Бірлік күніне тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бірлік күніне тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
1-мамыр бірлік күніне тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»

Күні

30.04.2024

Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»

Сабақтың мақсаты:

Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Сурет, нақыл сөздер

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

Жағымды көңіл -күйтуғызу.


«Ой шақыру»

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі оқушылар! 1мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Шаттық шеңбер жасау

Барлықтарыңыздың тұруларыңызды сұрап, түрлі халықтар қалай амандасатынымен танысып солар сияқты амандасып алайық.

Қазақтар – қол алысады

Италияда – құшақтасады

Бразилияда – бір – бірінің иығын қағады Зимбабада – арқасымен амандасады Македонияда – шынтақпен

Никаракуада – иықпен тіреседі

Австралияда шапалақ, секіру, бөксе түйістіреді.

Мереке алғаш рет 1996-шы жылы тойланды.

Татулықты тағылым еткен мейрамның тарихына аз-кем тоқталық. 1995-ші жылдың 18-ші қазанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1-ші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп Жарлық жариялады.

Ал, мереке алғаш рет 1996-шы жылы тойланды. Содан бері үлгілі үрдіс үзілмеді. Бүгінде бұл мерекені тұтас ел асыға күтеді, ауқымды атап өтеді. Ауызбіршілік пен келісім, басты құндылық ел үшін деп түсінетін отандастарымыз осы мейрамның барынша әсерлі әрі мағыналы өтуіне өз үлестерін қосуда.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Ортаға шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады.


Таратпа қағаздар




Сабақ басы

(7 мин)


Оқушылар Qr арқылы ақпаратпен танысады.

Сұрақтар:

  1. Қазақстан аумағында қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрып жатыр?

  2. Көктемнің соңғы айының бірінші күнін тойлау дәстүріне қандай тарихи оқиғалар себеп болды? 

  3. Тәуелсіз Қазақстанда мейрам алғаш рет қай жылы тойланды?

  4. Бірлігі жоқ ел тозады (бірлігі күшті ел озады)

  5. Әдепті бала арлы бала (әдепсіз бала сорлы бала)

  6. Досы көппен сыйлас (досы азбен сырлас)

  7. Ынтымақ оқ өтпес сауыт( татулық тамаша сауыт)

Сұрақтарға жауап береді.

Таратпа қағаздар

Сабақ ортасы

(30 минут)

Бірлік – адамдардың өзара түсіністігі, ынтымақтастығы және ортақ мақсаттарға жетуге бірігуі.

Жасампаздық – жаңашылдық пен креативтіліктің көрінісі, ол жаңа идеялар, шешімдер мен өнімдердің пайда болуына ықпал етеді. Жасампаздық-жақсы істерді атқару. Елге, жұртқа жаңа серпіліс беретін идеяларды жүзеге асыру. Жаңа жобаны қолдап, жақсылықтың жаршысы болу.

Эссе жазу

"Бірлік, жасампаздық"

"Бірлік, жасампаздық" тақырыбында эссе жазады.


Соңы

(1-минут)






«Туған еліме тілегім»
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл, күн, көгершін және шаңырақ суреттерін үлестірмелі түрде тастайды. Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы және ризашылықтарын білдіреді.

Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулыққа, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кешіміз Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметіміз деп білемін.

Оқушылар стикерлерге пікірлерін жазады
























1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі жақындап келеді. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі.

Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан  бұл мейрамның маңызы зор. 

Көктемнің соңғы айының бірінші күнін тойлау дәстүріне қандай тарихи оқиғалар себеп болды? Мерекенің кешегі өткен тарихына көз жүгіртсек, 1 мамыр мейрамын алғаш ойлап тапқан большевиктер, Чикагода ереуілге шыққан жұмысшылар емес екен. Мереке тарихының тамыры тереңде жатыр.

Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары жердің қамқоршысы әйел құдай Майяға табынған. Соның құрметіне көктемнің соңғы айын «май» деп атап, осы айдың бірінші күнінде серуендер өткізіп, тойлар жасады. 

1 мамыр мерекесінің тарихы Еңбекшілердің ынтымақтастығы күні ретінде 1889 жылдың шілдесінен атап өтіле басталды. 1886 жылдың 1 мамырында АҚШ-тың жұмысшылары 15-сағаттық жұмыс күніне қарсы ереуіл ұйымдастырып, зауыт басшыларынанжұмыс күнін 8 сағат деп белгілеуді  талап еткен. 

Наразылық білдіру әрекеттері 4 күнге созылды. Нәтижесінде, ереуілге қатысқан жүздеген адамдар тұтқындалып, алты жұмысшы мерт болды, 50 — жарақат алды. Жұмысшылар үшін тіпті мұның өзі кедергі болмады. 1889 жылдың маусымында Париждегі 2 Интернационалдың 1 Конгрессі 1 мамырды - 8 сағаттық жұмыс күні үшін Халықаралық күрес күні немесе Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп атау туралы шешім шығарды. 

Ресей империясында бұл мейрам 1890 жылы жұмысшылардың ереуілге шығуы ретінде аталып өткен. Бір жылдан кейін Петербург қаласында бірінші «маевка» (еск.: төңкеріске дейінгі Ресейде — еңбекшілердің революциялық құпия жиналысы) ұйымдастырылды. 1897 жылдан бастап «маевкалар» саяси сипатқа ие болып, жаппай демонстрациялармен қатар өтті. 1917 жылдың 1 мамырында бұл мереке алғаш рет ашық тойланды. Елдің барлық қалаларындағы миллиондаған жұмысшылар Коммунистік партияның «Барлық билік кеңестерге берілсін!», «Министр-капиталисттердің көзі жойылсын!» деген плакаттарымен алаңға шықты.

 

Кеңес Одағында Еңбекшілердің ынтымақтастық күні мемлекеттік мереке болып табылып, сән-салтанатпен атап өтілді. 1 және 2 мамыр күндері демалыс күндері болды. Қазіргі таңда Ресейде бұл мейрам өзінің бастапқы саяси мағынасынан айырылып, Көктем және еңбек күні болып саналады. 1 мамыр мерекесі 1990 жылы Еңбекшілердің ынтымақтастық күні ретінде тойланды. 

Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап тойланады. 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында қол қойып, Еңбекшілер күнін тойлаудан бас тартты. Бұл күні Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі. Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Елде 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі? Ән айтылып, би биленеді. 

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне қатысқан адам бұл мейрамның ауқымын біледі. Мерекеге әртүрлі мәдени орталықтар атсалысады. Олардың мақсаты — Қазақстан халқын өзге халықтардың дәстүрлерімен таныстыру. Мейрамға еңбек ұжымжары, ЖОО студенттері, әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері белсенді қатысады. Мерекенің ең бір жарқын көрінісі — этномәдени көрме. Орталық мәдениет және демалыс саябағының алдында (Астана қ.) Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлттық баспаналары тұрғызылады. Шағын музейлерден белгілі бір ұлтқа тән киім үлгілерін, үй заттарын, әшекейлерді көріп, ұлттық тағамдарының дәмін тата аласыздар. Сонымен бірге, бұл күні Қазақстан музейлері мен кітапханалары Қазақстанда тұратын халықтарға арналған көрмелер ұйымдастырады. Мейрам Қазақстан халқын ел аумағында тұратын өзге ұлттардың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып, ұлт тұтастығын нығайта түседі.

Shape1

Shape2

Shape3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2024
230
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі