«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
Адалдыққа тәрбиелеу - басты міндет
Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Қоғамның дамуы мен өркендеуі әрбір азаматтың адалдығына тікелей байланысты. Адал азамат – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шындықты ту етіп, әділдікті қолдайтын тұлға.Адал азамат ең алдымен өз-өзіне шыншыл болады. Ол өтірік айтудан, алдаудан, біреудің еңбегін иеленуден аулақ жүреді. Мұндай адам өз ортасында сыйлы, сенімді болады. Өйткені адамдар әрқашан адал жанға сенім артады.Сонымен қатар, адал азамат өз елін, жерін құрметтейді. Ол қоғамдағы тәртіпті сақтап, заңды бұзбауға тырысады. Өз еңбегімен табыс табу, маңдай терімен жетістікке жету – адал адамның басты ұстанымы. Адал еңбек қашанда берекелі әрі нәтижелі болады.Бүгінгі таңда жастардың бойында адалдық қасиетін қалыптастыру өте маңызды. Себебі болашақ ел тағдыры солардың қолында. Егер әрбір жас адалдықты өмірлік қағидасына айналдырса, еліміздің келешегі де жарқын болмақ.
Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру.
Мазмұны ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын: «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылықтарына негізделген.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Бағдарламаны іске асыру құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелеріне негізделеді. Олар оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз етеді.
Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және білім беру ұйымы түлектерінің моделін айқындайды:
-
ұлттық мүддені ілгерілету;
-
тиімді қарым-қатынас және басқалармен ынтымақтастық орнату;
-
қоғамға қызмет ету;
-
этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;
-
инновациялық ойлау;
-
идеялар мен проблемаларды шешуде стандартты емес тиімді әдістер қолдану.
«Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті». Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Олай болса, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы деп қарап, бала тәрбиесіне келгенде бүкіл қоғам болып «жұмыла көтерген жүк жеңіл» қағидатымен әрбір баланың бойына ізгілік нұрын құйып, құндылықтармен қуаттандыруымыз керек. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек.Қорытындылай келе, адал азамат – қоғамның тірегі, елдің сенімді күші. Әр адам адалдықты ту етіп ұстаса, әділ де дамыған қоғам құруға толық мүмкіндік бар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Адалдыққа тәрбиелеу - басты міндет
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
Адалдыққа тәрбиелеу - басты міндет
Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Қоғамның дамуы мен өркендеуі әрбір азаматтың адалдығына тікелей байланысты. Адал азамат – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шындықты ту етіп, әділдікті қолдайтын тұлға.Адал азамат ең алдымен өз-өзіне шыншыл болады. Ол өтірік айтудан, алдаудан, біреудің еңбегін иеленуден аулақ жүреді. Мұндай адам өз ортасында сыйлы, сенімді болады. Өйткені адамдар әрқашан адал жанға сенім артады.Сонымен қатар, адал азамат өз елін, жерін құрметтейді. Ол қоғамдағы тәртіпті сақтап, заңды бұзбауға тырысады. Өз еңбегімен табыс табу, маңдай терімен жетістікке жету – адал адамның басты ұстанымы. Адал еңбек қашанда берекелі әрі нәтижелі болады.Бүгінгі таңда жастардың бойында адалдық қасиетін қалыптастыру өте маңызды. Себебі болашақ ел тағдыры солардың қолында. Егер әрбір жас адалдықты өмірлік қағидасына айналдырса, еліміздің келешегі де жарқын болмақ.
Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру.
Мазмұны ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын: «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылықтарына негізделген.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Бағдарламаны іске асыру құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелеріне негізделеді. Олар оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз етеді.
Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және білім беру ұйымы түлектерінің моделін айқындайды:
-
ұлттық мүддені ілгерілету;
-
тиімді қарым-қатынас және басқалармен ынтымақтастық орнату;
-
қоғамға қызмет ету;
-
этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;
-
инновациялық ойлау;
-
идеялар мен проблемаларды шешуде стандартты емес тиімді әдістер қолдану.
«Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті». Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Олай болса, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы деп қарап, бала тәрбиесіне келгенде бүкіл қоғам болып «жұмыла көтерген жүк жеңіл» қағидатымен әрбір баланың бойына ізгілік нұрын құйып, құндылықтармен қуаттандыруымыз керек. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек.Қорытындылай келе, адал азамат – қоғамның тірегі, елдің сенімді күші. Әр адам адалдықты ту етіп ұстаса, әділ де дамыған қоғам құруға толық мүмкіндік бар.
шағым қалдыра аласыз


