Біз өсіп жатқан өлке

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз өсіп жатқан өлке

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 2 сыныпқа ұстаздарға өзін - өзі тану пәнінен ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Мектеп: №46 Мерзiмі: 15.03.18 жыл


Сабақ тақырыбы: Біз өсіп жатқан өлке

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: бауырмалдық, татулық, бірлік

Мұғалiм: Бегалықызы Баян

Cынып: 2 «Ә» Оқушылар саны: 17


Сабақ мақсаты:

Еліміздің тарихына ықылас қойып, бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарау қажеттігінің сүйіспеншілік құндылығына негізделетінін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: Еліміздің тарихына құрмет танытып, бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

Дамытушылық: Бауырмалдық, татулық, бірлік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Отанды құрметтей отырып, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуға, қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық ережесімен таныстыру.

  1. Жағымды күйге келу.

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рақмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қарлығаш би» ел аузынан алынған өсиет әңгімені оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Төле бидің елінен, жерінен көшпей отыруына не себеп болды?

  2. Төле би ел – жұртын жаудан қалай қорғап қалды?

  3. Жауды Төле бидің қандай қасиеті кері шегендірді?

  4. Елді, жерді қалай қорғап, көркейтуге болады деп ойлайсыңдар?

Ескертулер:

  1. Дәйексөз.

«Отанды сүю отбасынан басталады» деген мақал бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқиды. Сосын балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыздар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.



  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

"Әңгімелесейік" айдарындағы мәтін – мазмұнының рухани – адамгершілік тереңдігін ашатын сұрақтар мен ұйымдастыра отырып, оқушылардың сабақтың құндылығы мен қасиеттерді дамытуға жағдай туғызады. Оқулықтағы «Бірге оқимыз» айдарында ұсынылған З.Ахметованың «Шуақты күндер» атты Бауыржан Момышұлы туралы естелік – эссесінен үзіндіні аудиожазба арқылы тындайды.

Сұрақтар:

  • Отанды сүю неліктен үй ішіңнен, отбасынан басталады деп ойлайсыңдар?

  • Отанға сүйіспеншілікті қалай білдіруге болады?

  • Мәтіндегі «Өзіңді-өзің жеңбесең жауды да жеңе алмайсың» деген ойды қалай түсінесіңдер?

  • Қандай адам елін-жерін сүйіп, қорғап көркейте алады?

  • Өздерің Отанды қалай қорғап, көркейтесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту»

«Туған жер» бейнежазбаны тамашалаймыз.

Оқушылар өз ойымен бөліседі.



  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

1-тапсырма: «Сиқырлы почта» ойыны

Бірінші оқушы «Менің Отаным ...» деп бір сойлем бастайды. Содан келесі оқушыға жалғастыруын сұрайды. Ойын бірінші оқушыға айналып келгенше жалғасады. Сосын жазғандарын оқиды.

2-тапсырма: Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді оқып, шығармашылықпен айналысады:

  • Отан елдің (анасы)

  • Отан үшін (күрес) – ерге тиген (үлес)

  • Ынтымақ түбі – (береке)


3-тапсырма: «Таңдауымыз – тыныштық пен татулық» тақырыбында әр топқа әр түрлі сурет қиындылары беріледі. Құралған сурет бойынша оқушылар өз білгендерін әңгімелеп береді, сонымен қатар үш тілде айтып береді.

Елтаңба – Герб – Coat of arms

Ту – Флаг – Flag

Отан – Родина - Homeland


  1. Топпен ән айту.

"Көк тудың желбірегені"

Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы

Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан

Көк тудың желбірегені –

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені –

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес, маған керегі –

Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені –

Елдіктің асқақ өлеңі,

Әр жаққа тартпай, қазағым,

Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені

Бақыттың елжірегені,

Қиырда қалған қазақтың

Азат отанға жете алмай

Көзінің мөлдірегені


  1. Үй тапсырмасы.

Кеңес Оразбекұлының «Үзілген гүл» атты әңгімесін оқушыларға үйге оқып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Жайланып отырып, көзімізді жұмайық. Әрқайсысымыз өз қолымызбен жүрігімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналаға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік, жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!

Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар! Ал енді көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
4406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі