Бірқалыпты түзу сызықты
қозғалыс
Бастапқы
деңгей
-
Машина 15 м/с жылдамдықпен
қозғалады. Бұл жылдамдықты км/сағ, дм/мин түрінде
көрсетіңіз.
-
Су ағынының жылдамдығын
анықтау үшін өзенге қалтқы жіберіледі. Ол 50 секундта 60 м
қашықтықты жүріп өтеді. Қалтқы жылдамдығын өзен жылдамдығына тең
деп алып, су ағынының жылдамдығын
анықтаңыз.
-
Ұшақ 5 минутта 100 км ұшады.
Ұшақтың м/с және км/сағ жылдамдығын
анықтаңыз.
-
Қандай жылдамдық үлкен:
сағатына 1200 км ұшатын ұшақтың немесе мылтықтан атылған жылдамдығы
760 м/с болатын оқтың?
-
Қозғалыс жылдамдығы 0,5 м/с
болатын өзенде жүзіп келе жатқан сал, 150 м қашықтықты неше минутта
өтеді?
-
Екі елді мекеннің арасы 120
шақырым. Бұл қашықтықты автобус орташа 40 км/сағ, ал автомобиль
орташа жылдамдығы 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автобус
жолаушылары автомобиль жолаушылардан қанша сағат көп
жүреді?
-
Белгілі уақыттан ішінде
парашютші 5 м/с бірқалыпты жылдамдықпен біркелкі төмен түседі.
Осындай жылдамдықпен қозғалып, 5 минутта жерге жетті. Осы уақыт
ішінде парашютші қандай жолды басып өтті?
-
Автобус бірінші сағатта 60
км/сағ орташа жылдамдықпен, ал екінші сағатта 80 км/сағ орташа
жылдамдықпен қозғалды. Автобус жолдың екінші сағатында бірінші
сағатқа қарағанда неше километр артық
жүрді?
-
Жаяу жүргінші минутына 100
қадам жасайды. Қадам ұзындығын 80 см деп есептеп, жаяу жүргіншінің
жылдамдығын анықтаңыз.
-
Машина 40 км/сағ жылдамдықпен
30 минутта, ал келесі 0,5 сағатта 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.
Көлік осы уақыт аралығында қанша жол
жүрді?
-
Мотоцикл алғашқы екі сағатта
90 км жол жүрді, ал келесі үш сағатта 50 км/сағ жылдамдықпен
қозғалды. Жолдың бірінші кезеніңде мотоциклдің жылдамдығы қандай
болды? Ол бүкіл жол бойы қандай қашықтықты жүріп
өтті?
-
Пойыз 20 м/с жылдамдықпен 1
сағат, одан кейін 36 км/сағ жылдамдықпен тағы 3 сағат жүрді, ал
жолдың соңғы бөлігінің ұзындығы 20 км болды. Пойыз қандай
қашықтықты жүріп өтті?
-
Бір велосипедші белгілі бір
жолды 3 с ішінде жүріп, 6 м/с жылдамдықпен қозғалды. Ал екіншісі -
9 с ішінде дәл осындай жолды жүрді. Екінші велосипедшінің
жылдамдығы қандай?
-
Жас бамбук бір күнде 86,4 см
өседі.Ол 1 сағатта неше сантиметр өседі?
-
Каналдағы су шығыны секундына
0,27 м³. Арнаның ені 1,5 м, тереңдігі 0,6 м Арнадағы судың
жылдамдығын анықтаңыз.
-
Қайық өзенмен төмен қарай
жылжиды. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 3 м/с, өзеннің жылдамдығы
1 м/с. Қайық 20 минутта қанша жол жүреді?
-
Моторлы қайық өзен бойымен
ағысқа қарсы қозғалады. Меншікті қайықтың жылдамдығы 4 м/с, су
жылдамдығы 1,5 м/с. Қайық 9 км қашықтықты қанша уақытта жүріп
өтеді?
Орта
деңгей
-
Қайықтың суға қатысты
жылдамдығы 3 м/с, ағыс жылдамдығы 2 м/с. 1 сағатта қайық басып
өткен жолды анықтаңыз. Ағыспен және ағысқа қарсы жүрген жолдарының
қатынасын көрсетіңіз?
-
Пойыздың ұзындығы 100 м, ал
жылдамдығы 36 км/сағ болса, ұзындығы 200 м тоннельді қанша уақытта
өтеді?
-
Суретте үш дененің жүріп өткен
жолының уақытқа қатысты графигі көрсетілген. Үшінші дененің
жылдамдығы қандай? Екінші дененің жылдамдығы біріншіден неше есе
артық екенін анықтаңыз.
-
Көлік 54 км/сағ жылдамдықпен
қозғалады. Жолдың ені 6 м. Жолдан өткен жаяу жүргіншінің жылдамдығы
1 м/с. Егер көлік тежегішті баспастан өтіп кетуі үшін ең аз
қашықтықты анықтаңыз?
-
54 км/сағ жылдамдықпен келе
жатқан пойыздың терезесінде тұрған жолаушы жылдамдығы 36 км/сағ,
ұзындығы 250 м келе жатқан пойызды қанша уақыт
көреді?
-
Колонна тас жол бойымен 10 м/с
жылдамдықпен қозғалады, оның ұзындығы 2 км қашықтыққа созылады.
Мотоциклші колоннаның сонынан 20 м/с жылдамдықпен шығып, колонна
басына қарай жылжиды. Мотоциклші колоннаны қанша уақытта басып
озады?
-
Екі көлік бір-біріне қарай
түзу жолмен біркалыпты қозғалады: біреуі 90 км/сағ, екіншісі 72
км/сағ жылдамдықпен. Көліктер жанармай құю бекетінде кездесіп,
тоқтаусыз қозғалысын жалғастырды. Кездесуден кейін 3 минуттан кейін
көліктер арасындағы қашықтықты анықтаңыз.
-
Ара қашықтығы 120 км болатын
екі елді мекеннен бір мезгілде 90 км/сағ және 110 км/сағ тұрақты
жылдамдықпен екі көлік бір-біріне қарай шықты. Көліктер неше
уақыттан кейін кездеседі және олардың әрқайсысы қанша жол
жүреді?
-
Қайықпен алға-артқа 1 км жол
жүру үшін қанша уақыт қажет: а) өзен бойымен; б) көлде? Қайықтың су
үстіндегі жылдамдығы 8 км/сағ, ағыс жылдамдығы 2
км/сағ.
-
36 км/сағ жылдамдықпен келе
жатқан пойыз вагонын вагон қозғалысына перпендикуляр ұшқан оқ тесіп
өткен. Вагонның қабырғасындағы бір тесік екіншісіне қатысты 3 см
ығысқан. Вагонның ені 2,7 м. Оқтың жылдамдығы
қандай?
-
Велосипедші 9 км/сағ
жылдамдықпен темір жолға параллель жол бойымен келе жатыр. Бір
мезетте біркелкі қозғалып келе жатқан ұзындығы 120 м пойыз оны 6
секундта басып озады. Пойыздың жылдамдығы қандай
болды?
-
Әдетте жүгіру аланың орташа 5
м/с жылдамдықпен жүгіретін спортшы жаттығудан кейін сол жүгіру
аланың орташа 6 м/с жылдамдықпен жүгіре бастады. Осының арқасында
жүгіру аланың өту уақыты 50 секундқа қысқарды. Жүгіру аланының
ұзындығын табыңыз.
Жеткілікті
деңгей
-
Уақытқа қатысты координаталар
сызбалары арқылы берілген екі машинаның қозғалысын сипаттаңыз.
Қозғалыс басталған кездегі машиналар арасындағы қашықтықты, әр
машинаның жылдамдығын, кездескеннен кейінгі уақытты, кездесуге
дейін әрбір машинаның жүріп өткен жолын
табыңыз.
-
Жаяу жүргінші бір қаладан
екінші қалаға жол жүрді. Ол 27 км жол жүргенде, жаяу жүргіншінің
жылдамдығынан 10 есе артық жылдамдықпен оның соңынан автомобиль
шықты. Жаяу жүргінші мен автомобиль екінші қалаға бірдей кіретін
болса, қалалар арасындағы қашықтық қандай
болмақ?
-
Велосипедші А нүктесінен В
нүктесіне дейін 20 км/сағ тұрақты жылдамдықпен жүрді. 15 минуттан
кейін екінші велосипедші В нүктесінен А нүктесіне 20 км/сағ тұрақты
жылдамдықпен шықты. Нүктелер арасындағы қашықтық 55 км. Екінші
велосипедші кеткеннен кейін олар қанша уақыттан кейін
кездеседі?
-
Қала мен ауылыдың арасы 80
шақырым. Автокөлік қаладан ауыл бағытында 50 км/сағ жылдамдықпен
шықты. Бұл кезде мотоцикл ауылдан көлікпен бір бағытта 30 км/сағ
жылдамдықпен шығады. Қаладан қандай қашықтықта көлік мотоциклді
басып озады
-
Берік мен Серік бір мезгілде
арасы 5 шақырым болатын екі ауылдан бір-біріне қарай бет алды.
Берік 5,6 км/сағ, ал Серік 5,4 км/сағ жылдамдыққа ие. Екеуі
кездескенге дейін күшік 2 м/с жылдамдықпен қарама-қарсы бағытқа
қарай қозғалса, Берік пен Серіктің кездесу нүктесінен күшік неше
шақырым қашықтықта болады?
-
Бірқалыпты 30 км/сағ
жылдамдыққа ие көлік, межелі нүктесіне дейінгі жолының жарты
бөлігін t уақытта жүріп өтті. Көлік өз шығу нүктесіне осы t уақытта
жету үшін, ары қарай қандай жылдамдықпен қозғалуы
керек?
-
20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты
қозғалған моторист межелі жерге дейін жарты жолды 1,25 сағатта
жүріп өтті. Ол межелі жерге жетуге және кері қайтуға 3 сағат уақыт
жұмсау үшін бірқалыпты қозғалысты қандай жылдамдықпен жалғастыру
керек?
-
50 км/сағ жылдамдықпен келе
жатқан автобус жабық темір жол өткелінің алдында 1,5 минут тұрды.
Темір жол өткелінен ең жақын аялдамаға дейінгі қашықтық 3,75 км
болса, ол кестеден шықпау үшін қандай жылдамдықпен қозғалуын
жалғастыруы керек?
-
Бөгеттер арасындағы қашықтық
144 км. Егер кеменің тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ, ал ағыс
жылдамдығы 3 м/с болса, кеме екі бөгет арасына барып қайтуға қанша
сағат жұмсайды?
-
Қайық өзеннің төменгі ағысы
бойындағы екі елді мекеннің арасын 8 сағатта, кері 12 сағатта
өтеді. Қайық тынық суда осы қашықтықты неше сағатта
жүреді?
-
Кеме А қаласынан В қаласына 5
күн, кері 7 күн жүреді. Сал А қаласынан В қаласына дейін қанша
уақыт жүреді.
-
Өзен жағасында орналасқан екі
елді мекеннің арасы 10 км. Ағысқа қарсы қайық бұл қашықтықты 0,25
сағатта өтеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы 60 км/сағ. Қайық өзен
ағысымен бұл қашықтықты қанша уақыт өте
алады?
-
Қозғалмай тұрған жолаушы
метрополитен экскалаторымен 1 мин, ал қозғалмайтын экскалатормен
жолаушы 3 мин көтеріледі. Қозғалыстағы экскалатор арқылы жолаушының
көтерілу уақыты.
-
Қозғалыстағы эскалаторлық
баспалдақпен келе жатқан жолаушының түсуі 15 секундты алады. Жұмыс
істеп тұрған эскалатордың баспалдағында тұрған жолаушының түсуі 24
секундты алады. Жұмыс істемейтін эскалатордың баспалдағымен жүріп
келе жатқан жолаушы қанша уақытта төмен
түседі?
-
Метроның эскалаторы
қозғалыстағы адамды 1 минутта түсіреді. Егер адам екі есе жылдам
жүрсе, ол 45 секундта төмен түседі. Эскалаторда қозғалыссыз тұрған
адам қанша уақыт төмен түседі.
-
Екі адам бір уақытта
эскалаторға қарама-қарсы жақтан кіріп, бір-біріне қарай эскалаторға
қатысты 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Олар эскалатордың кіре
берісінен қандай қашықтықта кездеседі (біз эскалатордың қозғалыс
бағыты адамның қозғалыс бағытымен сәйкес келетін жақтың кіреберісін
қарастырамыз)? Эскалатордың ұзындығы 100 м, жылдамдығы 1,5
м/с.
