400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
«Елбасымыз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айқын басымдық береді. Өйткені, бұқаралық спорт адамзатты салауаттылыққа, бірлікке шақырады. Оның ішінде, жаппай дене шынықтыруға дағдыландыру – қоғамның дені сау азаматтарын қалыптастыруға жағдай жасайды делінген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз».

Мақсаты:  Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, шынығуға үйрету.

Керекті құрал-жабдықтар: доптар, шарлар, скакалка, карандаш,суреттер


Жүргізуші: Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі».

«Елбасымыз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айқын басымдық береді. Өйткені, бұқаралық спорт адамзатты салауаттылыққа, бірлікке шақырады. Оның ішінде, жаппай дене шынықтыруға дағдыландыру – қоғамның дені сау азаматтарын қалыптастыруға жағдай жасайды делінген.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында өткелі отырған көңілді эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер.

Жарысқа қатысушы командаларды ортаға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын.

Жүргізуші: Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Шарттары:

  1. Таныстыру, ұраны

  2. «Мұртты кенгуру» сайысы - оқушылар карандашты мұрнына қысып, жартылай отырып, жүріп кедергілер арасымен жүгіріп қайтады.

  3. «Пингвин» сайысы – допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, қайтар жолда скакалкамен секіріп келу.

  4. «Қаңбақ шар» сайысы – шарды баспен ұрып кедергілер арасымен жүгіріп келу, шарды жарып берілген тапсырманы орындау.

  5. «Шытырман» сайысы - тунел арасымен өтіп, жүгіріп келу.


Жарысқа қатысушы командаларға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:



Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда

Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілейміз.

Жарыс жеңімпаздарын 5 балдық ұпаймен бағаланып отырады .

Әр кезең бойынша ұпай сандары әділқазылар алқасынан сұралып, есептелінеді.


Қорытынды:

Жарысқа қатысушы командаларды дене шынықтыру пәні мұғалімдері дайындаған арнайы дипломдармен марапаттау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.01.2019
1386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі