Сабақ басы
(10 мин)
|
Құрметті
оқушылар!
Бүгін біз аса маңызды және өзекті тақырып –
адалдық пен азаматтық жауапкершілік туралы сөз қозғаймыз. "Адалдық
– ардың ісі" деген халқымыздың нақыл сөзі бар. Бұл – кез келген
адамның бойында болуы тиіс ең асыл қасиеттердің
бірі.
Адал азамат болу – тек шындықты айту ғана
емес, сонымен қатар өз ісімізге жауапкершілікпен қарау, әділдік пен
парасаттылықты ұстану. Әрбір қоғамның дамуы мен өркендеуі оның
азаматтарының адалдығына тікелей байланысты. Егер әрбіріміз өз
ісімізде адал болсақ, еліміздің болашағы да жарқын
болмақ.
Адалдық мектеп қабырғасынан қалыптасады.
Шынайылық, әділеттілік, еңбексүйгіштік, уәдені орындау – осының
бәрі адалдықтың көрінісі. Сабақта білімге деген адалдық – өз
біліміңді жетілдіруге ұмтылу, емтиханда немесе бақылау жұмыстарында
әділдік таныту. Ал өмірде – жақындарыңа, еліңе, қоғамға адал қызмет
ету.
Біз бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел тірегі,
Отанымыздың болашағы. Сондықтан адалдықты өмірлік қағида етіп,
әділетті, еңбекқор, шыншыл азамат
болайық!
Бұл құндылықтың негізгі
мәні:
-
Шыншыл болу – өз ойың мен сөзіңнің,
әрекетіңнің арасында үйлесімділік
сақтау.
-
Әділеттілік – әрдайым ақиқат жолында болу,
әділ шешім қабылдау.
-
Еңбекқорлық – адал еңбектің арқасында
жетістікке жету.
-
Жауапкершілік – өз ісіңе, сөзіңе және айналаңа
деген жауапкершілікпен
қарау.
-
Отансүйгіштік – туған жеріңе, халқыңа, еліңе
адал қызмет ету.
Оқушылар сіздерге жемқорлыққа қарсымын
тақырыбына арналған жемқорлықтың соңы қандай дертке апаратынын
түсіндіру
мақсатында
видео-ролик
көрсетемін.
|
Оқушылар
тыңдайды.
|
https://youtu.be/p1LgbOvlFgo?si=bTy8m_S4pfEp6Myb
|
Ортасы
(30 мин)
|
11-сыныптың
тапсырмасы
"Адал азаматтың бойындағы қасиеттер" (тізім
жасау) әр оқушы тізім жасап
шығады.
8-сыныптың
тапсырмасы
Мақал-мәтелді аяқтап мағынасын
ашу
Жемқорлық
туралы:
1."Пара алған оңбайды, пара берген
сорлайды."
2."Арамдық ас бергенше, адалдық тас
берсін."
3."Ұрлық түбі –
қорлық."
4."Жемқорлық – елдің түбіне жетер
індет."
5."Жемқордың жегені – арам, ішкені –
харам."
6."Заңсыздық жайлаған елдің болашағы
жоқ."
7."Тура жол – ең қысқа
жол."
8."Арам жолмен жиған мал, әуре-сарсаңға салар
хал."
Адалдық
туралы:
9."Адал адам – арлы
адам."
10."Адалдық – асыл
қасиет."
11."Адалдық жүрген жерде – әділдік
төрде."
12."Адал еңбек – ардың
ісі."
13."Адалдықтың айнасы –
адамдық."
14."Адал жолмен тапқан нан
тәтті."
15."Адал дос – алтыннан
қымбат."
Шыншылдық
:
16.Шындық жоқ жерде сұмдық
көп.
17.Адамның әдемілігі
шыншылдығында.
18. Алысар болсаң шыныңды
айт,
Табысар болсаң сырыңды
айт.
19. Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан
сарқыт қайтар.
20. Хан әділ болса - халық ынтымақты
болады.
21.Шыншылдық адалдықпен
ағзалас.
22.Адалдық - ардың
ісі.
23.Асылдың
бірі-Адалдық.
10-сыныптың
тапсырмасы
Сұрақ-жауап
әдісі
1.Сыбайлас жемқорлық дегеніміз
не?
2.Жемқорлық қандай салдарларға әкелуі
мүмкін?
3.Жемқорлықтың алдын алу үшін қандай шаралар
қабылдануда?
4."Адалдық" дегенді қалай
түсінесің?
5.Адал адам қандай қасиеттерге ие болуы
керек?
6.Өмірде адал болу не үшін
маңызды?
7."Адал ұрпақ" болу дегеніміз
не?
8.Адалдық пен әділдік арасында қандай байланыс
бар?
Талдау
сұрақтары:
10.Қоғамда адалдықты қалай дамытуға
болады?
11.Жастардың адалдық қағидаларын сақтауына не
әсер етеді?
12.Адал болу әрқашан оңай ма?
Неліктен?
13.Адал болудың адам өміріндегі және
мансабындағы рөлі
қандай?
14.Егер сен адалдық пен әділдікке қайшы
келетін жағдайға тап болсаң, не істер
едің?
Жағдаяттық
сұрақтар:
15.Егер досың тестке шпаргалка қолданбақ
болса, сен не айтар
едің?
16.Біреу сенің жетістіктеріңді иемденіп алса,
қандай әрекет жасар
едің?
18.Егер сен адал жұмыс істеп, ал басқа біреу
әділетсіз жолмен табысқа жетсе, бұл саған қалай әсер
етеді?
|
9-сыныптың
тапсырмасы
Дебат
Бүгінгі
жастар – адал, әділ және парасатты ұрпақ
па?
Иә, адалдық
– ең жоғары қасиеттердің бірі. Адал ұрпақ болу – шыншылдықты,
әділдікті, жауапкершілікті сақтау деген сөз. Сен қалай ойлайсың,
қазіргі жастар адалдық қағидаларын қаншалықты
ұстанады?
Үкімет
(Жақтаушы тарап)
позициясы:
1. Жастардың
адалдығы – басты
құндылық:
- Қазіргі
жас буын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті белсенді
қолдайды.
-
Мемлекеттік бағдарламалар мен қоғамдық қозғалыстар жастардың
адалдық қағидаларын ұстануына ықпал
етеді.
2. Адалдық
пен әділеттілікке
тәрбиелеу:
-
Мектептерде, университеттерде «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс
істейді.
-
Академиялық адалдық пен құқықтық мәдениет жастар арасында кеңінен
насихатталуда.
3. Жастар –
болашақтың қозғаушы
күші:
- Жаңа буын
ақпараттық технологияларды пайдаланып, заңсыздықтарды әшкерелеуге
дайын.
- Еріктілер
қозғалысы, экологиялық жобалар мен әлеуметтік бастамалар – адал
ұрпақтың
көрінісі.
Оппозиция
(Даттаушы тарап)
позициясы:
1. Қоғамда
жемқорлық әлі де
бар:
- Жастар
арасында академиялық адалдық бұзушылықтары (плагиат, көшіру, сатып
алынған дипломдар)
кездеседі.
- Кейбір
жастар жеңіл жолмен табыс табуға
ұмтылады.
2. Адалдық
тек сөз жүзінде қалып қоюы
мүмкін:
-
Мемлекеттік бағдарламалардың барлығы бірдей тиімді
емес.
- Қоғамда
әділетсіздік көп болғанда, жастардың адал болуға деген сенімі
төмендейді.
3. Жастар
арасында моральдық құндылықтар
өзгеруде:
- Әлеуметтік
желілердегі трендтер кейде жалған ақпарат пен манипуляцияға
толы.
- Кейбір
жастар материалдық байлықты адалдықтан жоғары
қояды.
|
|
Соңы
(2
мин)
|
Қорытынды:
Бұл сұрақтар оқушыларды адалдық, әділдік және
жауапкершілік туралы ойлануға
жетелейді.
Бұл мақал-мәтелдер оқушыларға адалдықтың
маңызын түсіндіріп, жемқорлықтың зиянын ұғындыруға
көмектеседі.
Дебаттың нәтижесінде екі жақтың аргументтері
сараланып, жастардың қаншалықты адал ұрпақ екені талқыланады. Екі
тараптың да дәлелдері бар, бірақ шешуші фактор – жастардың өздері
қоғамда қандай құндылықтарды
қалыптастыратынында
.
Бүгінгі айтылған
ойлардан түйетін басты нәрсе – адалдық адам өмірінің ең басты
құндылықтарының бірі екендігі. Адалдық – адамның ары мен ұятының,
тәрбиесі мен мінезінің көрінісі. Ол тек жеке адамның ғана емес,
бүкіл қоғамның дамуы үшін қажет
қасиет.
Егер әрбіріміз адал болсақ,
әділдік орнап, сенім арта түседі. Адал азамат – өз Отанына,
халқына, жақындарына адал қызмет ететін адам. Ол шынайылықты,
әділеттілікті ту етіп, ешкімге қиянат жасамайды, өз еңбегімен
жетістікке жетеді
Сондықтан біз – болашақтың
тірегі ретінде, әрдайым адалдықты ту етіп, әділетті, жауапкершілігі
мол азамат болуға тиіспіз! Өз біліміңіз бен еңбегіңіз арқылы
еліңізге, отбасыңызға үлес қосып, Қазақстанның лайықты азаматы
болуға ұмтылыңыздар!
Адалдық әрдайым биікке
жетелейді!
Адалдықпен жүрген адамның жолы
әрдайым ашық, болашағы
жарқын!.
|
Рефлексия
жасайды.
Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не
сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен
бөліседі
|
презентация
|