Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Біз сөйлем құрай аламыз
Мақсаты: сөйлем құрауды үйретуді жалғастыру.
Міндеттері: 1. Сөйлем құрау, дыбыстық талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру.
2. Сөзді буынға бөле алу дағдыларын бекіту.
3. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, табиғатты сүюге, қорғауға
тəрбиелеу.
Күтілетін нəтиже:
Жасайды: сөйлем құрайды, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Түсінеді: сөйлемдегі сөздердің белгілі бір ретпен тұратынын.
Қолданады: дыбыстарды ажыратады, буынға бөледі.
Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 2 жұмыс дəптері, мазмұнды көркем
суреттер.
Билингвалды компонент: қыс – зима, көктем – весна, жаз – лето, күз – осень.
ҰОҚ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
«Артығын тап» ойынын ойнату.
1. Қыс, көктем, жаз, күз , үз. (үз)
2. Жел, жаңбыр, қар, боран, қуыршақ, бұршақ. (қуыршақ)
3. Шаңғы, коньки, шана, ана. (ана)
4. Əке, ана, ата, əже, аға, таға. (таға)
5. Таңқурай, құлпынай, бүлдірген, күлдірген. (күлдірген)
2. Негізгі бөлім
«Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.
1) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2) Дауысты дыбыстардың жасалу жолы қандай?
3) Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді жəне қалай аталады?
4) Буында неше дауысты дыбыс болады?
5) Сөйлем деген не?
6) Сөйлем неден тұрады?
7) Сөйлем сызбасын қалай белгілейміз?
Дидактикалық ойын-жаттығу: «Жалауша»
Педагог дыбыстар айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер
дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді.
Дидактикалық жаттығуы: «Сөзді аяқта»
– Мен сендерге сөздің ең соңғы буынын айтпай аяқталмаған сөздер айтамын сендер
соңғы буынды қосып сөзді аяқтап қайтадан айтасыңдар.
Мысалы: аққа...ла, ба..ла, ба..нан, бан..тик, асқа..бақ, сə..біз, домбы..ра, қам..шы,
балмұз..дақ, аялда..ма, дəріха..на, емха..на, балабақ..ша, бағдар..шам, қалам...сап, қыза..нақ,
бұл..ақ, көзілді..рік, тоңазт..қыш, тер..ек, ша..тыр, ал..қа, апель..син, ау..ыл, ас...пан,
қарын..дас, кер...ует, қа..зан, шаныш...қы, ба..лық, қал..қан, қаң..бақ, қа..мыр, шал..бар, кі..лем,
жү..рек, жүге..рі, жұл..дыз.
Əр дұрыс айтылған сөзге педагог жұлдызша беріп отырады. Ойын соңында жұлдызша
саналып, жеңімпаз анықталады.
– Балалар, мен сендерге А.Меңжанова апайларымыздың «Бұл қай мезгіл?» өлеңін оқып
беремін. Сендер мұқият тыңдап, қай мезгіл туралы айтылғанын табуларың керек.
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар өлең қай жыл мезгілі туралы айтылғанын табады.
Дəптермен жұмыс
1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір жылдың қай мезгілі? Күз, қыс, көктем, жаз сөздерін
қатыстырып, сөйлем құра. Сызбасын сыз.
2. Суреттерді ата. Буынға бөл.
3. Дыбыстық талдау жаса.
Педагог тақтаға «жаз» сөзінің дыбыстық сызбасын іліп, балаларға өз орындарында
дыбыстық талдау жасауға тапсырма береді. Балалар орындарында орындайды. Педагог
тақтаға балалардың жұмысын тексеру үшін, бір баланы шығарады. Балалар тақтадағы
дыбыстық талдау мен өз дыбыстық талдауларын тексереді.
Жаз сөзінің дыбыстық талдауы.
Жаз – 1 буын, 3 дыбыс.
Ж – ұяң дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.
А – жуан дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз
З – ұяң дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.
Жаз сөзінде бір дауысты дыбыс, екі дауыссыз дыбыс бар.
Педагог тақтаға «күз» сөзінің дыбыстық сызбасын іледі.
Күз сөзінің дыбыстық талдауы.
Күз – 1 буын, 3 дыбыс бар.
К – қатаң дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.
Ү – жіңішке дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.

Күз сөзінде бір дауысты дыбыс, екі дауыссыз дыбыс бар.

Сергіту сəті
Бұғы
Айқастырып қос қолды,
Бұғы мүйіз жасаймыз.
Оңға қарап, солға қарап,
Азық іздей бастаймыз.
Тастай мықты мүйізі бар,
Біз бұғымыз қараңыз.
Қар астынан мүйізбен
Азық іздеп табамыз.
Кəне, кəне, қарайық,
Азық іздеп табайық.
Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс)
4. Штрихта.
5. Жалғастыр.
Педагог графикалық жұмысты бастамас бұрын үстелде отыру ережесін естеріне түсіріп
қайталайды. Дұрыс отырмаудың денсаулыққа, адам сымбатына зиян екенін айтып өтеді.
Қарындашты қолдарына алып, алдымен ауада жаздырады.
Саусақ жаттығуы
Саусақтар шықты қыдырып,
Балетке келді жүгіріп.
Залдың шамы сөнеді,
Бишілер билеп береді.
Балет қандай тамаш!
Қол соғайық таласа.
3. Рефлексия.
Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға жетістікке жету үшін
еңбектену керектігін айтады.
Оқу қызметінің қызықты өткенін жəне ұнағандығын сұрап білу.
– Тапсырмаларды орындау барысында қиналған сəттерің болды ма? Қай тапсырмада?
– Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл жəне қызық болса, көңілді
смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда қиналсаңдар жəне қызықсыз болса, көңілсіз
смайлды бояңдар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Біз сөйлем құрай аламыз.

шағым қалдыра аласыз