«Біз өнерлі баламыз»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Біз өнерлі баламыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ қазақ халқының ұрпақтарына еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру.Бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани-мәдениетке тәрбелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу. Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы парыздылық қасиетінің қалыптасуына бағдар беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақшасы»












Ұйымдастырылған ашық көрсетілім

«Шығармашылық дағды»

Тақырыбы: «Біз өнерлі баламыз»








Тобы: «Тұлпар» мектепалды

Тәрбиешілер: Жолдай А.Б.

Закирова С.Б.







Аудандық семинар 13.02.2025 жыл


Мектепалды «Тұлпар»тобы

Шығармашылық дағды

Тақырыбы: «Біз өнерлі баламыз»

ҰІӘ мақсаты:Болашақ қазақ халқының ұрпақтарына еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру.Бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани-мәдениетке тәрбелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу.

Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы парыздылық қасиетінің қалыптасуына бағдар беру.

Шаттық шеңбері

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Сәлеметсізбе апай

Сәлеметсізбе апай деп

Ұл-қыз сәлем береміз

Өнегелі өренбіз.

Бүгін балалар қонаққа Алдар көсе келіпті .Алдаркөсе кіріп
Мен Алдармын,Алдармын

Сақалымды -ау талдармын

Сақал түгіл ,мұртта жоқ,

Сайтанды да алдармын.

Алдар көсе;

Балалар мен сендерге қазақтың ұлттық ойыны шаңырақ ойынын ойнатайын деп тақия тігіп әкелдім.

Балалар;Сіз бізді алдап тұрған жоқсызба?

Ата қызығып тұрмыз ,тезірек ойнайықшы.Алдымен сендер маған осы шаңырақты орнына қоюға көмектесіп жіберіңіздер.Шаңырақты орнына қойдыңдарма ,ендеше келіп менім қоржынымдағы тақияны аламыз.Тақияны аламыз ,басымызға киеміз.Енді киіз үйдің бөліктеріне сәйкес атауын атаймыз.Қимылмен көрсетеміз.Содан кейін басымыздағы тақия түсімен сәйкес шаңырақты алып көтереміз.Балалар жақсы ойнасаңдар, менім сендерге сыйлығым бар. Қара жорға биін билейді,түстермен топқа тұрады.Жарайсыңдар ,балалар шаңырақты орнына қоямыз,ойнымызды жалғастырамыз.Шеңбер құрып тұрамыз ,әуеннің ырғағымен басымыздағы тақияны ауыстырамыз.Музыка тоқтағанда барып ,шаңырақты көтереміз.Сары түсті балалар жеңіске жетті.Балалар қараңдаршы шаңырақтың ортасында тапсырма беріліпті.Оқып көрейінші.

Мақалды жалғастыр.

Еңбек етсең ерінбей

Балалар:Тояды қарның тіленбей.

Жарайсыңдар балалар.

Енді екінші тапсырма.

Ұқсайды шеңберге,

Жиһазы мол кең бөлме.

Балалар:Киіз үй.

Келесі тапсырма :Апта күндерін атап береміз.

Балалар:Аптада бар жеті күн .

Дүйсенбі мен сейсенбі,

Сәрсенбі мен бейсенбі ,

Жұма ,сенбі,жексенбі.

Келесі сұрақ:

Балалар кәзір жылдың қый мезгілі.

Балалар: Қыс.

Осымен балалар төрт топқа бөлініп орындарына отырады.

Төрт топқа төрт түрлі тапсырмалар берілген.

Бірінші топ:Қызыл т.стегі тақиядағы балалар:

«Кинусайга» ине жіпсіз сурет салу.Мақсаты:Жапондық кинусайга технологиясы бойынша кескіндеме жасау.Кинусайга -инесіз пэчворкап ,пэчворг бұл бүкіл бұйым ,мата бөліктеріне жасалған әдіс.Кинусайга техникасын білім беру процесінде қолдың ұсақ моторикасын дамыту құралы ретінде пайдалануға болады.Жұмыс кезінде баланы сенсорлы әсерлері,бейнелі және кеңістік ойлауы байытылады,шығармашылық қиял,саусақ қимылдарын үйлестіру дамиды.Қазақтың ұлттық оюы қошқар мүйізі жасалды .

Екінші топ: Сары түсті тақиядағы балалар

Оюлы көрпеше.Мақсаты:Балаларға қазақтың ою-өрнектері туралы түсінік беру.Халық шеңберлерінің еңбектеріне құрметпен қарауға ,ұлттық салт-дәстүрді жалғастыруға тәрбиелеу.Қошқар мүйіз оюын әр түстен қиып жасау.Ішіне сентифон мақта салып,балаларға санамақ және жіптің көмегімен көрпешені жасап шығады.

Үшінші топ:Көк түсті тақиядағы балалар.

«Марблс»тастары. Марблс тастары - мыңдаған жылдар бұрын ежелгі адамдар ойнаған балшық шарлардың ұрпақтары. Марблс-аудармада "мәрмәр" дегенді білдіреді. Марблс тастары ежелгі римдіктер мен гректердің ойын-сауығынан өз бастауын алады. Олар теңіз толқыны, жұлдызды шаң, кәріптас және су тамшысын біріктіреді. Қазіргі Марблс Силикат құмнан, күлден және содадан жасалады, олар пеште балқытылады. Арнайы бояғыштардың көмегімен шыныға түрлі түс береді. Марблс шарлары өте әдемі, тегіс, мөлдір, түрлі пішіндер мен түстері, өте жағымды. Осылайша, Марблс эстетикалық тартымдылығы осы ойынға заманауи балаларда жаңа, жоғары технологиялы ойыншықтарға қарсы қызығушылық күшейтті. Марблс шарлары бар ойындар-баланың физикалық және ақыл-ойын дамытады. Баланың бүкіл өмірі-ойын. Сондықтан баланы оқыту процессі онсыз өтпейді. Тактильді сезім, ұсақ моторика, ойлау операциялары балалар ойынында дамиды. Қол саусақтарының қозғалысы ОЖЖ қызметін ынталандырады және баланың сөйлеу дамуын тездетеді. Ұсақ моторикаға жауап беретін бас миының қабығы аймағын үнемі ынталандыру - логопедиялық әсер ету жүйесіндегі қажетті элемент. "Марблс" тастарын қолдану-балаларға қызықты оқытудың дәстүрлі емес тәсілдерінің бірі. Ойын барысында бала босайды, эмоциялық күш алады, түрлі дағдыларға үйренеді. Әдемі, дұрыс, сауатты сөйлеу дағдысын ойын жағдайларында қалыптастыру оңай. Балаларда марблс тастарымен ойнай отырып, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, назар, қиял дамиды . Балаларда Марблс шариктерін қолданған кезде сөйлеу байытылады, ойлау және шығармашылық қиял дамиды. Балалар өзіне сенімді және жағымды эмоциялармен бай. Бұл ойындар балалардың сөйлеу белсенділігін арттыруға ықпал етеді және топтық, жеке сабақтарда, сондай-ақ балалардың еркін іс-әрекетінде пайдаланамыз. Марблс ойынын балалар психологтары жас ұрпақ үшін ең пайдалы деп санайды: ол дәлдікті, жылдамдықты және моториканы дамытады, ал әйнек тастарының әдемі реңктері балада сұлулық сезімін оятады. Олармен жұмыс балаларда есте сақтау, ойлау, зейін, қиял дамиды. Саусақтардың қозғалысы орталық жүйке жүйесінің қызметін ынталандырады және баланың сөйлеу дамуын тездетеді.Балалар қошқар мүйіз оюы,түйетабан оюларын ,қазмойын оюларын марблс тастары арқылы фетрдегі оюларға орналастырып жасап шықты.

Төртінші топ :Жасыл түсті тақиядағы балалар:

Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.

Фетрдың бетіне төрт түспен ою бейнеленген,асықты түстерге бөліп оюларларға орналастырады.

Төрт топтың балаларыда өте шапшаң,алғыр.Сабақтың соңында балаларды хоккей ойынын ойнаттық .Мақсаты : Хоккей добы қай санға түседі,балалар сол түстегі тәтті өздеріне алады,ойын қызықты өтті. Қорытынды:

Қазіргі ұрпақтың, ХХІ ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті – экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғап, дамытып, сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Егер ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі !


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі