Біртұтас тәрбие бағарламасы аясында Тақырыбы: Заң және заман

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біртұтас тәрбие бағарламасы аясында Тақырыбы: Заң және заман

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларда адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру; Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Заң және заман


Мақсаты: Оқушыларда адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру; Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Түрі: Топтық сайыс.
Көрнекіліктері: ҚР-ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р-ның Конституциясы, заң кітаптары.
Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
(Б. Момышұлы)
«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу-ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»
(Ж. Баласағұн)
Сайыс барысы:
1. Ұйымдастыру - үш топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.
І   топ "Болашақ»
ІІ  топ "Бағдар»
ІІІ топ «Жаңғыру»
Мұғалім: Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы.

І. Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Заңды білу» деп аталады, яғни әр топ атын, топ ұстанымын, топ эмблемасымен таныстырып өтеді. Уақыт -5 минут. Жоғарғы ұпай 10-ұпай. Топтарға сәттілік тілейміз.
ІІ. «Қысқа-нұсқа» - әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.
І топ сұрақтары.
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio»-құрылым, өкілім)
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р –да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993, 1995 ж)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент)
6. Қ. Р. азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (Міндетті емес)
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
10. Қ. Р –ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
ІІ топ сұрақтары:
1. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
2. Қ.Р-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан)
3. Қ.Р-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
4. Қ.Р-да ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)
5. Қ.Р-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж, 8 тамыз)
6. Қ.Р-ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж 12 қараша)
7. Қ.Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы мемлекет)
8. Қ.Р қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)
9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)
10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы)
ІІІ топ сұрақтары:
1. «Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)
2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948, 10 желтоқсан)
3. Қ.Р-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика)
4. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (Президент пен Парламенттің)
5. Қ.Р «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж, 4 маусым)
6. Қ.Р-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады. (10 тарау, 53 бап)
7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? (Халық бірлігі мен тарих жылы)
8. 17 - желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
10. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды. (1989 ж).
ІІІ. Заңға бағыну –тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық және тағы басқа адамға тән қасиеттер бар екені сол қасиеттер қоғамның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі екені белгілі. Олай болса келесі бөліміміз, «Тапқырлық» деп аталады
Мұғалім: Отаным деп танып, оның заңдарына бағынған адамның белгілі бір мемлекетті – елжандылық, азаматтық жауапкершілікке байланысты, өз елінің алдындағы азаматтық борышы. Олай болса, келесі бөліміміз «Қ.Р- ның азаматтық» Кодексіне байланысты жағдаяттық сұрақтарға кезек береміз.
Пікір сайыс: Берілген сұраққа әр топ өз ойларын білдіруі керек?

Уақыт 5 минут.
Тақырып: «Жастар және қылмыс»
І топ: Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар?
ІІ топ: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
ІІІ топ: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
«Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»
І топ: «Оқушы құқықтары»
ІІ топ: «Оқушы міндеттері»
ІІІ топ: «Оқушы жауапкершілігі»
«Келешек» жобасын қорғау. Шарты:
Барлық топқа бір сұрақ беріледі, сол сұрақ төңірегінде өз ойларын қағаз бетіне сурет түрінде түсіріп, қорғап шығуы керек. Уақыт: шектеулі 5 минут


Сұрақ: «Менің құқығым?» (өз ойым...)

Қорытынды: Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдыңғы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше М. Әуезов атамыз айтқандай «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңе салыңдар.

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2025
129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі