Материалдар / «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудағы сынып жетекшінің ролі

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудағы сынып жетекшінің ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 оқу жылының ерекшелігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру көзделіп отыр. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»- ұлттық адами құндылықтарға негізделген
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудағы сынып жетекшінің ролі

Биылғы 2023-2024 оқу жылының ерекшелігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру көзделіп отыр. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»- ұлттық адами құндылықтарға негізделген. Жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. [ӘНХ. 2023-24]

Тәрбие жұмысында барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары және қоғам, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс. Алдымен бала отбасында ұлттық тәрбие көзінен нәр алып, халық ауыз әдебиетімен сусындайды. Ата-аналар ертегі, аңыздар, тарихи шежіре, қисса-дастандар,өлең жырларды көбірек бала құлағана сіңірітсе, баланың өзіндік пікірі қалыптаса бастайды. Уақыт өте бала мектеп жасында қоршаған ортада, құрдастары арасында өзіндік ойы бар жеке тұлға екенін көрсете алады. Мектепте балаға басты тәрбие беруші - сынып жетекші. Сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып,үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін  жалпыадамзаттық мәдениетті  меңгеруде оқушымен қоғамның арасындағы рухани  жалғастырушы;   сынып  ұжымының  бірлескен іс-шараларын ұйымдастырушы; оқушы тұлғасының  қалыптасуына  колайлы жағдай  жасау мақсатымен,  олардың  дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп  психологымен  бірігіп оқушының қоғамдық өміріне түзетулер жасаушы; сыныпта қолайлы моральдік–психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпал жасаушы.

Орта білім беру ұйымдарының кешенді жоспардың нұсқаулығында сынып жетекшінің міндеттері аталып көрсетілген.

Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлардың міндеттері:

  • Салауатты өмір салтына ынталандыру;

  • Сыныпта достық ортаны, өз ара түсіністікті құру;

  • Білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;

  • Ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға арналған консультациялар;

  • Білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналар мен өзара әрекеттесу;

  • Аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізу. [ӘНХ]

Сынып жетекші тек тәрбиелеуші ғана емес, тек оқытушы ғана емес сонымен қабат баланың өміріне тікелей жауапкершілікті арқалаған тәрбие тетіктерін іске асырушы. Солай екен деп ата-аналар бала тәрбиесінде шетте қалмай, мектепке, сынып жетекшіге ысырып қоймай, білім беру ұйымымен бірігіп, «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыруға атсалысуы керек. «Қалай?» деген орынды сұрақ туындайды. ҚР оқу ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында қалай жасау керек жолын қарастырып, жасап берді. Білім беру ұйымдарында «Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығын» құру тапсырылды. Ай сайын ата-аналарды мектеп қабырғасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқыту мақсаты көзделіп отыр. Бұл ,әрине, керемет бастама, мектепке ата-аналарды тарту мәселесі сынып жетекшілердің ата-аналармен өзара жағымды әрекет ету нәтижесінде оң шешімін таппақ. Тәрбие мәселесінде ата-аналарға қолдау көрсетіп, күрделі мәселелерді біріге отырып қарастыру - ХХІ ғасыр ұрпағын заманына сай түсіне отырып үйлесімде болу, тәрбиелеу ісіндегі ерекше тәсіл. Орталықтың жұмысын ойдағыдай іске асыру, күтілетін нәтижесін көру ортақ іс, ортақ жетістік болмақ.




ЖИ арқылы жасау
29 Қараша 2023
2668
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі