«Бірлігіміз жарасқан елміз»Жол таңбаларының белгіленуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бірлігіміз жарасқан елміз»Жол таңбаларының белгіленуі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бірлігіміз жарасқан елміз»Жол таңбаларының белгіленуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Бірлігіміз жарасқан елміз»

ЖЖЕ: Жол таңбаларының белгіленуі

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Сабақтың мақсаты:

Достық, ынтымақтастық туралы түсініктерін нығайту, толықтыру;

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру;

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Оқушаларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынасережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.Отансүйгіштікке, елін қорғауға баулу

Құндылықтарды дарыту

Ынтымаққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


«20 сөз» әдісі арқылы суреттер бойынша сөйлем құраңдар. Жұптық жұмыс







ұлт өкілі, тату-тәтті, бірлік, ынтымақ, құшақ жая қарсы алу, бауырына басу, өмір сүру, Қазақстан Республикасы, туысқандық, бауыр, мекендеген, бір атаның балалары.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


Компьютер












Сабақ басы (10 мин)



- ҚР қанша ұлт өкілдері тұрады?

- Олар қандай ұлттар?

- Қазақстан қандай мекен?

- Қазақ халқы кімдерді құшақ жая қарсы алды?

- Оларға қандай жағдай жасады?

- Қазақстан бүгінгі күні ненің ордасына айналды?

«Ұшақ» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру

А4 формат қағаз

Ортасы (25 мин)


Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,

- деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім.

ЖЖЕ: Жол таңбаларының белгіленуі

Әр бір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерің керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар.

1.Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

2.Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

3.Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

4. Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?

5. Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?

6. Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?

Жарайсыңдар, балалар, жол қауіпсіздігі туралы білімдерін жоғары екені көрініп тұр. Енді балалар www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсын көруге шақырамын.

Әр ұлттың ұлттық тағамын,ұлттық өнерін көрсетеді

1. Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.

2. Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек.

3. Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал

4. Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.

5. Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.

6. Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып, жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.


Әр ұлттың ұлттық тағамдары

Соңы (5мин)






Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Тәуелсіздік таңы арайлап атып, арамызда тек достық болсын дей келе бүгінгі сабағымызды «Достық»әнімен аяқтайық. Оқушыларды мадақтау сәті: Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге «Достығымыз нығая берсін!» деп сөзімді аяқтаймын.




«Достық» әні



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі