Түсіндірме
жазба.
Халқымыздың қолөнері деп -халық тұрмысында
жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру сияқты
шығармашылық жиынтығын
айтамыз.Қолөнер өзінің қайталанбас
көркемділігі мен дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады.Сондай
көркемдік дәстүрдің бірі - «Бисер» (тігу)
тоқу.
Қолөнердің алатын орны ерекше,
ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың
мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Сондай
қолөнерінің бірі - бисермен әшекейлеу. Бисер өнері- ертеден кеңінен
таралып, танылып келе жатқан халық шығармашылығының бір
түрі.
Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі
түрлі — түсті жұмыстар жасауға, алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға,
білезік, белдік, сөмкелер, әшекейлер тоқуға болады. Бисер тоқу
өнері нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдықты және фантазия мен
шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады.
Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып,
түстерді айыра білу керек. Бисермен айналысу
балаларды ептілікке, шыдамдалыққа
баулиды. Өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады,
ой-өрісін кеңейтеді. Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеп, еңбек
сүйгіштікке баулиды.
Бағдарламаның
ерекшелігі балаға даралап білім беруге бағытталған.
Бағдарламаға негізгі 5 бағатта жұмыс жасайды. Бисер үйірмесіне
қатысқан балалардың біріншіден әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін
ескере отырып тәрбиеленеді, екіншіден әр тәрбиеленушінің жеке
тұлғалық қасиеттері есепке алынады.
Оқу жоспары: 6-10 жастағы
балаларға арналған.
Оқу
нысаны: күндізгі
«Бисер» үйірмесінің оқу
бағдарламасы аптасына 2 сағаттан 96 сағатқа жасалынған.Оқу
бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
құрастырылған.
«Бисер» үйірмесінің
мақсаты:
-
Оқушыларға халқымыздың
қолөнері туралы мәлімет беру;
-
Алған білімдерін практикамен
байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, өнерді эстетикалық
талғаммен қабылдауға үйрету;
-
Шеберліктерін шыңдау,
төзімділікке тәрбиелеу;
-
Қыз балалардың ептілікке,
шыдамдалыққа баулу, өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту;
-
Әдептілікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеп, еңбек сүйгіштікке баулып, іске деген қызығушылық сезімін
ояту;
-
Эстетикалық тәрбие
беру;
-
Кәсіптік бейімділігін
қалыптастыру.
Бағдарлама
міндеті:
-
Білім беру бағдарламасы арқылы
оқушылардың бисер тігу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін
шыңдау, шеберлердің шығармашылығын зерттеу-білу, бұйымдарды өңдеуді
жетік меңгеру.
-
Моншақты кестелеу сипаттамасын
жасау, сипаттама беру. Бисер жұмысының жеке тапсырыстары мен түрлі
ассортименттерімен жұмыс жасау, өлшеу- пішуді, дайындау, тігуді
менгеру.
Күтілетін
нәтижелері:
Бұл бағдарламаның нәтижесінде
оқушылар білуі керек:
-
Моншақпен кестелеудің
түрлерін орындау;
-
Әр түрлі тігістер мен
тігістерді орындау және қолдану;
-
Пішім мен тігудің
технологиясын білу;
-
Моншақпен кестелеудің
негізгі кезеңдерін;
-
Бисердің әртүрлі түрлері
және оларды өңдеу ерекшеліктері
Оқу бағдарламасының
бағыттары
-
Бисер үйірмесінің
жұмысын жоспарлау.
-
Бисер үйірмесіне
оқушыларды топтастыру.
-
Бисер үйірме жұмысын
жарнамалау, насихаттау.
-
Бисер үйірмесінің
шығармашылық іс-әрекеті:
-
Сабақтар теориялық және
іс-тәжірибелік бөліктері.
«Бисер» үйірмесінің
күнтізбелік тақырыптық жұмыс жоспары
Р/с
|
Тақырыптар
|
Сағат
саны
|
теориялық
|
Іс-тәжірибе
|
1
|
Тақырып 1.Кіріспе. Еңбек
қауіпсіздігі
|
2
|
|
2
|
Тақырып 2. «Бисер» тоқу туралы
түсінік
|
2
|
|
3
|
Тақырып 3. Моншақпен кестелеу
үлгілері
|
2
|
|
4
|
Тақырып 4. Су моншақпен әшекей
бұйымдар технологиясы.
|
2
|
|
5
|
Іс-тәжірибе
сабақ
Су моншақпен әшекей бұйымдар
жасау.
|
|
10
сағ
|
6
|
Тақырып 6. Ұсақ моншақтардан
аппликация жасау.
|
2
|
|
7
|
Тақырып 7. Ұсақ моншақтарды
тігу технологиясы
|
2
|
|
8
|
Іс-тәжірибе
сабақ
Ұсақ моншақтардан гүл кестесін
тоқу
|
|
10
сағ
|
9
|
Тақырып 9.Бисер тігу
әдістері
|
4
|
|
10
|
Тақырып 10.Параллель тігу
әдісі
|
4
|
|
11
|
Тақырып 11.Тігінен тоқу
әдісі
|
4
|
|
12
|
Тақырып 12.Айналдыра тігу
әдісі
|
4
|
|
13
|
Іс-тәжірибе
сабақ
Бисерден қуыршақ
тоқу
|
|
10
сағ
|
14
|
Тақырып 13. Бисердің
түрлері
|
4
|
|
15
|
Тақырып 14.
Стеклярус
|
4
|
|
16
|
Тақырып 15.
Рубка
|
4
|
|
17
|
Іс-тәжірибе
сабақ
Тақияны тастармен кестелеу,
көмкеру
|
|
10
сағ
|
18
|
Тақырып
16. Моншақтан «Мәрмәр» алқасын
тоқу технологиясы
|
2
|
|
19
|
Іс-тәжірибе
сабақ
Моншақтан «Мәрмәр» алқасын
тоқу
|
|
10
сағ
|
20
|
Тақырып
17. Бисерден қуыршақ
тоқу
|
1
|
6
|
21
|
Тақырыптық көрме
жасау
|
|
1
|
22
|
Барлығы
|
43
|
57
|
23
|
Жалпы
|
96
сағат
|
Бағдарламаның қорытынды
нәтижесі:
«Бисер» үйірме сабағында
оқушыға қажетті материалдарды көрсету. Іс-тәжірибе жұмыстарын
бағалау. Оқушылардың білімімен еңбегін бағалау. Қолөнер-қол еңбегі.
Адам баласын еңбектенуге тәрбиелейді. Қолөнер-бұл кәсіп,
экономикада еңбек күшін тауарға айналдыру еңбек ақы алу
жолы.
Қолөнер ата-бабамыздың ұшқыр
қиялынан шыққан, үлкен даналық ойынан, қажеттілігінен туындаған
өнер туындысы, атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл
мұра.
Бағдарлама соңында балалар
бисер тоқудың қыр-сырын меңгереді, өз бетінше жұмыс жасауға
дағдыланады. Кәсіп бастауға мүмкіндік алады,
бейімделеді.
Бисер үйірмесінің оқу
бағдарламасы бойынша сабақ кестесі
1.Бисер үйірмесіне
қатысатын балалар саны-12
2.Балалардың жас
еркешелігіне байланысты 1
топқа жинақталған.
Оқу
түрі: топтық
4.Кезеңі:
аптасына 2
рет
5.Сабақ
уакыты: 60
минут
Бисер үйірмесінің
кестесі
№
|
Топ
№
|
Күні
|
Уақыты
|
Жаттықтырушы
|
1
|
І
топ
|
Дүйсенбі
Сәрсенбі
|
15:00-16:00
15:00-16:00
|
А.Е.Абдихаюмова
|
Өткізілетін іс-шаралар
кестесі
№
|
Іс-шаралар
атауы
|
Мерзімі
|
1
|
Бисерден әшекей бұйымдар
көрмесін жасау
|
ақпан
|
2
|
Топтық сайыс
ұйымдастыру
|
наурыз
|
3
|
Мастер-клас
жасау
|
мамыр
|
4
|
Аймақтық жарыстарға
қатысу
|
тамыз
|
5
|
Тақырыптық
көрме
|
қазан
|
6
|
Жыл бойы үздік қатысушыларды,
жеңімпаздарды марапаттау
|
желтоқсан
|
Қолданылған
әдебиеттер:
-
«Мектептегі» технология
журналы
-
«Бисер для девочек» Л.
А. Божка
-
«Фенечки из бисера» Е.Г.
Виноградова, А. Р. Магина
-
«Полная энциклопедия
бисероплетения» Е. Г. Виноградова
-
«Изделия из бисера» Л.
А. Божка
Бисер үйірмесінің
техникалық жабдықталуы:
1. ҚР Мәдениет және
спорт министрінің 2022 жылғы 265 бұйрығына сәйкес, «Бисер» үйірмесі
талапқа сай жабдықталған;
2. Сабақтар өткізуге
арналған санитарлық тораппен жабдықталған, жарықтандырылған
бөлмелер;
3.Үйірмеге қажетті
құралдар;
4. Стол, үстелдер,
айналдыру діңгегі;
5. Бисер инесі, ілгек,
қайшы, қысқыш, тістеуік, түйрегіш, бисер монақтары, стеклярус,
безендіру құралдары;
6. Сабақтарды өткізуге
арналған барлық құрал-жабдықтар,
т.б.
«Бисер» үйірмесінің
қатысушыларына қойылатын талаптар:
-
Бисер үйірмесінің
талаптарын сақтау;
-
Әрбір қатысушының
дәрігердің қолымен және мөрімен расталған сабақтарға қатысуға
рұқсат беретін дәрігердің анықтамасы болуы
тиіс;
-
Сабаққа тек сабақ
кестесіне сәйкес келетін күндер мен сағаттарда
келуге;
-
Сабақтан себепсіз
қалмауға;
-
Үйірме сабақтарында
тәртіп сақтауға;
-
Қауіпсіздік ережелерін
қатаң сақтауға.