Біз чемпион боламыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз чемпион боламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық сыныбында өткізілді. Балалар ч әрпімен танысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық 0 «Ә» тобының конспектісі

Тақырыбы: Біз чемпион боламыз. Ч дыбысы мен әрпі


Пән: Сауат ашу


Күні: 17.05.2021

Мақсаты:

1.Ұйымдастырылған кезең. Тәрбиеші балаларды ортаға шеңберге тұрғызады.

Мынау менің жүрегім (барлығы жүрегін ұстайды)

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды, (екі қолмен басын ұстайды)

Барлық істі атқарған.

Мынау менің оң қолым, (оң қолын көтереді)

Мынау менің сол қолым, (сол қолын көтереді)

Барлық істі атқарған. (қуанышпен айтып көрсетеді)

2. Жаңа сабақ. Əліппе-дəптермен жұмыс .

1-Тапсырма :

Өлеңді тыңда және суретке қара.

Біз-чемпион боламыз

Біз шыныққан баламыз,

Суда жүзеаламыз.

Желбіретіп көк туын,

Чемпиондар боламыз.

Балалар өлең мəтінін түсінеді. Суреттегі балалардың қандай спорт түрімен шұғылданып жүргенін айтады. Чемпион сөзінің мағынасын түсіндіріп, балалардың ойын тыңдайды. Чемпион деп- олимпиада ойындарына қатысып , жеңімпаз атанған спортсмендерді атайды екен .

2-тапсырма. Суреттегі заттарды атайды.

Чек ,че-мо-дан, поч-та сөздерін буынға бөледі. Тәрбиеші сөздердің мағынасын түсіндіреді. Чек –бұл біз дүкеннен зат сатып алғанда қолымызғы берілетін қағаз, келесі чемодан –біз оған киім саламыз, ұзақ жолға шыққанда қолымызға ұстаймыз. Тәрбиеші почта туралы түсінік береді.Чек,чемодан ,почта сөзінде қандай дыбыс бірінші естіледі?

Сергіту сәті: Сергіту сәті.

Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.

3-тапсырма. Ч әрпімен таныс бол. Тәрбиеші бүгінгі танысатын дыбыс Ч дыбысы екенін айтады.

Ч –дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс . Ч- дыбысын көк текшемен белгілейміз. Ч дыбысын айтқанда шұғыл, кедергімен қысқа айтылады . Бұл дыбыс орыс тілінен енген сөздерде көп кездеседі .

Тәрбиеші электронды әліппені тыңдауды ұсынады . Электронды әліппе арқылы чемпион ,чукотка , чукча сөздерінің мағынасымен танысады .

4-тапсырма. Ч әрпін ермексаздан жаса. ( Балалар ермексаздан ч әрпін жасауды)

5-тапсырма. Ч әрпі бар сөздердің суретін сал.

6-тапсырма. Дәптермен жұмыс. Алдымен балалар Ч дыбысын ауада жазып көреді ,сосын ч əрпін жазу жолына жазады.

3.ҰОҚ-ның қорытындысы. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
735
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі