жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Біз бақытты балдырған»атты сурет салу
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
2013-2014 ж
Дарынды балалармен жұмыс істеудің
жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында
мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне
қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту»
сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды
балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес
жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді
болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті,
дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере
білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері
көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір
пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп,
оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру
деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық
қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама
берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше
жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын
зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке
психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның
ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп
тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық
ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен
ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы
қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі
мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға
дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқажету оқу бағдарламасын
тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту
арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын
педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге
болады.
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- дарынды оқушымен жұмыстыңәдеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
- дарынды оқушымен жұмысқа трақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс
орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге
ұмтылуы;
2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
- оқушы дарындылығын моделін білуі;
- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлма құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
- оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;
- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:
- баланың отбасы жағдайын зерттеу;
- шығармашылық қабілетін анықтау;
- саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
- ата-анасымен әңгімелесу;
- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;
2. Пәндік үйірмелер;
3. Тіл мерекесі;
4. Абай оқулары;
5. Олимпиадалар;
6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
-
-
-
Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.
-
-
ӘР БАЛА – ЗЕРТТЕЛМЕГЕН ҚҰПИЯ,
ӘР БАЛА – БОЛАШАҚ ДАНЫШПАН.

Дарынды бала
Сыныптағы өз қызметіне басшылық жасау
«Қиын» оқушыларға көмектесу
Қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы
Шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасауы
Сыныптағы атқарылатын өз қызметіне арнайы дәптер бастауы
Оқу үлгірімі нашар оқушыларға түсінбеген сұрағын түсіндіру
Мектептегі өтілетін апталықтарға ат салысу
Шығармашылық тақырыптарға реферат жасау
Сол дәптерді күнделікті мәліметтермен толықтырып отыру
Уақыт бөліп үй тапсырмасына бірге дайындалу
Әр түрлі үйірме жұмыстарына қатынасу
Өлең шығару
Апта сайын сынып жетекшісіне есеп беріп отыру
Мүмкіндігінше жетіспейтін оқу құралдырымен көмектесу
Мектеп және ауданаралық жарыстарға қатынасу
Өздігінен шығармалар мен көркем әдебиет оқу
Дарынды оқушылармен жұмыс
Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін, алдымен
-
Дарынды оқушы дегеңіміз кім?
-
Дарындылықты қандай топтарға жіктеуге болады?
-
Оқушыларға әсер ететін орталар
-
Дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
деген мәселелер төңірегінде ой қозғап,
пікір бөлісейік.
Дарынды балалармен жұмыстың принциптері:
№
Жұмыс жүйесінің принциптері
Мазмұны
1
Субьективті принцип
Мектептегі ең басты фигура жай бала емес, күрделі, табиғаттың жаратқан қарама-қайшы сезімді, нәзік жанды, әрі ешкімге ұқсамайтын, басқалардан өзгеше мүмкіндіктері бар, өзінің субъективті іс-тәжірибесі бар адал, өзіндік дүниетанымымен өзіндік қабылдауымен.
2
Психоэлевациялық принцип
Бұл оқыту жағдайы бастапқыдан жағымды жағдайда оқушының жеке тұлғасын қолдаудан тұрады. Міндетті шарттары эмпатиялық жағдайда оқушының жеке тұлғасын басынан мақұлдау, яғни оқушы толғандырып жүрген қиындықтары мен өзекті мәселелерін түсіне білуге педагогтың ұмтылысы, бұл оқушыларға өз жылуы мен қатысуын көрсете білуіне түрткі болады.
3
Көкейкесті принцип
Оқытудың мақсаты – бұл интеллектуалды, белсенді шығармашылық тұлғаның қалыптасуы, проблемалық оқыту кезінде зерттеушілік оқу әрекеті пайда болады, онда дарынды тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
4
Партиклиция принципі «партия»- сөзінен шыққан – бірлесу, топтасу
Бала дарындылығының құбылысына үйлесімді, өз ерекшеліктері бар. Бұл принциптің қажеттілігі екі себепке негізделеді:
1.дарынды балалар психикасының қарапайымдылығы емес, жеке тұлғалар арасындағы коммуникациялық қатынастың күрделенуі оқу үрдісінің балалардың қазіргі әрекетін әр түрлі мақсатқа жетуге негізделінген түрін ұйымдастыруды талап етеді.
5
Байытылған мекен ететін ортаны жасау принціпі
Дарынды тұлғаны дамытудың әдістемелік жинағы психомоторлы, ақыл-ой, академиялық, әлеуметтік, шығармашылық, көркемдік дарындылықтың дамуын қарастырады.Дарынды оқушыларды іздеу, дамыту, қолдау, конференция, фестиваль, жас дарындар сайыстары және тағы басқа іс-шараларды дайындау мен өткізген үрдісте пайда болады.
Жеке тұлға дарындылығының дамытудың кешенді жинағы.
Шығармашылық дарындылық
Ғылыми – практикалық конференция, дебат тобының жұмысы, эрудит, пәндік марафондар, рефераттар қорғау, зияткерлік ойындар, т.б.
Ақадемиялық дарындылық
Арнайы курстар, факультативтер, олимпиадалар
Ақыл-ой дарындылығы
Психологиялық қызмет, сауалнамалар, проблемалық ізденіс қызметі
Көркемдік дарындылық
Жас дарындылық сайысы, ән фестивалі, ән, би т.б.
Психомоторлы дарыныдылық
Спорттық жарыстар, түрлі секция жұмыстары, спортакиядаларға белсенді түрде қатысу
Әлеуметтік дарыныдылық
Көшбасшыны дайындау
Дарындылық түрлерін айқындаудың әдіс-тәсілдері:
Дарындылық түрі
Белгілері
Оқып-үйрену әдістемесі
Шығармашылық дарындылық
Креативті, идеяның өнімділік жылдамдығы, оларды әзірлеу, қиял.
Шығармашылық ойлаудың сауалнамасы
Академиялық дарыныдылық
Оқытудың жетістігі
Стандартты жетістік сауалнамасы
Ақыл-ой дарындылығы
Ойлау операциялары, ақыл-ойлардың түрлері мен сапасының, зейіннің таным үрдістері, есте сақтау, қиялдың дамуы.
Ақыл ойды өлшейтін сауалнама: вебралды және вебралды емес
Көркемдік дарыныдылық
Шығармашылық және орындаушылық өнер
Іс - әрекет мен көркемдік шығармашылықты талдау
Психомоторлы дарындылық
Жылдамдық, нақтылық, ептілік, көру координациясы, темп, ритм, іс-әрекет координациясы, реакцияның жылдамдығы.
Перцептивті – қозғалысты дамытуға арналған стандартты сауалнамалар
Әлеуметтік дарындылық
Ұйымдастырушылық, коммуникативті, жетекшілік қабілеті
Жетекшілік қабілеті, әлеуметтік хабардар шкаласы, әлеуметтік жетілу шкаласын анықтау сауалнамасы
Дарынды балалармен жұмыс жүйесі:
Негізгі мақсаттары:
Дәстүрлі білім сайыстарын, пән олимпиадалаын ұйымдастыру
Дарынды балаларға әлеуметтік қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.
Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін педагогикалық маман арнайы дайындық жұмыстары өткізу тиіс
Дарынды балаларды іріктеудің, тәрбиелеу, оқыту мен қолдау бойынша тәжірибелік қызметті дамыту үшін басқару жүйесін құру
Негізгі міндеттері:
Талантты балалардың әлеуметтік – мәдениеттік қалыптасуына көмектесу
Мемлекетіміздің зерделі потенциалын қалыптастыруға үлес қосу
Дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі стратегиясын белгілеу
Дарынды оқушылармен жұмыс
Мақсаты:
Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрдде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру. Халықтық тәлім- тәрбие білу.
Міндеті:
Бұл оқушылармен үнемі қосымша жұмыс жасау. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беру. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсыну. Әр сабақта олардың ой-орістерінің өсуіне жағдай жасау. Оқуға деген белсенділіктерін дамыту, арттыру.
Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал жасау.
Міндеттері:
Міндеттері:
-
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
-
Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету.
Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.
Дарындылық анықтамасы:
-
Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады.
-
Іс-әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.
-
Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті.
-
Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы.
-
Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.
Дарынды баланың сипаттамасы:
-
Интелектуалды сферасы.
-
Білімділік өрісі.
-
Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.
Дарындылық үш параметрмен анықталады:
v Танымдық жеке дамуы.
v Психологиялық жеке жамуы.
v Физикалық дамуы.
Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер:
-
Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.
-
Дарынды оқушы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген