

- Бірліксіз елдің қандай қауіптері бар ? мысалдар келтіріңіз.

3. Негізгі бөлім

1. ХV- ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар

2. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті

3. «Ұлттық қазына» (Қазақстандағы белгілі бір ұлттың мәдениеті туралы ақпарат беріледі. Олар сол ұлттың дәстүрлері мен ел бірлігіне қосқан үлесі туралы баяндайды.)

4.Қорытынды

1. ХV- ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар


Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама.

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың кең жаһан далада өмір сүрді, не жойылып кету қауіпі тұрған еді.Өткен ХV ғасырда Қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды. 1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың.1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп – халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның 350 мыңнан астамы қазақтар еді. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді. Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.

2. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті.


Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессия отырысында Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

Н.Назарбаев сөйлеген сөзінде:

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,

«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Н.Назарбаев мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.

Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұл өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай- далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші арбір адам өз Отанын жаныдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке.

Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек.

3. «Ұлттық қазына» (Қазақстандағы белгілі бір ұлттың мәдениеті туралы ақпарат беріледі. Олар сол ұлттың дәстүрлері мен ел бірлігіне қосқан үлесі туралы баяндайды.) топтық жұмысы


4. Қорытынды

Достық шеңбері” - Оқушылар шеңберге отырып, өз ойларын айтады

  • Бірліксіз ел қандай болады?

  • Бірлікті сақтау үшін біз не істеуіміз керек?

  • Өздерің күнделікті өмірде бірлікке қалай үлес қосасыңдар?

Мұғалім:

Ел болашағы – жастардың қолында. Егер біз бір-бірімізге құрметпен қарап, бірге әрекет етсек, еліміздің болашағы жарқын болады. Бірлік – тек сөз емес, ол – әрқайсымыздың жүрегіміздегі ұлы құндылық. Бірлікті сақтап, достықты нығайту арқылы біз тек өзімізге ғана емес, елімізге де үлес қоса аламыз. Бірлігі жарасқан ел ешқашан жеңілмейді. Сол себепті, бүгінгі сабақтан алған ойларымызды өмірде қолданып, әрдайым татулық пен ынтымаққа ұмтылайық!”



3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.12.2024
1544
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі