400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЗ-МЫҚТЫМЫЗ ЕПТІМІЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
СПОРТ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физикалық қасиеттерді дамыту

Бөлімі: Денешынықтыру

Тақырыбы : «Көңілді эстафета»

Күні:24.12.2025ж

 Міндеті: Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға,дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Спортпен  айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану.Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Тәрбиеші:

Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толарсың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боларсың.

Құрметті әріптестер, және балалар бүгінгі ««Көңілді эстафета»сайысымызға қош келдіңіздер!

Алдымен сайысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып,жаттығу жасап алайық.

Б.қ. Қол белде, аяқ арасы сәл алшақ.

Б.қ. 1 дегенде басты алға,артқа ию (3-4рет)
Б.қ. 2 дегенде басты оңға,солға ию (3-4рет)
Б.қ. 3 дегенде басты солға ию бастапқы қалыпқа келу. Денені түзу ұстау.

Бастапқы қалып,аяқ иық бойымен, қол белде.

Б.қ 1 дегенде екі қолды алға созу.
Б.қ 2 дегенде қолды жоғары көтеру.
Б.қ 3 дегенде қолды жан- жаққа созу.
Б.қ 4 дегенде қолды төмен түсіру.
бастапқы қалыпқа келу.

Бастапқы қалып, бірінің артынан бірі адымдап жүру, жеңіл жүгіру. Демді қалыпқа келтіру.

Тосын сәт: (қонаққа екі фиксики келеді .Кролик пен Нолик)

Фиксики : Сәлеметсіздерме, балалар.

Біз сендерді спорттық сайысқа жарысады дегенді естіп,сендерге қонаққа келдік.

Бізде сендермен бірге көңілімізді көтеріп,спорттық ойындар ойнасақ.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер Фиксикилер.Біз сіздерді көріп сондай қуанып

қалдық .Солайма, балалар?

Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға –



І «Балақай» тобы

ІІ. «Балбөбек» тобын ортаға шақырамыз.

Олай болса сайысымызды бастайық.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1.    Балабақша меңгерушісі: Шахатова Р.С

2.    Балабақша әдіскері : Нұрмағанбетова П.Т

3.    Балабақша медбикесі:Ғ.Жотабаева

Сайысымыз 3кезеңнен тұрады.


1. «Кім жылдам»
2.«Шабандоз»
3. «Доп жинау»


Фиксикилер: Ендеше бізде Нолик екуіміз екі тоқа бөлінейік.


1.«Кім жылдам»

Ойын шарты: Әр топқа доп беріледі, кедергілер арқылы жүгіріп, мәреден айналып келіп, допты келесі балаға берді,осылайша межеден айналады.
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жараспай
Сайыстың мәні бола ма - деп келесі сайысымыз

2. «Шабандоз»

Ойын шарты: Екі топтың балалары есекке мініп ,кедергілер арасымен шауып мәреге барады.Мәрені айналып қайта шауып келеді.Кім бірінші болып келеді,сол топ жеңіске жетеді.

4. «Доп жинау» Кролик пен Нолик қолдарындағы шелек толы түрлі-түсті шарларды шашады.Қай топ көп шар жинаса соны санап шығады.Қай топтың шары көп болса,сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. (Әділқазыларды тыңдау)

Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары! Сіздерге сайысымызға келгендеріңе көп-көп рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15.09.2025
152
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі