жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1С Көпмүшелер |
Мектеп: С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Харесов Таңатар Екпинович |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 7 А |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.2.1.2 бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу 7.2.1.3 бірмүшені стандарт түрде жазу; 7.2.1.4 бірмүшелерді көбейтуді орындау және керісінше, оны көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету; |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар істей алады: Бірмүше анықтамасын біледі, оның коэффициенті мен дәрежесін табады. Көптеген оқушылар істей алады: Бірмүшені стандарт түрде жаза алады. Кейбір оқушылар істей алады: Бірмүшені стандарт түрге келтіреді және бірмүшелермен амалдар қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Білу: Бірмүшені анықтай алса және бірмүшелер ішінен стандартты түрдегі бірмүшелерді анықтай алады. Түсіну: Бірмүшені стандарт түрде жазып, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай алады. Қолдану: Бірмүшелерге қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару амалдарын қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдікмақсаттар |
Оқушылар: Қандай өрнектің бірмүше болатынын түсіндіреді; - бірмүшелерді көбейту мен бірмүшені дәрежеге шығару жолын негіздейді. Пәнге тән лексика мен терминология:бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, коэффициенті, дәрежесі,бірмүшелерді қосу, азайту, көбейту, бөлу, бірмүшені дәрежеге шығару, ұқсас мүшелер. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: ... дәрежелі бірмүше, бірмүшеге енетін дәрежелердің көрсеткіштерінің қосындысы ... тең, бірмүшені стандарт түрге келтіру үшін ..., бірмүшелерді көбейткенде ..., бірмүшені дәрежеге шығарғанда ..., бірмүшелердің алгебралық қосындысы ..., |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар ды дарыту |
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену кабілеттерін арттыру. Инновациялық,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті ету. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация көмегімен оқушылар негізгі ұғымдарды нақтылайды және бекіту жаттығуларын орындайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар әріпті өрнек және дәреже ұғымдарымен таныс. Дәрежелерді көбейту, бөлу, дәрежені дәрежеге шығару қасиеттерін біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың түрі |
Жаңа білімді игеру сабағы |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспар ланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 6 минут |
І. Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Топқа бөлу «Мозайка» әдісі (1 мин) «Хабарлама SMS» әдісі (5 мин) оқушыларға дәрежелердің қасиетін қолданып жасырылған сөзді (Қосымша 1) табуды ұсынады.Бұл жаттығу оқушылардың зейінін сабақтың тақырыбының аясында шоғырландыруға бағытталған.Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Орындалған тапсырманың дұрыстығын тақтадағы жауабымен салыстыру арқылы тексереді. |
Түрлі түсті парақтар, А4 формат қағазы Ә.Н. Шыныбеков, Алгебра-7. Алматы «Атамұра»,2012.-176 бет.
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 15 минут Дағды: Білу және түсіну 3 минут Дағды: Білу және түсіну 2 минут Дағды: Қолдану 5 минут Дағды: Білу және түсіну 5 минут Дағды: Білу және түсіну 15 минут Пысықтау |
ІІ. Жаңа материал «Раушан бағы »бейне көрініс көру. Жеке жұмыс. Мақсаты: Бірмүше ұғымын оқушылардың өз бетімен оқуы арқылы игеру Оқушылар оқулықтан бірмүшенің анықтамасын тауып, сыныптастарымен бөліседі. Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолдау көрсетеді және көмектеседі. Бағалау:Мұғалім оқушылардың бірмүшенің анықтамасын дұрыс түсінгенін оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалайды. ІІІ.Ұжымдық жұмыс. Оқушыларға үлестірме қағазда жазылған №2.1 1), 2) №2.2 1),2) өрнектердің ішінен бірмүшелерді табу тапсырмасын орындау ұсынылады. Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Орындалған тапсырманың дұрыстығын мұғалім оқушылардың дәптерлерінен тексереді. Мақсаты:Оқушылардың бірмүшелерді анықтау дағдысын қалыптастыру Бағалау:Мұғалім оқушылардың бірмүшелерді анықтай алатындығын оларды қолдап, басбармақ әдісі арқылы бағалайды. ІV.Жеке жұмыс Оқушыларға тақтаға кезекпен есеп шығару ұсынылады. №2.4 1)2) №2.5 3),4) №2.6 4)жаттығуларындағы өрнектерге көңіл аудару ұсынылады.Бұл тапсырмалар бірмүшенің стандарт түрі ұғымын енгізу үшін орындалады. Оқушылардан бұл өрнектерге ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып, ықшамдағанда бірмүшелер шығатындығы және ол бірмүшенің стандарт түрі делінетіндігін оқулық арқылы білу күтіледі. Бағалау:Мұғалім оқушылардың бірмүшенің стандарт түрі ұғымын дұрыс түсінгенін қолдап, смайлик арқылы бағалайды V. Ұжымдық жұмыс Оқушыларға оқулық бойынша жұмыстанып, бірмүшенің коэффициенті деген не және бірмүшенің дәрежесі дегеніміз не екенін анықтау ұсынылады. Мақсаты:Бірмүшенің коэффициенті және бірмүшенің дәрежесі ұғымын оқушылардың өз бетімен оқуы арқылы игеру Оқушылар оқулықтан бірмүшенің коэффициентінің және бірмүшенің дәрежесінің анықтамасын тауып, сыныптастарымен бөліседі. Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолдау көрсетеді және көмектеседі. Бағалау:Мұғалім оқушылардың бірмүшенің коэффициенті және бірмүшенің дәрежесі ұғымдарын дұрыс түсінгенін қолдап, смайлик арқылы бағалайды. VІ.Жеке жұмыс. Оқушыларға өз беттерімен шығару ұсынылады.Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды.
Орындалған тапсырманың дұрыстығын тексеру үшін тақтада бағалау дескрипторы көрсетіледі:
Мақсаты:Оқушылардың бірмүшенің стандарт түрі, оның коэффициенті және дәрежесі ұғымдарын игергендігін анықтау Бағалау: Оқушы дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды VIІ.Жұптық жұмыс. Оқушыларға презентация бойынша бірмүшелерге амалдар қолдану ережелері мен мысалдарын талдау ұсынылады. Бес жұп бес амал бойынша жұмыстанады және мұғалімнің көмегімен слайд арқылы түсіндіреді. «Борт журналы» әдісі арқылы (5 мин) «Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану» тақырыбын бекіту үшін, оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын қолдануды қалыптастыру үшін есептер шығарады: Мақсаты: Бірмүшелерге қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару амалдарын қолдану дағдысын қалыптастыру. Бағалау: Жұптағы оқушылар дескриптор көмегімен бірін - бірі бағалайды. Бұл жұмыстардың бағалау дескрипторы:
бірмүшелерді дәрежеге шығарады.
|
Білім ланд бейне көрініс http://go.mail.ru/search_video?q=%D0%BC%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%87%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D1%8B&fr=chxtn12.0.11&gp=811037&d=1053649673&sig=ff225cc3b4&s=Youtube (ru) http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10595 (kz, ru)
Презентация 10,11,12-слайд Ә.Н. Шыныбеков, Алгебра-7. Алматы «Атамұра»,2017.-46 бет. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут Дағды: Анализ |
Рефлексия “Аяқталмаған сөйлемдер” * Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды. *......................... екенін түсіндім. Оқушылар әр оқу мақсатын қандай дәрежеде игергендігі туралы мәліметті жазады және түсіндіреді. Мақсаты: Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін бағалау Бағалау: Мұғалім оқушылардың жетістігін құптайды, қажет болған жағдайда кеңес береді. Үйге тапсырма : №2.1. 3) 4) №2.2. 3) 4) |
Ә.Н. Шыныбеков, Алгебра-7. Алматы «Атамұра»,2017.-46 бет.
|
||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген