400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Біз біргеміз, біз үйдеміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту-бүгінгі күн талабы
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып,қашықтықтан оқытудың алғы шарттары
Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында айқын
көрсетілген.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша мұғалімнің негізгі міндеті оқушының өз
бетінше орындалатын жұмысын басқару; туындаған мәселелерді қарастыру; мақсат пен
міндет қою; оқушылармен өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау.
Әлемдегі короновирустық инфекциясының таралуы бүгінде біздің елімізде де орын алып
отыр. Сондықтан санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты осындай жүйенің
аясында жұмыс жасауды сәуір айының алтыншы жұлдызынан бастап кеткен болатынбыз.
Міне, IV тоқсанның үшінші аптасы да аяқталды. Бүкіл мектеп ұстаздарындай «№16
Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебі»КММ-нің мұғалімдері өз
оқушыларымызды қашықтықтан оқытудамыз. Ұжымдағы мұғалімдер ауызбіршілікте
біріге жұмыс жасап отырмыз. Олар қашықтықтан оқытуда шығармашылық шеберліктерін
барынша шыңдап, өз оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беруде.
Мектеп басшысы А.Ж.Садыков пен бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі
Д.Т.Нармағамбетованың еңбектері зор болды. Ол кісілер оқуға уақытша пайдалануға
мектептен компьютерлер бергізіп, ата-аналармен тығыз байланыста болып, түсінік
жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларымыз бүгінде қашықтықтан оқуға әбден қалыптасты. Олар пән мұғалімдерімен
үнемі кері байланыста болып,тапсырмаларды қызыға орындап, уақытымен жіберіп
отырады. Сонымен қатар ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтан оқытуды «Балапан»
арнасынан да қарап келеді.
Қашықтықтан оқыту,әрине,оңайға соқпайды. Бұрын-соңды болмаған білім беру жүйесін
қолға алып отырмыз. Цифрлық білім беру ресурстары, электрондық оқулықтар, мектеп
еду платформасы мұғалімдердің жұмысын көбейтті.Сондықтан қазіргі орын алып жатқан
қиындыққа оқушылар мен ата-аналар да түсіністікпен қарап, өз үлестерін қосып отыр.Сын
сағатта үштік одақ бірлесіп қашықтықтан оқытуды нәтижелі, абыроймен жүзеге
асыратынымызға сенімдімін!


Қалдыгүл Оразниязова,
Ақтау қаласы
«№16 Саламат Мұқашев атындағы
жалпы білім беру орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.04.2020
297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі