"Бірлігіміз жарасқан"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бірлігіміз жарасқан"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 МАМЫР Бірлік күні.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы білім басқармасының

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің

жанындағы Қоянды ауылының «Аялы-Ай» бөбекжайы МКҚК













«Бірлігіміз жарасқан»

(1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні!)

9 «Бәйтерек» ересектер тобы





Тәрбиеші:Смагулова Р.Е













2023-2024 оқу жылы


Ұйымдастырылған тақырыптық оқу іс-әрекеті

Тәрбиеші: Смагулова Р.Е

Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан»

Мақсаты: 1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға түсіндіру; сұрақ жауап ұйымдастырып, балалардың тілдік нормаларын пайдалана отырып, дұрыс сөйлеуді дамыту; балаларды достыққа, татулыққа, басқа ұлттарға достықтарын арттырып тәрбиелеу. "халықтар бірлігі", "халықаралық мереке", сияқты сөздерді айтқызып, сөйлеу қабілетттерін жетілдіру.

Ресурстар: Көрнекілік материалдар ,Көңілді әуен жазбасы. Мерекелік күнге арналған суреттері: Халықаралық, ұлттардың суреттері. Суреттер бойынша әңгімелесудің көрнекілік кестесі. т.б

Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап, дамытушы ойындар.



Ұйымдастырылған іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбері:

- Балалар, бүгін бірлік мерекесі. Бірлігіміз мықты болсын десек, бізде бір-біріміздің қолымызды ұстап шеңбер құрып тұрайық. 

Балалар, бүгін, біз үшін маңызды күн, Алдымен, мына мақалды бірге қайталап, жаттап алайық. Мақал:  "Дос".     Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.



Шаттық шеңберін орындап


қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері.

Үлкенге сіз дейміз!

Кішіге де сіз дейміз!

Бәрін бәрін құрметтеп,

Бас иеміз біз.




Мақалды жаттап алады.





Ұйымдастырушылық-ізденістік
















































































- Ал балалар, тақтаға қарап мұқият тыңдаңыздар

.  "1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні" Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды

 Суреттер бойынша әңгімелеу "1 мамыр - Қазақстан халықтарының  бірлігі күні!".

Балалар, кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?

- Балалар, кім айтады көктем мезгілінде қанша ай бар? Жарайсыңдар.

- Балалар, көктем мезгілінің айларын атап шығайықшы?  - Жарайсыңдар!


- Балалар, мамыр айында қандай мерекелер бар?


- Мына жерде қандай мереке туралы бейнеленген?



- Балалар, мерекеде адамдар не істейді? 




- Балалар, сендер осындай мерекеге бардыңдар ма?  -

Кім мерекеге сай тақпақтар біледі?










Сергіту сәті: 

- Балалар, орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық!

Біз ақылды баламыз, Өсіп ойымыз санамыз.

Асығамыз білуге, Бар ынтаны саламыз.

Ойнамызда, ойламыз,  Отырамыз, тұрамыз.

Дидактикалық ойын: «Мақалды аяқта» 1. Бірлік болмай Тірлік ............ Болмас 2. Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті .... озады. ел 3. Ырыс алды ........... Ынтымақ 4. Тірлік, тірлік түбі-....... Бірлік 4 5. Жұмыла көтерген жүк ...... жеңіл Айтылған мақалдардың мағынасын түсіндереді.




Дидактикалық ойын: «Құрастырма»

Әр ұлттың өзінің киімдері мен тағамдарын пазл етіп құрастрады.
















Бейбітшіліктің белгісі көгершінді тұзбен бейнелейді.



Сұрақтарға толық жауап беру.












- Иә. Көктем мезгілі. Жарайсыңдар



- Иә. Көктем мезгілінде 3 ай бар


Иә. Көктем мезгілінің айлары наурыз, сәуір, мамыр..


- Иә, мамыр айында «Бірлік күні!», «Жеңіс күні» мерекелері тойланады.

- Иә, «1 мамыр - Қазақстан халықтарының  бірлігі күні!»

Иә, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттайды.

- Иә, «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады .


Балалардың жауабы.

Тақпақтарын айтады

 

Мәтінге сай қимылдар жасайды

























Рефлексивтік түзетушілік:


ҚОРЫТЫНДЫ,

Оқу әрекетін пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау. - Балалар, бүгін сендер үшін не қызықты болды?  - Балалар, бүгінгі мереке сендерге ұнады ма? Қандай мереке туралы айттық?  - Мерекеде адамдар не істейді?

 Мадақтама.

- Балалар, бүгін сендер өте зерек, ұйымшыл, тәртіпті де бола білдіңдер. Келешекте біз көптеген ойындарға, ойындар үстінде ізденімпаз, тапқыр, ұғымтал болып, көптеген ертегілерді тыңдап әңгіме  құрастыруды үйренеміз. Оқу қызметіміз аяқталды. Жарайсыңдар..




Балалардың жауаптары. -

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: 1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балалар білді

Нені игерді: "халықтар бірлігі", "халықаралық мереке", сияқты сөздерді айтқызып, сөйлеу қабілетттерін жетілдіру

Нені меңгерді:.Ел ішіндегі басқа ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  меңгерді





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі