Материалдар / Біз мектепке барамыз !
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз мектепке барамыз !

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек тобының балабақшамен қоштасу сценариі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2018
720
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біз мектепке барамыз»!!!

( Музыкалық зал әсем безендірілген салтанатты алаңы. Жай көңілді әуен ойнап тұрады.)


Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар,балабақша қызметкерлері, қонақтар!Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
-деп,сүйікті біздің бал-бұл жанған түлектерімізді құрметпен ортаға шығарып, қарсы алайық!

Балалар шарларымен ұстап вальс ке шығады.

Тақпақ – 4 бала

Ән: «Біз мектепке барамыз»

Балалар қол ұстасып бірінің артынан бірі жүреді.

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа де жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер

Ал енді біздің балаларымыздың тақпақтарына кезек береміз.

Тақпақтар

Би: «Мамбо» барлық қыздар.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, таяуда ғана алдымыздағы бүлдіршіндер осы өмірге тәй-тәй басып, ылдырлап келіп еді. Жақында ғана біздің балабақшаның есігін ашқан еді. Бірақ уақыт зымырап өтеді- балаларымыз өсіп қалды, 
Балабақшада сендер бір- бірімен достасып, бір топқа барып едіндер. Ал, ертеннен бастап сендердің жолдары жан-жаққа бөлінеді.
 
Балалар, бәріміз отырып, ойланайықшы, болашақта сендерді не күтеп тұр?
 

Жүргізуші: Балалар, егер алдына өздеріңнің мақсаттарын қойсандар, барлық армандарын, тілектерін орындалады. Сол кезде бір ғажайып болады, сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме? Менімше бір арманымыз орындауға жақын сияқты... 
(Әуен естіледі, залға Сиқыршы кіреді) 
Сиқыршы: Қанша бала, қанша халық! Сәлеметсіңдер ме, құрметті қауым! 
Мен мейірімді Сиқыршымын!
 


Жүргізуші: Балалар, қандай ғажап, бізге Сиқыршы дәл өзі келді! Сиқыршы- мырза, біздің бүлдіршіндеріміздің бүгін ерекше күн, бізде бүгін үлкен мереке. 
Сиқыршы: Мереке дейсіңдер ме? Мерекені мен өте жақсы көремін. 
Ал сендердің тойларында мен қандай көмек бере аламын?
 
Жүргізуші: Сиқыршы мырза, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің армандарын орындай аласың ба? Олар өскенде кім боламыз дегенді армандап, осы ағаштың жапырағына өз арман-тілектерін жазды. 
Сиқыршы: Дұрыс, бұл ағаш- жәй ағаш емес, бул сикырлы агаш, егер сендердің тілектерін бұл сикырлы ағашта тұрса, онда олар мүлдем орындалады. Қызық екен, қандай тілектерді сендер жаздындар? 
Көруге болама?( бір парақты ағаштан алады, окиды) Мұнда
 
« актер »-боламын деп біреуы жазыпты,  
Жүргізуші: Сиқыршы-мырза, біздін балалар сізге актерлықтарын көрсетсің. 
Сиқыршы : Кане, көрейік. 

Сценка : «Опять двойка»

Сиқыршы: Ал бұл маман маған өте ұнайды, мұнда «биші боламын»деп біреуі жазған. Ал әртістер,шығындар, өнерлерін көрсетіндер 
Би: « Гусеницы» барлығы шығады.


Сиқыршы: Тағы б1р жапырақты көрейін...Бұл маман маған өте таныс. Мұнда «циркте жұмыс істеймін» деп жазган, біракта циркте көп маман бар, балалар көмектесіндер олар кандай: жонглер, сайкымазак, дұрыс, тағы: акробат, мен сиякты сикыршы бар, дрессировщик? 
Ал маған өте ұнайтыны –
ойындар ! 

Ойын:  

Сиқыршы: « Әнші болғым келеді» біреуы жазыпты, мына жапырақта да, мында да...Бұл керемет маман ? мен де ән айтуды жақсы көремін.
Жүргізуші: Сиқыршы-мырза, балалар жыл бойы көп нарсеге үйренді, Білгендерін сізге қазір көрсетеді. 


Ән: «Әже жүрші мектепке»

Сиқыршы: Міне, біздің сиқырлы ағашта жапырақта қалмапты… 
Енді сендердің жазған тілектерінді мен мына сиқырлы кұмыраға салайын, оны жақсылап жауып, 20 жыл өткен соң ашасындар, мен ойлаймын сендердің жазған армандарын мүлдем орындалады. Ал мына кұмыраны біз осы балабақшанын басшысына ________ ханымға сақтауға тапсырып етейік. 






Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді
Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар далаға ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .

Жүргізуші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой.Қарашы балаларға билерін билеп, тақпақтарын, әндерін айтып жатыр.
Жалқаубек: - Мен де тақпақ білемін:

Мен айтамын тақпақ,

Өзімді - өзім мақтап.

Мектепке барып не керек

Жүре берем «так та»- ақ.
Сабақ оқығанша асық ойнап, доп қуып, океанариумға барып балықтарды қызықтағаным артық емес пе.
Мен мектепке бармаймын,мен ойын ойнағанды жақсы көрем, және бұған менің достарым дәлелдейді.

БИ.: «Мы маленькие дети нам хочется гулять» би барлық ұлдар.

Жүргізуші: - Қой, Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап, балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған. Қане, отырып өзің тыңдап көрші.
- Балалар, біз мектепке не үшін барамыз? 1 - бала: - Оқып білім алу үшін! 2 - бала: - Еліме еңбек ету үшін! 3 - бала: - Білімді азамат болу үшін! 4 - бала: - Ер жетіп Отанымды қорғау үшін!
Жүргізуші: - Жарайсыңдар! Ал енді балалармен бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Қоңырау»

2 отбасы ойнайды.Бала портфелін жинайды,анасы гүлдерді жинайды, әкесі шар үрлейді.

Барлық атрибуттар үстелде араласып жатады

( шарларды артығымен салып қою) .Жиналып болған соң отбасы залдың арғы жағына жүгіріп барып қоңырау соғады.Қай отбасы тез жиналып,қоңырау шалса сол жеңеді.

Жалқаубек: - Балалар, тағы бір ойын ойнаңдаршы.
Жүргізуші: - Жарайды, Жалқаубек, дегенің болсын. Ендігі ойынымыз - «Тез тұратын сандар» деп аталады. Шарты: Балалар 1 - ден - 10 - ға дейінгі сандар болып музыка ырғағымен билейді. Музыка тоқтағанда бір қатарға ретімен тұра қалулары керек.
(Ойын ойналады)

Жалқаубек: - Балалар, мына ойындарың маған қатты ұнады, менің фишкамнан, добымнан да қызықты ойын екен, мен де үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар, сау болыңдар, күзде мектепте кездескенше!
Жүргізуші:- Балалар, жарайсыңдар! Жалқаубекті де түзу жолға салдыңдар. Бір - біріңмен дос болып жұптарың жазылмасын. Ендігі кезекті балабақша бишілерінің орындауында «» берейік.



Би: Хореография


Жүргізуші : Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Ортада: «Қыздар Әкелерімен биі»

ӘН: «Қоштасу»әні

Жүргізуші :Балалардың білімі құтты болсын,

                     Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

                     Білімдерін ары қарай дамытатын

                     Ерінбейтін еңбекқор күшті  болсын!

 Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгіліг өз  мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Сау болыңыздар.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!