Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз осындай баламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Біз осындай баламыз 2 сынып

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер:адамгершілік,сыйластық,сенімділік

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-2 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

-өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

-ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:/құралдар,мәліметтер/

Барысы:1)Ұйымдастыру бөлімі.1.Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгіндеу.3.Ережелерді қайталау:сабақта біз....тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек.

4.Балдарды ұсыну.Сабаққа дайындығын тексеру:оқулық,дәптер,қарындаш,өшіргіш,

ұштағыш.

2)Тыныштық сәті:
-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?







үнтаспа «Өзін-өзі тану елінің» сурет сюжетті суреттер



«Өзін-өзі тану»оқулығы 2 сынып

Дәйексөз.

«Өмірді тану-өзіңді танудан басталады» Халық даналығы

Өзін – өзі тану дегенді қалай түсінесіндер?(балалардың жауаптары тыңдалады)

-«Өзі» деген-мен, яғни ол – Тамерлан, Ернұр,.... «Тану» дегеніміз адам туралы,оны қоршаған айнала мен адамдар, құбылыстар туралы ақпараттарды білу. «Өзін-өзі тану»-өзіңді, өзгені, айналаңды адамгершілік құндылықтар арқылы тану.


Әңгімелесу. -Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

-Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

(балалардың жауаптары тыңдалады)

Жаңа ақпарат:

Оқушылар оқулықтан «өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады» деген жаңа ақпаратты оқиды. Сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, ддостық, бақыт, білім сияқты құндылықтар адам өмірінде ең маңызды рөл атқаратынын ұғынады.

«Өзін-өзі тану»оқулығы

Шығармашылық жұмыс:

Тапсырма бойынша оқушылар суреттегі алмаағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып беремін. Олар әдептілік, білім, қайырымдылық, достық, табиғат, Отан, денсаулық, отбасы, махаббат, бірлік сынды құндылықтар. Осы құндылықтар туралы айтқанда оқушылар сабақта үйренгендерін естеруне түсіріп, нақты мысалдар келтіре отырып айтамын.

Дәптермен жұмыс:

Кіші шеңберлердің ішіндегі әріптердің мейірім, қамқорлық, тазалық, денсаулық, рахмет, кешіріңіз деген сөздерді құрап, торкөздерге жазыңдар.








Дәптер

Топпен ән айту. «Жас дәуірдің түлегіміз»

Сөзін жазған:Е.Өтетілеуов

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев

ә/құрал 2 сынып,12бет

Тыныштық сәті./баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді/Сабаққа қатысқандарына рахмет!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12