-
Жаяу жүргінші бір қаладан
екінші қалаға жол тартты. Ол 27 шақырым жаяу жүргенде, жаяу
жүргіншінің жылдамдығынан 10 есе артық жылдамдықпен көлік артынан
шықты. Жаяу жүргінші мен көлік қалаға бірдей кіретін болса, қалалар
арасындағы қашықтық қанша?
Жоғарғы
деңгей
-
Автобус пен мотоциклдің арасы
20 км. Егер олар бір бағытта қозғалса, онда мотоцикл автобусты 1
сағатта қуып жетеді.Егер олар бір-біріне қарай сол жылдамдықпен
қозғалса, олар 10 минутта кездеседі. Мотоцикл мен автобустың
жылдамдығы қандай?
-
Ұзындығы 300 м кеме тынық суда
v жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдығы 90 км/сағ болатын қайық
қозғалып келе жатқан кемені ары-бері 37,5 секундта өтеді. Кеменің
жылдамдығын анықтаңыз.
-
Қайықпен өзен жағасында жүзіп
келе жатқан балықшы көпір астындағы суға ілмек тастады. 1 сағаттан
кейін ол мұны байқап және артқа бұрылып, көпірден 6 км қашықтықта
ілгекке жетті. Егер балықшы өзен бойымен бірдей жылдамдықпен су
арқылы жоғары және төмен қозғалса, өзеннің жылдамдығы
қандай?
-
Ұзындығы 100 м кеме өзен
бойымен 5 м/с тұрақты жылдамдықпен жүзіп келе жатыр. Кеменің соңғы
жағында теңізші тұр. Ол кемеге қатысты 1 м/с тұрақты жылдамдықпен
алға, ал кемеге қатысты 2 м/с тұрақты жылдамдықпен артқа жылжиды.
Теңізші осылайша 10 рет алға-артқа жүрсе, өзен жағасына қатысты
қандай қашықтықты жүреді?
-
М нүктесінен К нүктесіне 10
минут аралықпен бір автобус кетеді. М және К нүктелерінің
арақашықтығы 60 км. Әр автобустың жылдамдығы 60 км/сағ. Әрбір
автобус үшін жолдың уақытқа тәуелділік графигін салыңыз. Осы
графиктерден I автобустарының бірімен бір мезгілде К нүктесінен М
нүктесіне автокөлікпен шыққан жолаушы жолда қанша автобусты
кездестіретінін анықтаңыз. М нүктесінен автомобиль 60 км/сағ
жылдамдықпен қозғалады.
Бірқалыпты түзусызықты
қозғалыс. Жауаптары.
1.
54 км/сағ; 90
дм/мин. 2.
1,2 м/с.
3.
334 м/с; 1200 км/сағ. 4.
Винтовка оғы. 5.
5 мин.
6.
1сағ.
7.
1,5 км.
8.
20 км.
9.
1,3 м/с.
10. 50 км.
11. 45 км/сағ; 240
км. 12. 200 км.
13. 2 м/с.
14. 3,6 см.
15. 0,3 м/с.
16. 4,8 км.
17. 1 ч.
18. 5 рет.
19. 30 с.
20. 0,25 м/с; 2
рет. 21. 90 м.
22. 10 с.
23. 200 с.
24. 8,1 км.
25. 0,6 сағ; 54 км; 66
км. 26. а) 0,27 сағ; б) 0,25
сағ. 27. 900 м/с.
28. 22,5 м/с.
29. 1500 м.
30. 350 км; 60 км/сағ; 80 км/сағ;
2,5 сағ; 150 км; 200 км. 31. 30 км.
32. 1,25 сағ.
33. 200 км.
34. 3,3 км.
35. 90
км/сағ. 36. 25 м/с.
37. 75
км/сағ. 38. 25 сағ.
39. 9,6 сағ.
40. 35 тәул.
41. 7,5 мин.
42. 45 с.
43. 40 с.
44. 90 с.
45. 87,5 м.
46. 30 км.
47. 70 км/сағ; 50
км/сағ. 48. 15 м/с.
49. 3 км/сағ.
50. 7500 м.
51. 11.