Біртұтас тәрбие жоспары 2024-2025ж

Тақырып бойынша 29 материал табылды

Біртұтас тәрбие жоспары 2024-2025ж

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаларда Біртұтас тәрбие бағдарламасы жұмыс жоспары 2024-2025 оқу жылына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


БЕКІТЕМІН

МКҚК «» бөбекжай»

бақшасының меңгерушісі ________

«________»________ жыл



«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ


Бағдарламаның мақсаты:

қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

- отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

- адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

- табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

- елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

- отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

- өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;

-әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

- басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

- өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

- еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

- біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

  • әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

  • білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны:

  • Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында

жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.


Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:

- Отан, ел, туған өлке туралы қарапайым түсініктері;

- Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы білімдері;

- мемлекеттік тілді үйренуге ұмтылу;

- ұлттық мерекелер, ойындар, дәстүрлер туралы білімдері;

- туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарау бойынша біліктері мен дағдылары бар.


Құндылық: бірлік және ынтымақ

Құзыреттілік: тиімді коммуникация

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:

  • отбасындағы, балабақшадағы, қоғамдық орындардағы қарапайым мінез-құлық нормаларын білу;

  • басқа балалармен сөйлесуге және олармен ортақ тіл табысуға дайын екендігін таныту;

  • ойы мен сезімдерін білдіре алу;


Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:

  • жауапкершіліктің қарапайым дағдыларын меңгеру;

  • уәделерді орындай білу.

Құндылық: заң және тәртіп

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық


Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:

  • жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары мен ережелері жөнінде қарапайым түсініктердің болуы;

  • үлкендерді құрметтей білу;

  • үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда дұрыс мінез-құлықтың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:

  • үйде, топта қарапайым тапсырмаларды орындай білу;

  • үй жануарларына, бөлме өсімдіктеріне күтім жасау дағдыларының болуы;

  • жеке гигиенаны өз бетінше сақтау, ұқыпты киіну және өз заттарын күту, өз бетінше тамақтану және тазалықты сақтай білу;

  • жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

Құзыреттілік: шығармашылық

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:

  • шығармашылық қиял мен елестетуге негізделген өнертабысқа қызығушылық таныту;

  • сурет салу, мүсіндеу, құрастыру дағдыларының болуы;

  • жаңа нәрсе жасау үшін қалыптасқан біліктер мен дағдыларды қолдана білу.

Іс шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының кешенді жоспарын дайындау, ведомствоаралық өзара әрекеттесу алгоритмін жасақтау және бекіту.

Бөбекжайішілік жоспар

Меңгеруші , әдіскер

Тамыз

2024 жыл

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы құндылыққа негізделген білім мен тәрбие беруді жоспарлаудың біртұтас тәсілін енгізу негізінде жергілікті мүдделі орган өкілдерімен кездесу.

Іс-шаралар

Меңгеруші, әдіскер


Тұрақты

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны және оны енгізу алгоритмі бойыншпа оқыту семинарына қатысу.

Ақпарат

Меңгеруші, әдіскер

12-16.08.2024ж.

Бөбекжайдың сайтына кешенді жоспарды орналастырып, педагогтер қауымын ақпараттандыру.

Ақпарат

Меңгеруші, әдіскер

Қыркүйек

2024 жыл

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары

Дөңгелек үстел

Меңгеруші, әдіскер

Қыркүйек

2024 жыл

Білім беру ұйымын жарақтандыру (мектепке дейінгі ұйымдар) террористік тұрғыдан осал объектілерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтар және Білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілер (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы) мамандандырылған күзет, бейнекамералар, Жедел басқару орталықтарына қосу, дабыл түймесі.

Зерделеу, мониторинг

Директор


2024-2029 жж.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың

2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, аймақтық жол картасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

1-тарау. Тең бастапқы мүмкіндіктер жасау

1.

Мектепке дейінгі ұйымдарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес қауіпсіз білім беру ортасын құру.

Балаға қолайлы жағдай, қауіпсіз орта құрылады

Меңгеруші

Шаруашылық меңгерушісі

2024-2027 жылдар

2.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісін кеңейту.

Консультациялық пункттер желісі кеңейеді

Меңгеруші, әдіскер

2024-2027 жылдар

3.

Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін бөбекжайдың құзыреттілік орталықтарын құру

Құзыреттілік орталықтар аумағы артады

Меңгеруші, әдіскер

2024-2027 жылдар

4.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында (71 мемлекеттік балабақшаларда) пәндік-кеңістікті дамыту ортаны жаңғырту (МЖМСБ)

Пәндік-кеңістікті дамыту ортасы құрылады, балаларға қолайлы жағдай жасалады

Меңгеруші, әдіскер, тәрбиешілер

2024-2027 жылдар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

18

Бөбекжай педагогтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша іс- шаралар өткізу.

Жоспар бойынша

Меңгеруші, әдіскер, жауапты тұлға

2024-2027 жылдар

19

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында тәжірибе алмасу үшін басқа бөбекжайлармен диалог алаңдарын ұйымдастыру

Жоспар бойынша

Меңгеруші, әдіскер, жауапты тұлға

2024-2027 жылдар

Тәрбиеленушілермен ұйымдастырылып өткізілетін іс-шаралар

Күнделікті атқарылатын іс-шара

Апта дәйексөзі: Ежелден ел тілегі – ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса – ел тірегі! (Б.Момышұлы)

Іс шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

1

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» - мектеп жасына дейінгі балалармен ұлттық ойындарды өткізу

Ұйымдастырылған іс-әрекет, дербес іс-әрекет, серуендер, ертеңгіліктер, мерекелер, ойын-сауық

Тәрбиешілер, дене тәрбие жөніндегі нұсқаушы, қазақ тілі педагогі, әдіскер

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

2

«Өнегелі 15 минут» - балалардың ересектермен емін-еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру

Әңгімелесу

тәрбиешілер, әдіскер

Күнделікті

3

«Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру


Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын, танымдық, эксперименталдық іс-әрекеті

Ата-аналарға арналған жадынамалар, нұсқаулықтар, парақшалар

мектепалды топ тәрбиешілері,

ата-аналар

Күнделікті





Жыл бойы

4

«Күй күмбірі» - балалардың бойында музыканы тыңдауға қызығушылықтарын, музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру, ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, шығармашылық дағдыларды қалыптастыру қабылдау барысында және үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған, шығармашылық, дербес іс-әрекеті

музыка жетекшісі, тәрбиешілер

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

Апта сайын

1

«Менің Қазақстаным» - мемлекеттік мерекелерге арналған ертеңгіліктерде ересек және мектепалды топтың тәрбиеленушілерінің Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауы

Ертеңгіліктер

тәрбиешілер, музыка жетекшісі, әдіскер, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

2

«Апта дәйексөздері» - ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, коридордағы теледидарларда орналастыру, мнемо кестелерде ойнату

Дәйексөздерді ақпараттық стендттерде,

Led-экрандарда, коридордағы теледидарларда орналастыру

Меңгеруші, әдіскер

Жыл бойы

3

«Қауіпсіздік ережелері» - жол қозғалысы ережелерін, тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы, табиғаттағы өмірлік қауіпсіздік негіздерін, төтенше жағдай кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету


Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған іс-әрекеті

Дидактикалық, сюжетті-рөлді ойындар, әңгімелесу, көркем шығармалар оқу

Бөбекжай педагогтері, әдіскер, мектепалды топ тәрбиешілері

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

1

1 қыркүйек - Білім күні

«Балабақша - жайлы мекен»

Балабақшада экскурсия өткізу

Меңгеруші, әдіскер, тәрбиешілер

1- апта

2

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы

«Тілім менің тірегім»

Мәнерлеп оқу конкурсы

Тәрбиешілер,

І-апта

3

«Балалар кітапханасы» жобасы

«Бір кітап», «Кітап – менің қазынам», «Жас тыңдарман» жобалары аясындағы балалар кітапханасы

Жобалық іс-әрекет

Тәрбиешілер, әдіскер

2-апта

4

«Smart bala» жобасы

Құрастыру бойынша балалар іс-әрекеті

Тәрбиешілер

Үнемі

5

«Теңге алу», «Айырмашылығын тап» ойындары - қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді (заттарды тексеріп қарау, зерделеу, олардың көлемін көзбен өлшеу, көзбен көріп ойлауды, есте сақтауды, қиялды, ұсақ қол моторикасын дамыту

Дидактикалық, ұлттық, сюжетті-рөлдік ойындар

Тәрбиешілер

3-апта

6

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Бестемше: «Дарабоз» (тәрбиеленушілердің арасында)

«Жарысқа шық, жанұя» (ата-аналардың арасында)

Ұлттық ойындар

тәрбиешілер, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, әдіскер

2-3-апта

7

Қауіпсіздік ережелері. Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін сақтау. «Балалар», «Трамвай аялдамасы», «Автобус аялдамасы» жол белгілерімен таныстыру

Дидактикалық, сюжетті-рөлдік ойындар

Тәрбиешілер

Үнемі

8

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы

«Тілге бойлау» жобасы қазақ тілін меңгеру

Жобалау іс-әрекеті

тәрбиешілер,

Үнемі

9

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен таныстыру

Бұйрық

Әдіскер, жауапты тұлға

Тәрбиелеу-білім беру процесінің перспективалық жоспарға сәйкес

Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы

1

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Жас метеоролог» экологиялық бағытта


Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет

тәрбиешілердің жобамен жұмысы

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

2

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Бестемше: «Бәріміз бірге мықтымыз»

(мектепке дейінгі ұйымның педагогтері арасында)

Жарыс ойыны

дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы

1-апта

3

«Мен Отаныммен мақтанамын!»

Ертеңгілік

Ибатбекова М, музыка жетекшісі

2-апта

4

Менің елім - Мәңгілік ел!

Әдістемелік ұсынымдар дайындау

Әдіскер

3-апта

5

«Қауіпсіз балабақша» терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық, оқу, жаттығу шараларын өткізу (МДҰ ішілік)

Оқу жаттығу шаралары

Меңгеруші, әдіскер

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы

1

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Жарқыл мен ғажайып көлік түрлері»

Сюжетті-рөлдік, драмалау ойындары

Тәрбиешілер

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

2

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Қоғамдық мүлікті қорға»

Әңгімелесу

Тәрбиешілер

Күні бойы

3

«Адалдық алаңы», «Әлем біздің айналамызда», «Табиғат әлемі» мектепалды топтарында іс -шара

Мультфильм қарау,

іс-шара

Бөбекжай әкімшілігі,

Кенттік төтенше жағдайлар бөлімі

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы

1

«Республикам – мақтанышым!»

Ертеңгілік

Тәрбиешілер, әдіскер

1-апта

2

«Жапырақ - тамырдан нәр алады» (тәрбиеленушілер мен ата-аналардың арасында)

Зияткерлік ойындар

Бөбекжай педагогтері, әдіскер

2-апта

Қаңтар – заң және тәртіп айы

1

«Банкомат», «Ақшаны жұмсауды үйренеміз» ойындары - қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді (заттарды тексеріп қарау, зерделеу, олардың көлемін көзбен өлшеу, көзбен көріп ойлауды, есте сақтауды, қиялды, ұсақ қол моторикасын дамыту

Дидактикалық, ұлттық, сюжетті-рөлдік ойындар

Тәрбиешілер

1-апта

2

«Менің құқықтарым, менің міндеттерім» (мектепалды жастағы балалар үшін)

Әңгімелесу

Тәрбиешілер

2-апта

3

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Біз - экологпыз»

Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет

Тәрбиешілер

3-апта

4

«Техника және біз» техногендік сипат орын алғаннан кейінгі медициналық алғашқы көмек көрсету

Іс –ашра

Бөөбекжай әкімшілігі

Кенттік төтенше жағдайлар бөлімі

3-апта

Ақпан – жасампаздық пен жаңашылдық айы

1

«Smart bala» жобасы

«Мен – зерттеушімін» - өнертапқыштыққа алғашқы қадам

Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет

Тәрбиешілер

1-апта

2

Ұлттық үстел үсті ойындары


Үстел үсті ойындары


Тәрбиешілер

2-апта

3

«Өнерліміз, өркенбіз»

(тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының арасында)

Қолөнер бұйымдарының көрмесі

Тәрбиешілер,

ата-аналар

3-апта

4

Терроризм актісінің қаупі төнген жағдайда халықтың іс-әрекеті.

Ата-аналармен жұмыс

Слайд, баяндама

Бөбекжай әкімшілігі Кенттік төтенше жағдайлар бөлімі

3-апта

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы

1

«Ізгіліктің бір ізі – алғыс»

(тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының және педагогтердің қатысуымен)

Челлендж

Бөбекжай педагогтері

1-апта

2

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Еңбектің наны тәтті»

Ересектердің еңбегімен таныстыру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Бөбекжай педагогтері

2-апта

3

«Наурыз – жыл басы!»

Ертеңгілік

Бөбекжай педагогтері, әдіскер

3-апта

4

«Мен және қоршаған орта» терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық, оқу, жаттығу шараларын өткізу (мдұ ішілік)

Оқу жаттығу шаралары

Бөбекжай әкімшілігі Кенттік төтенше жағдайлар бөлімі

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

1

«Балалар кітапханасы» жобасы

«Шын жүректен кітап сыйла» - Халықаралық балалар кітабы күні

Челлендж

Тәрбиешілер,

ата-аналар

1-апта

2

Қоғамдық орында өзін-өзі ұстау мәдениеті

Сюжетті-рөлдік ойын

Тәрбиешілер

2-апта

3

«Сауда үйі», «Сән салоны», «Емхана»,

«Автосервис» және басқалары

Сюжетті-рөлдік ойындар

Тәрбиешілер

3-апта

4

«Балалар кітапханасы» жобасы

«Кітаппен жарқын әлемге» (жергілікті балалар жазушыларымен кездесу)

Кездесу

Тәрбиешілер

3-апта

5

«Әжемнің ертегілері»


Жобалау іс-әрекеті

тәрбиешілер, ата- аналар, әжелер

4-апта

6

Мен және ересектер әлемі

Түсіндірме жұмысы

Бөбекжай әкімшілігі Қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы

1

«Достығымыз жарасқан»

Балалар суретінің көрмесі

Тәрбиешілер

1-апта

2

«Білімім – Отаныма!»

Ертеңгілік

Мектепалды топ тәрбиешілері

2-апта

3

«Табиғатты сақтайық!»

Жобалау іс-әрекеті

Тәрбиешілер

3-апта

Маусым – тәуелсіздік және отаншылдық айы

1

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Мерекелік іс -шара

музыка жетекшісі, тәрбиешілер

Маусымның

1 аптасы

2

4 маусым –ҚР рәміздері күні

Мерекелік іс-шара

Тәрбиешілер

Маусымның

2 аптасы

3

«Шабыт» жобасы

«Домбыра күні»

Концерт және көрме

музыка жетекшісі

Маусымның

2 аптасы










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
1815
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі