Бисер мен шым кестені үйлестіре тоқу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бисер мен шым кестені үйлестіре тоқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пəні ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бисер мен шым кестені үйлестіре тігуді үйрену

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға бисер мен кесте туралы туралы мағлұмат беріп, білімдерін жүйелеу, бұрынғы өткен сабақтарды жүйелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ептілігі мен алған білімдерін өз бетінше қолдана білуге дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, жұмысты тиянақтылықпен орындау деңгейін арттыруға баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктер: дайын бұйымдар, слайдтар, плакаттар

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті бисер мен мулине жіптері, қайшы, ине, кергіш, бір түсті мата.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылермен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Конверт» ойыны Оқушыларға хат таратылады.

1-топқа

1. Бисер деген не?

2. Бисер неден жасалады?

3. Бисер қай елде пайда болды?

4. Бисерден қандай бұйымдар жасауға болады?

2-топқа

1. Кесте дегеніміз не?

2. Кестелеу дегеніміз не?

3. Шым кесте дегеніміз не?

4. Шым кестеден қандай бұйымдар жасауға болады?

Топтық жұмыс

1-топқа Кесте түрлері

2-топқа Бисердің түрлері

Ассоциация құрып, бір оқушы түсіндіреді.


DrawObject2 DrawObject1 Шым кесте стеклярус


ИDrawObject3 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject4 DrawObject5 зонить кестесі Кесте түрлері айқас кесте теңге Бисердің түрлері рубка

Шынжырлы кесте моншақ


Топтар бірін-бірі қалай жауап бергендерін айтып бағалайды.


Қызығушылықтарын ояту

Кесте мен бисерден жасалған бұйымдарға слайд көрсету.


ІІІ Жаңа сабақ

Бисер өнері - өте ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шаруашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап, күрделі суреттерге дейін жұмыс жасауға болады. Бисермен жұмыс жасау өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді. Қазіргі кезде бисермен жасалған бұйымдар жастар және әйелдер киімдерінде, сөмкелерінде көп әшекейленеді.

Ал, кесте өнері – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу өте көне заманнан бері келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық кесте өнеріміздің күні бүгінге дейін қасиетін жоғалтпай жақсы сақталған. Кесте бізбен және жай инемен әшекейленіп тігу барлық халықтарға тән өнер. Ол киімдерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл-күйін көтереді,

Енді біз бүгінгі сабағымызда бисер мен кестені үйлестіре картина тоқимыз.


ІV Сарамандық жұмыс

Жұмысты бастамас бұрын біз техникалық қауіпсіздік ережесін қайшымен жұмыс кезінде және инемен жұмыс кезінде сақталатын ережелерді еске бір түсіріп өтейік.

Жұмысты бастар алдында біздің ұранымыз «Талаппен бастап, талғаммен аяқтау».

1-топ бисердің тігілу жолдарын үйрену, оларға бисердің тоқылу техникасының нұсқау картасы ұсынылады және видео көрсетіледі, ал 2-топ шым кестенің тігілу жолдарын үйренеді.

Тігетін суретіміз «Көбелек» суреті

Дайын мата бетіндегі негізгі суретке, яғни көбелектің бейнесіне бисерді матаға бекіте отырып, жұмысты бастауға болады. Тігілген моншақтар дұрыс тігілуі тиіс. Сондай-ақ 3-4 моншақтан кейін матаға бекітуге болмайды. Егер моншақ саны көп болып кетсе, матаның бетінде моншақ салбырап босап қалады.

Ал мата бетіндегі қосалқы гүл мен жапырақ бейнелерін шым кестемен толтыру керек. Кесте мулине жіптерімен әшекейленуі керек. Жіптердің ара қашықтықтары біркелкі тігіліп отырса, жіптер мата бетінде босап қалмайды. Сонда жұмысымыз әдемі, әрі жинақы көрінеді.


«Көбелек» суреті


Бисер тігудің нұсқаулық картасы

Бисер атауы

Тігілу жолдары



Дөңгелек бисер







Теңге бисер




Стеклярус және рубка бисерлері




Сергіту сәті

«Иә, жоқ» ойыны

Сұрақтар

Иә

Жоқ

Кесте өнері қолөнер түріне жата ма?



Бисер жүннен жасала ма?



Шым кесте бисер түріне жата ма?



Бисерден әшекей жасауға бола ма?



Кестені моншақ деп атауға бола ма?



Бисердің Отаны Египет пе?



Кесте жіптері түрлі түсті бола ма?



Кесте жіп шыныдан жасала ма?



Бисерді «Жалған маржан» деп татауға бола ма?



Кесте тігерде кергіш пайдалануға бола ма?



Бисер тік төртбұрышты бола ма?



Шым кестені киімдерге тігуге бола ма?




V Қорытынды

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Сабақ несімен ұнады?

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?


VІ Бағалау

Сабақ соңында оқушылардың сабаққа қатысуына, жасаған жұмыстарына мадақтау сөздерін айту.


VІІ Үйге тапсырма: Бастаған жұмыстарын аяқтап келу












Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданының білім бөлімінің

балалар өнер мектебінің мұғалімі

Бимурзаева Патима

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.00.2018
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі