400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біз не үйрендік?"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКҚК «Өркен» балабақшасы



«Бекітемін»___________

«___» ___________ 2018 ж

«Өркен» балабақшасының

директорының у.м.а:

Ж.А Досбергенова




Shape1

Shape2










Аудандық семинар – практикум

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Үйшік» (орыс халық ертегісі)







Дайындаған:
Тәрбиеші: Д.Н.Әуелбаева









Бостан ауылы
2018 жыл



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Үйшік» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегіні тыңдауға деген қызушылығын арттыру.

Дамыту-ғы: Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелігі: Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу. 

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: үйшік, кейіпкер аңдардың суреттер,слайд

Сөздік жұмыс: үйшік,қорбаңдаған аю


Оқу қызметі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық -қозғаушылық

-Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі. Қараңдаршы,біздерге көптеген тәрбиеші апайлар қонаққа келіп отыр, кәне бәріміз қонақтармен амандасып алайық!
-Сәлеметсіздер ме!
-Здаствуйте!
-Good morning!

Қимылды ойын: «Жануарлар қимылына еліктеу»
«Қоян» - екі аяқпен орнында оңға, солға бұрыла секіру;
«Қасқыр» - шеңбер бойымен топтасып жүгіру;
«Аю» - аяқ сыртымен жүру;
«Түлкі» - баяу , тоқтап басын оңға, солға бұрып жүгіру;

-Жарайсыңдар балалар! Орнымызға жайғасайық!
-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Күзде неше ай бар?
-Күздің қандай ерекше құбыластарын білеміз?
-Балалар біз өткен оқу қызметімізде қандай ертегімен таныстық?
- Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлерді кім атап бере алады?


Балалар келген қонақтармен амандасады



балалар қимылды ойын ойнайды






Күз

3ай

Қыркүйек,қазан,қараша
жапырақтар сарғаяды
- «Бауырсақ» ертегісі












Ұйымдастырушылық-ізденістік
































  • Балалар, бәріміз мына экранға қарайықшы!
    Нелерді көріп тұрсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, бұл үйшік ертегісінің кейіпкерлері. Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Үйшік» ертегісі (орыс халық ертегісі) Мен сіздерге ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақ жасырғым келіп тұр!
    Жұмбақ жасыру
    Жеміс-жидек жегенім,
    Балды жақсы көремін! (Аю
    )

    Өзі ширақ,өзі қу,
    Жүрген жері айқай шу!
    (Түлкі)


Далада жүр шапқылап,
Керемет бір сақ құлақ!
(қоян)


Мысықтан қорқады,
Түнде жортады! (тышқан)

-Жарайсыңдар балалар, олай болса, мен сіздерге «Үйшік» ертегісін оқып берейін.Мұқият тыңдайық!
Балаларға ергегіні оқып беру.
«Үйшік» ертегісі

-Бұл орманда болған оқиға еді.Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған.Бірде оның қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.Тышқан тоқтап:

-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды.

Ешкім жауап,қайтармайды. Тышқан бос үйшікке кіріп,осында тұрып жатады.

Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкетай бұл үйшікте кім бар?

-Мен тықырлауық тышқанмын!Ал сен кімсің?

-Мен бақылдауық бақамын.-Кел бірге тұрайық.

Бақа «бақ-бақ!»деп бақылдап,үйшікке секіріп кіреді.Тышқан екеуі тіл табысып,бірге тұрады.

Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.

-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды.

-Мен тықырлауық тышқанмын!

-Мен бақылдауық бақамын.Ал сен кімсің?

-Мен қорқақ қоянмын! -Кел бірге тұрайық

Қоян да үйшікке кіреді.Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.

Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді.Ақырын басып жақын келіп,терезесін қағады да:

-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды.

-Мен тықырлауық тышқанмын! -Мен бақылдауық бақамын.

-Мен қорқақ қоянмын!Ал сен кімсің? -Мен қу түлкімін!

-Кел бірге тұрайық

Үйшіктен түлкіге орын табылады.Достар енді төртеу болды.Үйшікке тілі салақтап,айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді.Ол есікті қағып қырылдаған дауысымен:
-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды

-Мен тықырлауық тышқанмын! -Мен бақылдауық бақамын.

-Мен қорқақ қоянмын! -Мен қу түлкімін!

Ал сен кімсің?

-Мен сұр қасқырмын! -Кел бірге тұрайық.

Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді.Әйтсе де кіп кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді,Барлығы қосылып ән айтады.Тату-тәтті өмір сүреді.

Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді.Ол үйшікке жақын келіп,бар дауысымен:

-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды

-Мен тықырлауық

тышқанмын! -Мен бақылдауық бақамын.

-Мен қорқақ қоянмын! -Мен қу түлкімін!

-Мен сұр қасқырмын!

Ал сен кімсің?

-Мен қорбанбай аюмын!

-Кел бірге тұрайық.

Аю әрі-бері тырбаңдап үйшікке кірмекші болады.Бірақ оның басы енгенімен,денесі сыймайды.

Амалы таусылған аю:

-Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын-дейді.

-Жоқ,сен дәусің!Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды.Қиратасың-ғой,-деп шырылдайды іштегілер.-Қорықпаңдар ,түк те болмайды,-деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.

Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі.Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады.Сол-ақ екен,ескі үйшік сықырлап,шашылып қалады.Тықырлауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян,қу түлкі,сұр қасқыр-барлығы аман –есен үйшіктен шығып үлгереді.

Аюға олар ренжімейді.Қайта барлығы бірігіп,бөренелерді тасып,тақтайларды сүргілеп,су жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.Осылайша,достар өздеріне әп-әдемі,жап-жаңа үйшік соғып алыпты.
- Балалар ертігі түсінікті ме? Ендеше, сергіп алайық!

Сергіту сәті

Ормандағы аю,ұялардан бал іздейді.

Мойындарын оңға бұрды,мойындарын солға бұрды.

Орман ішін аралады,ағаштарды шайқап көрді.

Оңға бір,солға бір,ағаштарды байқап көрді.Аяқтарын көтеріп ап-қуанғаннан билей берді.

Оңға бір,солға бір қуанғаннан билей берді,
-Жарайсыңдар балалар,енді мен сіздерге «Үйшік» ертегісін үстел үсті театры арқылы сахналап беремін!
- Осымен балалар «Үйшік» ертегісі тамаша достықпен аяқталады екен!
-Балалар, кім жануарлар туралы тақпақ біледі?


Балалар ертегіні мұқият тыңдады










Балалар жұмбақтың шешуін табады




























































Ертегіні мұқият тыңдайды!





















Балалар тәрбиешімен бірге сіргіту қимылдарын жасайды




Балалар жануарлар туралы тақпақтарын айтады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сабақты қортындылау

-Балалар біз бүгін қандай ертегі тыңдадық?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?

- Үйшікке ең алдымен не келеді?

-Тағы нелер келеді?

-Үйді кім құлатады?
-Соңында барлығы бірігіп не істейді?

-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сіздерге ұнады ма?

-Балалар бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!
-Олай болса балалар енді келген қонақтармен қоштасайық.

-Сау болыңыздар!
-До свидания!-

-Good bye!





-Үйшік

-Тышқан, бақа қоян, түлкі, қасқыр, аю

- Тышқан.


Балалар қонақтармен қоштасады



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегі кейіпкерлерін тани біледі

Игереді: Сахналау арқылы мазмұнын игереді

Меңгереді:  Ертегіні зейін қойып тыңдауды меңгереді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі