Материалдар / Біз әрқашан біргеміз! 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз әрқашан біргеміз! 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұзтаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2020
883
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАҚЫРЫБЫ: 7-сабақ. Біз әрқашан біргеміз!

САБАҚ: Дүниетану

Мектеп: №23

Күні: 14.10.20

Машықкердің аты-жөні: Абилмажинова Б.Е.

СЫНЫП: 3 а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну;

3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

ұжымның не екенін біледі;

өзін-өзі басқару туралы түсініктері қалыптасады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • әртүрлі көзқарастар болған жағдайда ұжымдық шешімдерді қабылдай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • өзін-өзі басқарудың үлгісін ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер: Өзін-өзі басқару, ұжым, топтық мақсаттар

Бағалау критерийы

Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін құрастырады;
• ұжымдық шешім қабылдайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушының бойында ұжымдық қасиеттерін дамытып. Бірлікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, өзін-өзі тану, қазақ тілі

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ынталандыру, бағалау әдістері, «Шеринг» әдісі.


АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик: сергіту сәті

Алдыңғы оқу:

6-сабақ. Адам досымен мықты.


Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

2 минут







4 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме?!

Қалдарың қалай? Сабағымызды бастамас бұрын бәріміз ортаға шығып, шеңберге тұрайық. Ойыншық жүректі алып кезек-кезек бір-бірлеріңе бүгінгі күнге жылы лебіз айтып жүректі беріңдер.

Тамаша, енді орындарыңа отырыңдар.

Үй тапсырмасы. «Сандар әдісі» бойынша

Балар үйге қандай тапсырма берілді?

Ендеше алрыңда тұрған сандар бойынша үй тапсырмасын айтуды бастаймыз. Мен айтқан сан кімнің қолында сол бала тұрып, үй тапсырмасын айтады.


Жүрек тәріздес ойыншық









Сандар жазылған қағаз қиындылары.

Ортасы

2-минут















5 минут


























5 минут












































4 минут










2 минут







3 минут















4 минут














4 минут













Балалар біз бүгін «Біз-әрқашан біргеміз» тақырыбын өтетін боламыз. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазып алыңдар.

Балалар бүгінгі сабағымызда мен сендердің сұраққа жауап беріп, тапсырманы орындағандарыңа байланысты әр түрлі түстегі қағаздарды беріп отырамын. Сабақ соңында сол қағаздар бойынша бағалау жүргіземін.

Алдымен өзін-өзі басқару сөзін 3 тілде айтып үйренейік. Менің артымнан қайталаңдар.

Өзің-өзі басқару-самоуправление-self-management

(А,О) 1-тапсырма. «Сұрақ-жауап» әдісі

Ал енді балалар 20 беттегі ұжым туралы қысқаша анықтамаға назар аударыңдар. Кезекпен оқып шығайық.

Не түсіндіңдер?

Ұжым дегеніміз не екен?

Ал біз отырған сынып ұжымға жатады ма?

Отбасын ұжым ретінде атауға болама?

Бірлесіп білім алу қандай екен?

Ұжымда қандай адамдар болады?

Ал енді дәптерге ұжым сөзінің анықтамасын жазып алайық.

Ұжым-бірнеше адамдардың бірлесіп жұмыс атқаруы.

Дескриптор:

-оқулықтан ұжым туралы анықтаманы оқиды;

-оқығандары бойынша сұрақтарға жауап береді.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі

Сұрақтарға жауапбергендерің бойынша өз-өздеріңді «Бағдаршам» әдісімен бағалаңдар. Алдарыңда тұрған 3 түстің қайсы сай келеді соны көтеріңдер.



(А) 2-тапсырма. «Топтық жұмыс»

Қазір қатар бойынша 3 топқа бөлінейік. Топтасып 3 ортақ топтық мақсат құрасыңдар. Болған соң қай топтық мақсаты айқын екенін бірге білетін боламыз. Ол үшін мендерге бірнеше топтық мақсаттар дайындадым. Егер дұрыс болса жанындағы бағанға + қойыңдар. Қате болса – қойыңдар. Жауабын қайта хатқа салып маған жолдаңдар. Қай топ дұрыс тапқанын бірге тексереміз.

Бірге білім алу

+

Спорттан топтық жарыстарға қатысу

+

Мерекелік іс-шараларға бірге қатысу

+

Бөлектену

-

Хор айту

+

Оқушылардың білім алуына кедергі жасау

-

Сыныппен музей, театрларға бару

+

Тек бір немесе екі баламен ғана дос болу

-

Мектеп ауласына сыныппен сенбілік жасау

+

Басқаларға көмектеспей, жалғыз өзі ғана жетістікке жетуі.

-

Жарайсыңдар, ал енді осы топтық мақсаттарды сақтап жүрейік.

Дескриптор:

-қатар бойынша 3 топқа бөлінеді;

-бірігіп топтық мақсаттардың артығын табады.


(Ж.А)3-тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі

Оқушылар тақтада бірнеше бөлікке бөлінген суреттер тұр. Сол суреттердің сай бөлігімен сәйкестендіріп, қандай сурет шыққанын айтыңдар. Бұл суреттер ұжымдық іске жатама? Осы ұжымдық жұмыстарды дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Дескриптор:

-суреттің бөліктерін сәйкестендіреді;

-сурет бойынша баяндайды.


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрып, электронды тақтаға назар аударайық. Видео артынан бірге қайталаймыз.


(О.Ж)4- тапсырма «Жалғастыр» әдісі

Оқулықтағы мәліметтерге назар аударыңдар. Кезекпен-кезек барлығын оқып шығайық. Ол үшін «Жалғастыр» әдісін пайдаланамыз. Мен кез-келген оқушыға «жалғастыр» деп айтамын. Ол оқушы дәл сол жерден даусытап оқып, жалғастырып оқып кетуі керек.

Өзін-өзі басқару дегеніміз-атқаратын ісін өз еркімен жүргізу.

Ал енді дәптерлеріңді ашып өзін-өзі басқару сөзінің анықтамасын жазып алыңдар.

Дескриптор:

-кезекпен мәліметтерді оқиды;

-анықтаманы дәптерлерлеріне жазып алады.


(А) 5-тапсырма. «Шеринг» әдісі

Оқушылар қазір 2 топқа бөлінейік. Яғни әр топта 10 баладан болады. Бірінші топ 1-суретке назар аударыңдар. Сурет бойынша әр оқушы қайталанбайтын 1 сөйлем айтады. Осылайша 2-топ 2-сурет бойынша баяндайды.

Балалар, бұл суреттерде қандай ұжымдық әрекеттер байқадыңдар?

Дескриптор:

-топқа бөлініп,суреттер бойынша 1 сөйлемнен айтады;


(А.Ж) 6-тапсырма. «Топтық жұмыс»

Балалар жаңа оқыған мәліметтеріңде

ұжымдық жұмыс барысында бір-бірлеріңнің араларыңда қарама-қайшылықтар кездесуі мүмкін делінді. Ал оны болдырмау үшін өзін-өзі басқару ережесін құрастырайық. Ережеміз 5 бөліктен тұрсын. Тақтаға жазайық.

Мысалы: 1. Бір-бірімізді сыйлау

2. Ойымызды еркін айту

Өте жақсы, ендеше бұл ережелерді ұмытпас үшін, дәптерлеріңе жазып алыңдар.


Дескриптор:

-өзін-өзі басқару ережелерін құрастырады;

-дәптерлеріне жазып алады;








Түрлі-түсті қағаз қиындылары.











Оқулық. 20-бет

okulyk.kz 2020















770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!