400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біз-бақытты ұрпақпыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерді өз Отанын қорғауға, туған еліне мекеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, Отанының нағыз патриоты болуына және халықтар достығын құрметтей білуге тәрбиелеу. Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны, жас ұрпақтың ана тілінің қадір –қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз бақытты ұрпақпыз!»

Мақсаты: Жасөспірімдерді өз Отанын қорғауға, туған еліне мекеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, Отанының нағыз патриоты болуына және халықтар достығын құрметтей білуге тәрбиелеу. Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны, жас ұрпақтың ана тілінің қадір –қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту. Ата-баба мұрасына адалдықа және оны жалғастырушы болуға баулу.Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: аялдама атаулары, шарлар, маркерлер, өлең жолдары

Сабақтың барысы:

- Бүгін. «Бақыт» мекеніне саяхатқа шығамыз. Алдымен жолға шықпас бұрын ережемізід еске түсірейік:

Жігер деген-Мен

Күш деген-Мен

Кешірім деген-Мен

Жасөспірім деген-Мен

Жастық шақ деген-Мен

Денсаулық деген-Мен

Адалдық деген-Мен

Жарқындылық деген-Мен

Бар ғажайып деген-Мен

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

«Туған жер аялдамасы»

- Күннен жан – жаққа жылулықты таратуымыз керек. Отанымыз қандай екенін айтып жапсырамыз.

Мен оның түнін сүйем, үнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған

Балалар айтыңдаршы «Біз кімбіз?»

оқушылар: «Біз бақытты ұрпақпыз!»

  • Балалар сендер – Тәуелсіздік тіректерісіңдер. Бүгінше сендер оған тәртібімізбен, алған жақсы баға, сапалы білімдеріңізбен үлес қоса алады екенсіңдер.


Келесі аялдама «Отбасы аялдамасы»

- Алақанымызды бастырып, қиып аламызда отбасы мүшелерін жазып, шығамыз. Кейін ортаға тілек жазамыз.

«Достық аялдамасы»

- Алақанымызды бастырып, қиып аламызда достарымыздың атын жазып, шығамыз. Кейін ортаға тілек жазамыз.

«Мейірімділік аялдамасы»

Оқушылар тақтадағы сөмкеге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) қоқыс жәшігіне жазады. Яғни бойымыздағы жаман қасиеттерімізден арылуымыз керек.

«Бақыт мекені»

- Бақыт дегеніміз не?

- Қай кезде біз өзімізді бақытты сезінеміз?

Қорытындылау: «Бақыт дегеніміз туған жерімде отбасыммен тұру, достарыммен ойнау, мейірімділік жасау, әр дайым көңілді болу.

Бейбіт елдің ұланы Оттай лаулап жанамыз, Бұл бақыттың ұланы, Біз бақытты баламыз.

Айтқан тілді аламыз Үлкендерді сыйлаймыз

Тентек бала болмаймыз Таңда ерте тұрамыз

Беті қолды жуамыз Кір қоңдарды қуамыз Біз ұқыпты баламыз Кесте тоқып, сурет салып Біз шебер де боламыз.

Тақпақ жаттап,ән айтып, Біз өнерпаз боламыз Біз осындай боламыз Біз бақытты баламыз



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
740
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі