400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз біргеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шалабаева Алмагүл Утешовна

Picture 1 Біз біргеміз

Сын сағатта біз сіздермен біргеміз, Бәрімізде отбасында үйдеміз. Ізгіліктің ошағында бас қосып, Шәкірттермен жүздесеміз күнде біз.

Тілегіміз, арманымыз бір біздің, Жүзін көрсек қуанамыз шәкірттің.

Апай!- деген үнді естіп қуанам,

Білесіңбе, сен осыны шәкіртім!


Қажымаймыз, мұқалмаймыз- мықтымыз,

Сан ғасырдың сынағынан шықтық біз. Ерлігінен бабалардың үлгі алып, Батыр халық, батыл халық болыппыз.



Бірлік қайда, бақыт сонда білеміз, Бірлік пенен тірлік етіп жүреміз. Ата- анамен, шәкіртпенен тілдесіп, Ғаламтормен білім нұрын себеміз.

Бақытына бағалаған баланы, Ардақтаймыз біз де ата- ананы. Сақтаңдар деп балаларды індеттен, Түсіндірем күнде сақтық шараны.

Рухы өр қазақ дейтін халықпыз, Сан сынақты жеңіп өткен алыппыз. Ата-баба ерліктері бізге үлгі, Індет түгіл жауды жеңген батырмыз!

Қашықтықтан білім алар шәкірттер, Таяу күнде қоңырау үні естілер. Жеңеміз біз қиындықты сабырмен, Атар таңдар, ұмыт болып бұл күндер.

Шәкірттерім ғылым сенің қолыңда, Кітап сенің нұр шашады жолыңа. Кітабыңды тастамағын қолыңнан, Ұстазыңнан қашық жерде тұрсаңда.

Мен сіздермен, бәріңізбен біргемін,

Мектепте емес, мен де қазір үйдемін.

Бірге менің жан-жүрегім сіздермен,

Осы сөзді ұғыныңдар шәкірттер!


Болашағың біл, өзіңнің қолыңда, Кедергі жоқ, ғылым, білім жолында. Білім – бақыт! – ол қолыңды жеткізер, Боласың сен ел басқарар –нар тұлға!



Ұжымдастар, ата-аналар, шәкірттер! Мықты болсын арман мен үміттер! Үміт, сенім, білім, ғылым – мықтылық, Бізді жарқын болашаққа жеткізер! Сізді жарқын армандарға жеткізер!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі