«Біз мектепке барамыз!»
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге, мектепке деген қызығушылықтарын ояту. Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Кіріспе сөз: -Құрметті ата-аналар, ұстаздар,бүлдіршіндер! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң мен солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт сапар тілей отырып, «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті міне
бойларың
Өсті міне ойларың,
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың
Олай болса кішкентай бүлдіршіндерді қарсы алайық! (Музыка ырғағымен
балалар ортаға шығады )
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестең өттіңдер
1-кезең. «Менің Отаным-Қазақстан» Әнұран орындалады.
М:-Балалар ,біздің Республикамыз қалай аталады?(Қазақстан Республикасы)
-Қазақстан Республикамыздың Президенті кім?(Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы)
-Біз қай қалада тұрамыз?(Аягөз қаласы)
-Қай мектепте оқисыңдар? (Д. Бабатайұлы атындағы)
М: -Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. Желбіреген көк байрағы, айбынды Елтаңбасы, асқақтаған Әнұраны бар.
-Мемлекеттік рәміздер туралы не білесіңдер?
1.:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілді,
Ортада аспан әлемі.
2. Әлібек
Құт- береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
3.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Бірлігім өз қолымда
Еркіндігім- Елтаңбам
2-кезең «Біз мектепке барамыз»
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген білімнің ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
-Білім ошағы –мектеп. Білім –теңіз, мектеп-кеме. Бүгін тарыдай болып келгендеріңмен, ертең –ақ осы мектептен таудай болып шығуларыңа тілектеспін. Білім мен өнер жиып үлкен азамат болатындарыңа сенемін.
-Мектеп туралы не білеміз?
Хор:
Дыбыстарды айтамыз,
Әріптерді жазамыз.
Сандарды да жазамыз,
Туған тілге тазамыз.
Батаңды бер қазағым,
Біз мектепке барамыз!
7.
Оқимыз,білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
8.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлықпен,
Біріншіге барамыз.
Жаман бала бүлдіреді
Жақсы бала күлдіреді
Жұмысқа да,сабаққа да
Дер кезінде үлгереді
Ән:
3-кезең «Ойнаймыз,ойлаймыз»
Көріңіздерді біздерді
Мықтымыз біз есепке
Қызықты есептер «Шешуін кім табады?»
1.Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу, бас нешеу: ( Жауабын кім табады:( Басы 4,аяғы8)
2.Балапанын көгалада
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан (10 )
3.Құмырсқалар еңбекшіл
Ұйымшыл және ол көпшіл
Екеуі жүр дән тасып
Екеуі шөпке жармасып
Бесеуі шырша түбінде
Барлығы нешеу, санап шық (9)
4.Бес қой қосу екі қой
Жалпы болды қанша қой 5+2= 7
Екі қой қайта алғаным
Айтшы ,қанша қалғанын 7-2=5
5.Айша вазаның ішіне салды 8 алма, 2 алмұрт
Барлығы неше жеміс болды? (10)
М:Уақыт алып мүдірмей,
Сан санайық кідірмей.
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау
М: Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Би:
4-кезең «Әріптер әлемі»
5-кезең «Өнерлі бала сүйкімді»
Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып, бір-бірден
Қимай кетіп барады- деп балалардың тақпақтарын айтуға шақырамыз.
13.
Алтыға келді жасымыз
Сәбиліктен астық біз
Мектеп бізді шақырды
Қош даярлық тобымыз
14.
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Өсті талап ,талғамым,
Көп нәрсені үйрендім.
15.
Даярлығым бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
16.
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл –санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз.
Би:
ОЙЫН: «Иә», «Жоқ» балалармен
1.Мектепке біз барамыз ба?
2.Кілең бестік аламыз ба?
3.Айтқан тілді аламыз ба?
4.Ақылды бала боламыз ба?
5.Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.Таңертең ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9.Екі алғанда жылаймыз ба?
10.Оқушы біз боламыз ба? (Жақсы балалар)
Ата-аналармен:
1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2.Есепке сіз жүйріксіз бе?
3.Тамағын уақтылы бересіз бе?
4.Әр уақытта төзімдісіз бе?
5.Сериал көріп жатасыз ба?
6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартап сөзді айтасыз ба?
8.Сен оқыт, мен оқытып шарашадым деп ұрсысуға дайынсыз ба?
9.Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10.Бала үшін асулардан асасыз ба? (жақсы рахмет)
М:Айналайын балалар
Алда мектеп –ана бар.
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар даналар
17.
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық тобым қош енді.
18.
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер ,білім үйреткен,
Даярлықты қимаймыз
19.
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
20.
Өзіңнен көп дос таптым,
Бауыр баса бастаппын.
Даярлық топ көңілді,
Келмей тұр енді қоштасқым
Ән: «Біз-өмірдің гүліміз!»
«Он саусақ» М. Әлімбаев.
Сергіту жаттығуын жасату.
М: Айналайын гүлдерім
Айым менің күндерім
Маған қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Сендердікі болашақ
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
«Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Ата-ана болу үлкен сын,
Бала өсіру ұлы өнер.
Жақсылардың соңынан,
Жақсы қыз бен ұл өрер -сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
«Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Біз мектепке барамыз" тəрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз