Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Біз еңбекқор баламыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
- Балаларға еңбек туралы интерактивті тақта арқылы мәлімет беру, видео көрсету, дидактикалық ойындар, тапсырмалар орындату арқылы түсніктерін кеңейту. Еңбек адамдарына деген құрмет сезімдеріне тәрбиелей отырып, балалардың ауызша сөйлеуін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


27 бөбекжай- бақшасы тәрбиеші

Еримбетова Жанар Туремуратовна


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Ұшақ

ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ:

Балаларды ұшақпен таныстыра отырып, оның басқа көліктерден маңызды айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету; ұшақтың негізгі бөліктерін атауға дағдыландыру. Балалардың байқағыштығы мен зейінін, қабылдау қабілеті мен танымын, тілін, эмоциялық сезімі мен түйсіктерін дамыту. Балаларда ғарыш әлемі мен ұшақ түрлеріне деген қызығушылықты қалыптастыру және оқу қызметінде адамгершілікке тәрбиелеу

СӨЗДІК ЖҰМЫС

"Ғарыш", "ұшақ", "төмен", "ортада", "ұшады", "тұмсық", "дене", "қанат", "құйрық", "жоғары" сөздерін пайдалану.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Ғажайып сәт, ойыншықты зерттеу, сұрақ-жауап, дамытушы жаттығу, сергіту сәті, аудиожазба тыңдау, ойын рефлексиясы.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Ойыншықтар: балапан, ұшақ, көрсеткіш; ырғақты, көңілді әуен жазбасы; заттық суреттер: жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл машина; суреттер үшін панно

2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Түсті қағаздан жасалған ұшақтар

ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАРЫСЫ

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ  

1.1. Ғажайып сәт.

Балапан келеді.
- Балалар, балапан сендерге "Сәлем!" дейді. Балапанның қанаты бар, бірақ ұша алмайды. Қалай оған көмектесуге болады екен? Көрейік
.

Ойыншық ұшақты көрсету.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ    

2.1. Ойыншық ұшақты зерттеу.
- Балалар, бұл ұшақ. Қайталаңдар. Жарайсыңдар.
- Ұшақтың тұмсығы, денесі, қанатары, құйрығы бар (көрсеткішпен көрсету). Тұмсық. Дене. Қанат. Құйрық. Қайтала. Жақсы.
- Ұшақтың терезелері бар. Бұнда адамдар отыр. Бұл не? (Көрсеткішпен көрсету). Терезе. Бұнда кім бар? Адам бар. Жарайсыңдар.
- Ұшақ ұшады. Қайталайық. Жарайсыңдар.
- Ұшақ аспанда ұшады. Қайда ұшады ұшақ? Аспанда. Жарайсыңдар.
2.2. Сергіту сәті. "Ұшақтар".

- Біз зу-зу ұшақ боламыз (саусақтарды жоғары-төмен қозғау),
Моторды қыздырып аламыз (кеуде алдында бүгілген қолдарды өзара айналдыру).
Қанатты түзу жайып (қолдарды екі жаққа тік жаю),
Аспанға биік ұшамыз (екі қолды жайып, ойын алаңында жан-жаққа жүгіріп "ұшу")
-Зуууу! Зуууу!
Балалар педагог соңынан әуен ырғағына, сөздерге сай қимылдайды.

2.3. "Не қайда қимылдайды?" дамытушы жаттығуы.

Балаларға кезекпен жеке суреттер көрсетіледі: жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл машина. 
- Балалар, көрсетілген суретке қарап, ненің қайда жүретінін атайық: жолда, суда, аспанда. Қайтала. Жақсы. Ойынды бастайық.
- Жүк машинасы (кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл машина) қайда жүреді? Жарайсыңдар.
Сурет көрсетілген сайын панноға жапсырылып отырады. "Көліктер" сөзін айтқанда көрсеткішпен айналдырып көрсету керек.
- Балалар, бұның барлығы көліктер. Қайталайық. Көліктер. Жарайсыңдар.

2.4. Кейіпкермен қоштасу.
- Балалар, балапан онымен ойнағандарың үшін "рақмет" айтады. Сау болыңдар.

2.5. "Ұшақты ұшырайық" ойын рефлексиясы.

Балаларға алдын ала түсті қағаздан жасалған ұшақтар үлестіріледі.
- Балалар, мына ұшақтарды алып, ұшқызып көрейік.
Ойын барысында баладан ұшақтың бөліктерін, не істегенін, ұшақта кімнің отырғанын сұрауға болады..

3. ҚОРЫТЫНДЫ.Сұрақ-жауап.  
- Балалар, бүгін оқу қызметінде немен таныстық?
- Ұшақпен.
- Ұшақтың қандай бөлшектері бар?
- Ұшақтың тұмсығы, денесі, қанаттары, құйрығы бар.
- Тағы не бар?
- Ұшақтың терезелері бар.
- Ұшақ жүре ме?
- Ұшақ ұшады.
- Қайда ұшады?
- Ұшақ аспанда ұшады.
- Жарайсыңдар, балалар, оқу қызметіне белсенді қатыстыңдар, рақмет, сау болыңдар!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2021
709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12