Материалдар / Біз салауатты өмірді қолдаймыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз салауатты өмірді қолдаймыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың бойына салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларға нашақорлық індетті зардаптарының қаншалықты ауыр екенін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
324
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы Ш.Смаханұлы атындағы 62 Гимназия Дайындаған: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салимханова А.С



Біз салауатты өмірді қолдаймыз! (8 сыныптар арасында дөңгелек үстел)

Мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларға нашақорлық індетті зардаптарының қаншалықты ауыр екенін түсіндіру. Өз ой-пікірлерін ашық бөлісуге, жолдастарының пікірлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Әдістері: топтық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, сұхбат, ой қозғау. Көрнекілігі: нақыл сөздер, «Нашақорлық қоғамның рухани ауруы» атты бейнефильм. Жоспар І. Кіріспе ІІ. Тақырып бойынша топтық жұмыстар. ІІІ. Мектеп инспекторы, медбикемен сұхбат ІV. Бейнефильм көрсету V. Қорытынды. Барысы Кіріспе. Мұғалімнің сөзі. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Елбасы білім, денсаулық сақтау салаына көп көңіл бөліп жатыр. Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі –дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Дені сау ұрпақ – Қазақстанның болашағы. Олай болса кезекті біздің зерттеу жұмыстарын жүргізген топтарға берейік. 1 топ – Дені сау ұрпақ. (оқушылар өздері дайындаған слайдтарды көрсетіп қорғады). Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану , денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу. Ал, зиянды әрекет дегеніміз: қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, нашақорлық маскүнемдік. Жаман әдеттердің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық – оның зардабы: бронхит,өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеп соқтырады. Темекі түтінінде 300-ден астам әртүрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар. Салауаттылық –саулық кепілі, ал саулық байлық негізі. Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі-халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам! 2 топ – Біз нашақорлыққа қарсымыз. (оқушылар өздері дайындаған слайдтарды көрсетіп, қорғады). Нашақорлық біздің еліміздің жүрек ауыртар , ащы шындығына айналды. Ншақор жандар біздің ортамызда жүруі мүмкін. Осындай бір жанның баяндаған әңгімесін тыңдайық. (оқушылар үнтаспаға жазылған әңгімені тыңдайды). «Менің әке-шешем арақты көп ішетін. Екеуі қосылып ішіп біздерді ұмытып кететін. Үйдегі бір жақсыны араққа айырбастап , не сатып жіберіп отырады. Бауырларымыздың жағдайлары мені қатты ойландыратын.Кей кезде үйде тіпті қара нанның да болмай қалатын кездері болады. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгілі, тіпті кейде үйден безіп кеткім келеді. Сөйтіп, жүріп мен жаңа достармен таныстым. Олар маған ақша беріп қамқорлық жасады. Күнде кешкілік ермегіміз анаша шегіп, ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болды. Достарым менен анаша тартуымды талап етті, қарызға әбден баттым. Енді мен қарызды қайтару үшін ұрлық жасауға кірістім. Сөйтіп, қылмыс үстінде қолға түсіп, қазір өз жазамды өтеудемін. Енді бостандыққа шықсам, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп, бауырларымды асырағым келеді». – Енді ойланып көріңдерші, кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не? (оқушылар өз ойларын айтты). ІІІ. Мектеп инспекторы С.Көшкінбаев мен медбике Смайл А сұхбат. 1 оқушы. Есірткі –ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткінің қандай түрлері бар? - Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Көкнәр, зығыр т.б құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, морфин, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады. 2 оқушы. Жасөспірімдердің осы жолға түсіп тығырыққа тірелуінің себебі неде? -Қатыгез әлемде пана іздеген бала ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына оп-оңай-ақ түседі. Бала іш-бауырына еніп жылы сөйлейтін жылпостарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Жеткіншектер үнемі әр нәрсеге, әркімге еліктегіш. Еліктеудің де жөні бар, қазақ «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп бекер айтпаған. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Нашақорлар бір мезеттік рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нышаны өз еркімен тастап кетуі мұң. Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық! ІV. «Нашақорлық қоғамның рухани ауруы» атты бейнефильм көрсетілді. Қорытынды. Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама. Мұғалім. Есірткі – адамның қас жауы. Осы әсерлі затты адамдар ортақ шприц арқылы пайдаланып, нәтижесінде қаһарлы ауруға ұшырайды. Мұны пайдаланған адам арықтап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесіне әсер етіп, өз әрекетіне жауап бере алмай қылмысқа барады. Жаман әдеттердің бірі болып табылатын есірткіні қолдана отырып адам денсаулығына ғана емес, рухани жан дүниесіне ден нұқсан келтіріп , хайуандарша ғұмыр кешіп, аShape8 Shape6 Shape2 Shape7 Shape5 Shape4 Shape3 Shape1

Жүйке жүйесіне әсер етеді

Есте сақтау қабілетін бұзады

Көздің көруін нашарлатады

Адам өмірін қысқартады

Ақыл-ой жүйесі бұзылады

Есірткінің адамға тигізетін зияны

қыл-ой жүйесі бұзылады.































1топ. Денсаулық- сен үшін үлкен байлық, Бағыңды кетірме, достым. Есіңді кетіретін есірткіге Бұл өмірде ешбір жол жоқ. Қазақ жері – бұл Қазақстан, Жаса, мәңгі гүл Қазақстан! 2топ. Салауатты өмір салтын қолдайық, Болашаққа жақсы қадам басайық. «Өмірдегі басты байлық» дейтұғын Бірінші байлық денсаулықты сақтайық. Кенбай орта мектебінің жастары Бүгін міне тамаша іс бастады. Салауатты өмір салтын қолдаймыз, Өмір есірткісіз де қызыққа толы. Өнер мен спортты жаныңа серік етіп болашаққа нық қадам бас. Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама, жеткіншек! Осымен «Біз салауатты өмірді қолдаймыз!» атты конференциямызды жабық деп жариялаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!