жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Біз өнерлі ұландармыз" іс-шара бағдарламасы
«Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп - гимназиясы» ММ
«Менің шығармашылық зертханам» аудандық шығармашылық идеялар фестивалі
Мектепішілік сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: «Біз өнерлі ұландармыз!»
Орындаған: аға тәлімгер Сандибекова А.С
2018-2019 жылы
«Біз өнерлі ұландармыз!» атты мектепшілік пародия сайысы
Уақыты: 18.10.2018 жыл
Өтілуі:Акт залы
Ашылуы: Фанфар
Жүргізуші: Урузбаева Назгүл («Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасшысы)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым.Қадірменді ұстаздар және оқушылар.
Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі,
Сіздер үшін осы күн
ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар
сайысады.
Бүгін күн 5-7 сыныптар арасында пародия сайысына арналмақ.
Пародия - белгілі бір шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды сықақайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры.
«Ойын-күлкі – дәрумен» демекші, шынайы күлкі
адамға шаттық, қуаныш сыйлайды. Бүгінде не көп, сатиралық театрлар
көп . Әрқайсысы өзінше халықты күлдіруге тырысады. Сатираның ең бір
кең тараған түрі пародия. Кейінгі кезде адамға, жан-жануарларға,
қару-жараққа, табиғат құбылыстарына пародия салу белең алды.
Әсіресе өнерлі жастардың арасында пародияға бейімділік байқалады.
Пародияның ең кең тараған түрі танымал адамдарға, өнер жұлдыздарына
пародия жасау.
Жүргізуші: Олай болса,өнер байқауы басталмас бұрын әділ-қазыларды
таныстырып өтейік:
-
Дүйсенбаева Эльмира Еркінбайқызы (МДТО)
-
Сандибекова Анар Салимжановна (аға тәлімгер)
-
Омаров Марат Кеншілікұлы (музыка пәнінің мұғалімі)
4. Ражанов Қанат Қонысбайұлы (пән мұғалімі)
5. Бейсембай Жансая Еркінқызы (мектеп психологы)
Бағалау парағы
|
Сахнадағы жүріс- тұрысы, киім киісі |
Айтылу мәнері |
Сахна мәдениеті |
Актерлік шеберлігі (ұқсатуы) |
Тындаушыны өзіне баулуы |
Образға енуі |
Жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай
тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт
оны.
Әнге сенің қанша икемің бар
екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, -
деп бірінші шығатын өнерпаздарымызды қарсы
алыңыздар!
5 «А» сынып оқушылары Тамара Асар мен «Ханзада» тобының орындауындағы «Ханзада мен ханшайым» әнімен қарсы аламыз.
Жүргізуші: Жұлдызы деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал,өнерпаздарға сәттілік тілейікші-дей келе
5 «Ә» сынып оқушылары «Түнгі студия» Нұрлан Қоянбаев пародиясы
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй .
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең мен ше сүй - деп сахнаға келесі өнерпаздарымызды шақырамыз.
6 «А» сынып оқушылары Дос Мұқасан «Той жыры» пародиясы
Жүргізуші:
Бойларында өнердің сан түрімен көрінген , өздері шығармашыл
6 «Ә» сынып оқушыларын 91 тобы «Мұз» әнімен қарсы аламыз.
Жүргізуші: Қолында өнері бардың, аузында өлеңі бар, демекші, сегіз қырлы,бір сырлы келесі 7 «А» сынып оқушылары Ерке Есмахан және Серік Ибрагимов «Жоқ-Жоқ» поппури пародиясымен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Әркімнің өнерге де бар таласы,
Әркімнің де бар және бақталасы.
Қазақ елі өнерге жақын халық,
Құрметтейді өнерді кәрі-жасы - дей келе, ортаға соңғы сайыскерелерімізді шақырамыз.
7 «Ә» сынып оқушылары «Диета» тобын «Шынар-ау» әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Әділ қазыларға сөз кезегін бермес бұрын әсем әнге кезек береміз. 5 сынып оқушысы Маратқызы Ақниет пен 6 сынып оқушысы Жакенова Жанеркенің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
(ән орындалады)
Жүргізуші:Кім өнерлі бұл кеште, үміт
алда,
Қобалжу бар жүректе күдік
барда.
Осыменен сайысымыз аяқталды,
Сөз береміз қазылар алқасына - дей келе, сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
(қазылар алқасы марапаттайды)
Жүргізуші: Көңілді кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген