Кішкенекөл
қазақ
мектеп - гимназиясы
10
– сынып оқушысы
Дәуренбек
Аяжан
Басты
байлық – бірлік
Шынын
айту керек, азаттық жолы – кедiр-бұдыр,
Тәуелсiздiк соқпағы – соқтықпалы. Қиындық
көп. Алынар асулар да ауыр. Ынтымағымызды
ыдыратпай, бiрлiгiмiздi божыратпай жұмыла
бiрiксек, ауыр жүгiмiздiң жеңiлдерi анық.
Бұл
сөздерiмдi мен ең әуелi өз халқыма –
қазақтарға, қала бердi күллi қазақстандықтарға
арнап отырмын.
Мен
елге сенемiн. Елiм де маған сенедi деп
ойлаймын… Өйткенi сөзiмiз – адал, iсiмiз
– ақ.
Нұрсұлтан
Назарбаев
Бірлік
дегеніміз не? Бірлік дегенімізді мен
қалай түсінемін? Мен үшін бірлік дегеніміз
– ең басты байлық. Себебі, бірлік барда
тірлік бар. Өзге адаммен қарым – қатынас
жасағанда досшыл, көпшіл болсақ, ортақ
жұмыс жасаған уақытта да бірлесіп,
бірігіп, ұйымшылдық танытуымыз керек.
Тек сонда ғана біз ынтымақта өмір
сүреміз. Бұл – бірлесудің бірінші
қадамы. Өзгелермен тату болсақ, арада
бірлік те, береке де болады. Өзгелермен
бірлесу үшін, әуелі, өзіміздің бірлік
жайында көзқарастарымызды жөнге салу
керекпіз. Абай ата айтпақшы, болмасаң
да, ұқсап бақ. «Досы көпті жау алмайды,
ақылы көпті дау алмайды » деген түйінге
келсек, досы көп болған адамның бірлестікке
жақын екенін түсінеміз.
Қазіргі
уақытта, сенің бір нәтижеге жеткендегі
жылдамдығың маңызды емес, маңыздысы –
бірлесіп жұмыс атқару боп табылыды.
Себебі, бірлесіп жұмыс істесе ғана, сол
жұмыстың қандай да бір нәтижесі болады.
Оны Елбасы да өз сөзінде айтып өткен
болатын. Мәселен, біздің еліміз –
көпұлтты мемлекет. Демек, біздің елде
тек қазақ емес, сондай – ақ, өзбек, ұйғыр,
монғол, орыс, тәжік сиықты ұлттар бар.
Біз бәріміз көк туымыздың астында
ынтымақтықты сақтап, елдің дамуына үлес
қосып жүрміз. Тағы мысал келтірсек, біз
Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын ала
аламыз. ТМД – ның құрылғаны бірлікті
қолдауды білдіретін сияқтанады. Осы
ұйымға орай, біздің еліміз өзге шетелдермен
бірлестікте.
Әнет
бабамыздың Төле биге айтқан сөзі бізге
де өнеге, мысал, сабақ. Ежелден келе
жатқан «бірлік » сөзі әлі күнге мағынасын,
мәнін жоғалтқан жоқ. Еліміздің бірлігі
барына шүкір, кері жағдайда ел күйзеліске
ұшырап, соңында егемендігінен айырылады.
Сондықтан, бірлікті аялай ұстап, «саусақ
бірікпей – ине ілікпейді » деген ойды
қолдайық!
Қазіргі
таңда, еліміздің әр жеткен жетістігі –
бірліктің бар болуында. Қазіргі
жетістігіміз – бар байлығымыз. Денсаулықты
қаншалықты жоғары бағаласақ, ынтымақты
да соншалықты бағалайық! Бірлік болса,
біз қандай да бір нәтижеге жетіп, бір
саты жоғары шығамыз. Бүгінгі таңда барша
жеңістеріміз сол ұйымшылдық пен бірліктің
арқасында. «Басты байлық – бірлік » деп
қорытындылай келе, барша қазақстандықтарды
мерекемен құттықтаймын. Және ынтымақ,
береке деген асыл заттарды жадымызда
ұстануымызды сұраймын.