Материалдар / Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие сағаты Тақырыбы: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие сағаты Тақырыбы: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Еңбек 2 түрі бар: /ой айту/ 1.Ой еңбегі 2.Дене еңбегі
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Күні: _______________________

Үйірме:______________________


Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік


Сабақтың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ортада дөңгеленіп еңбек туралы мақалдар айтамыз.

Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.

Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Еңбегіне қарай табысы, Ерлігіне қарай дабысы.

Еңбегінен ел таныр.

Еңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады. Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Мұғалім сөзі:  

Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 

Еңбек 2 түрі бар: /ой айту/

1.Ой еңбегі

2.Дене еңбегі

1.Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.

   2.Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.

   3.Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.

   4.Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.

   5.  Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.

   Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.


Мәтінмен жұмыс.

Еңбекпен  тапқан  тиын

/Грузин ертегісі/

Біреудің ерке ұлы болыпты.Өзі жалқау екен .Сөйтсе де әкесі оны бағып -қағып,киіндіріп жүріпті.Ақыры кәрілік жеңіп,сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :

-Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін.Ұлыма ештеңе қалдырмаймын.Ол –жалқау.

Ұлын аяп,анасы он сомдық алтын береді:

-Кешке дейін бір жерде бола тұр,-дейді ол баласына.-Қараңғы түскен соң үйге кел.Содан соң «

Мынаны еңбегіме алған едім »,-деп,әкеңе бер.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды .Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

-Бұл  сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес,-депті.

Ұлы жымиып күліпті де ,түк айтпай шығып кетіпті.

Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз,балам.Одан да ақшаны жұмыс істеп тап ,-деп ақыл айтыпты.

Анасының тілін алып ,бала бір апта жұмыс істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді.Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

-Жоқ,бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.

Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:

-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым.Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

-Бұл ақшаны шынында да,өз еңбегіңмен тапқан екенсің,балам.Көзім жетті,-депті.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра отырып, ой бөлісу.


Мысалы:-Анасының баласына үйреткен айласы дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?

«Егер де мен...» әдісі.

-Егер де мен анасының орнында болсам...

- Егер де мен әкесінің орнында болсам...

-Егер де мен баланың орнында болсам...

Кері байланыс «Суреттер топтамасы» әдісі арқылы бүгінгі сынып сағатына баға беру

 Shape1  











































Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы «Қағидамыз – Еңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

атты үйірме сағатының анықтамасы


Үйірме сағаты өткізілген күн: 20.09.2024

Үйірмесі: Өлкетану

Үйірме жетекшісі: Жәлімбетова Айжан Тағыбергенқызы

Үйірме сағатының мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі, «Өлкетану» үйірмесінде Жәлімбетова Айжан Тағыбергенқызының ұйымдастыруымен 20.қыркүйек еңбекқорлық және кәсіби біліктілік атты үйірме сағаты өткізілді.Сабақ барысында мысалға Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Еңбек 2 түрі бар: /ой айту/ 1.Ой еңбегі 2.Дене еңбегі деп оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра отырып ой бөлістік. Мысалы:-Анасының баласына үйреткен айласы дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар? «Егер де мен...» әдісі.

-Егер де мен анасының орнында болсам...

- Егер де мен әкесінің орнында болсам...

-Егер де мен баланың орнында болсам...

Деп оқушылармен ой өрбітіп ортаға салып ой бөлістік. Кері байланыс жасап оқушылармен естелік суреттерге түстік.













ЖИ арқылы жасау
26 Мамыр 2025
240
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі