Сабақтың
тақырыбы: Біз не
істейміз?
Сабақтың
мақсаты: * Балаларды өздері жақсы
көретін ойыншықтары арқылы тыңдай, ұға білуге
үйрету;
* Балалардың сөзді байланыстырып, еркін сөйлей
білу мүмкіндігін дамыту;
* Күнделікті іс-әрекеттерін дұрыс, ұқыпты
оырндауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру,
сұрақ-жауап, жаттықтыру, көрсету, дидактикалық
ойын.
Көрнекіліктер: қуыршақ, бесік,
доп.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Балалар бізге кімдер келді?
-
Тәтелер келді.
-
Дұрыс айтасыңдар, қонақтар. Балалар орындарынан
тұрып қонақтармен амандасайықшы.
-
Жарайсыңдар, балалар. Келіп орындарына отыра
қойыңдар. Кәне, балалар көздеріннің нұрымен көрсетіндерші, біздер
қонақтар келгенін қалай ұнатамыз?
Есік тарсылдайды.
Балалар
амандасады.
Балалар
сұрайды.
-
Ол «Ақбота» балабақшасынан
келген екен. Ендеше оның атын сұрайық.
Қуыршақ құлағыма
сыбырлайды.
-
Оның аты Асқар екен. Асқармен
амандасайық.
-
Сәлеметсің бе, Асқар.
-
Балалар, Асқармен бірге
ойынайықшы. Мына допты бір-бірімізге домалатып
ойнайық.
-
Ал енді, балалар, Асқармен бірге серунге шығайық.
Қарандаршы ауа райы қандай екен? Суық па, жылы
ма?
-
Жоқ.
-
Әлде жаңбыр жауып тұр
ма?
-
Иә.
-
Далаға шыққанда біз не киеміз?
-
Жылы шапке, жылы пальто, куртка, аяғымызға
етік.
-
Ал қолымызға не киеміз?
-
Қолғап.
-
Дұрыс айтасыңдар
қолғап.
-
Балалар, жүріңдер енді топтың ішіне кірейік.
Балалар, даладан келгендіктен киімімізді шешіп, іліп қояйық. Содан
соң не істеуіміз керек?
-
Қолымызды сабынмен жуамыз.
-
Ендеше қолымызды сабынмен жуамыз да, сүлгімен
құрғатамыз.
Міне Асқар да қолын жуып жатыр.
Балалар үстелге
жайғасады.
-
Балалар, біз үстелдің үстінде қалай
отырамыз?
-
Түзу.
-
Жақсы.
-
Дұрыс. Біз үстелдің үстінде түзу, ұқыпты
отыруымыз керек. Ал, ас ішер алдында біз не деп
айтамыз?
-
Ас дәмді болсын!
Балалар өздерін үстел
басында қалай ұстайтындарын Асқарға
көрсетеді.
-
Балалар, Асқардың ұйқысы келген сияқты. Кәне біз
де ұйықтайық.
-
Балалар, Асқар киімін шешуге қиналып тұр. Кәне
оған көмектесейікші.
-
Асқардың аяқ киімін, шалбарын, күртесін шешеміз.
Содан соң төсегіне жатқызамыз.
-
Балалар, мамаларын сендерге ұйықтар алдында өлең
айтып бере ме?
-
Иә.
-
Ендеше біз қазір Асқарды әлди-әлди өлеңін айтып
ұйықтатайық.
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін.