Тақырыбы: «Біз - тәуелсіз елміз»
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін
паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына
қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін
ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
- Қазақстан
Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
Армысыздар, құрметті ұстаздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары және қонақтары.Еліміздің тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!Биыл тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл. Мемлекетіміздің өсіп – өніп, шыңға жетіп өркендеуі – қазақ елінің жетістігі, сондықтан бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Біз - тәуелсіз елміз» атты сабағымызға қош келдіңіздер.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тәуелсіздік бізге қалай келді?Тәуелсіздікке дейінгі өткен жолымыз? Желтоқсан оқиғасы –күреспе,әлде азаттық күресіме? Тәуелсіздік жолындағы жастарымыздың қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білуі?Тізбектесек себеп көп.
-Бұл сөздің қаншалықты шындық екенін білу үшін ________________________________________________-шақырайық .
(мұғалімі ортаға келіп отырады)
Мұғалім сөзі: _______________ сіз тәуелсіздік мерекесі жайлы не айтасыз?Осы әңгімені өрбітіп көрсеңіз.
тарих мұғалімі сөйлейді.
Мұғалім сөзі: Желтоқсан оқиғасы –оқиғама,әлде азаттық күресіме?
-тарих мұғалімі сөйлейді.
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін.
Келді, міне, азаттығым, теңдігім
Тәуелсізбін-
Нұрлы-сынды Күн,Айдың
Құласам да емін-еркін құлаймын,
Жыласам да емін-еркін жылаймын
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін
Еліміз тәуелсіздік алғалы аттай шауып 31 жыл өте шықты.Қазақстан егемендік алған жылы дүниеге келген сәбилер, бұл күнде «ат жалын тартып мініп», өмірге араласты.Егемен елмен бірге бой түзеді.
_______________________________
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі
1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу
басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден
еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік
керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік
дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды.
Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз
елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға
«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды.
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол
Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан
оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан
болды.
Желтоқсан
құрбандарын еске алайық (1 - минут
үнсіздік)
«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі
- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз -....
- Біз қай ұлтпыз?
- Қандай Республикамыз?
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Елбасымыз кім?
- Балалар, біз қандай елміз?
- Қай жылы тәуелсіздік алдық?
- Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап
шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)
_________________________
Қазақстан Республикасының
Гимні - бірлікке,
ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа,
еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
_________________________
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата,
матаның сол жағында өрнегі бар.
_________________________
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай
- ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты
пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.
________________________
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата - баба аруағына сыйынып.
________________________
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
_______________________
- Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы
Қайрат Рысқұлбеков 22 - ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы,
бостандығы егемендігі үшін күресті.
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
________________________
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр
септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне
танымал ел болдық.
__________________________
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 -
желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы
беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды.
Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға
«Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді..
__________________________
16 - желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
________________________
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Арал көпсалалы колледжі
Арнайы пән оқытушысы
Аскарова Галия
Турегуловна
Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап,
шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан
Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі
болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің
арқасы. Олай
болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай
етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз.
Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда
ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Біз - тәуелсіз елміз»

шағым қалдыра аласыз